400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ КЕҢЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ас-ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат-жұрағатымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі:Көпбергенова Елікай Сейілханқызы

Шығармашылық жұмыс.0 «К» сынып 

Тақырыбы: Қарапайым Математика сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамыту. 
Қ
азіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі -мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырыпбілім сапасын арттыру, сондай ақ рухани жан дүниесі бай, жан жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу -осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмысістейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Бүгінгі  таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін  негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы  айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік  оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді.«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

 « Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талап сыйлайды » деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзешген сияқты. Еліне қорған, ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет ақ. Міне, бұл биік оқушының шығармашылығы арқылы келетін іс.ендеше оқушыларды шығамашылыққа баулуды алғаш мектепке келген сәттен бастап ақ қолға алу керек.

Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең.  Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.  Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін  қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді.  Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады. И. Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті,  құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады.

Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздінше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волновтың айтқан пікірі өте құнды. Ол балалардың әр саладағы қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші сыныптан бастап балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес, өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.

Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады.


Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез құлқымен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата - анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан. 

Бастауыш сыныптарда ойынды оқу - тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданып келеді. Ұлттық ойындардың бір ерекшелігі сонда, оларды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Математика сабағында ұлттық салт - дәстүр, мазмұнды есеп ойындарды пайдалану 
оқушылардың тапқырлығын, ой - өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт - дәстүрін, ата - мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады. 

Сондай есептердің біреуі «Асық саны» ойыны
мектеп алды даярлық тобында қосу және азайту амалдарын өткеннен кейін пайдаланады. Ойынға топтағы балалар түгел қатысты. Ойынның мазмұны былай болды. 

- Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатады. Үшеуімізде де он - оннан асық бар еді. Енді кімде қанша асық қалды?- деп сұрайды бірінші бала 

- Онша көп ұтқыза қоймаппын сегіз асығым қалыпты дейді екіншісі 

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен дейді асықтарын түгелдеп қалтасына салған үшінші бала 

- Ең көп ұтылған мен болдым дейді бірінші бала. Ойыннан кейін бірінші және үшінші балада қанша асық қалды? 

1 - ші балада 4, 2 - балада 8 асық, 3 - ші балада 18 асық. 

Сонымен қатар «Қыз қуу», «Теңге алу», «Айгөлек» сияқты есептер құрастырумен қатар оқушыларға ол ойындардың ережелерін, мазмұнын және мақсаттарын таныстыру арқылы көптеген мағлұматтар беріп отырамын. 

Сондайақ қазақтың аңшылық өнеріне байланысты «Қу түлкі» ойын есебін құрастырдық. 

Ойынның ерекшелігі балалардың шаршағанын сейілтіп, 
зейінін арттырып, қазақтың аңшылық өнерінен мағлұмат береді. Әрі ертегі мазмұнын сурет арқылы танысып, тез есептеуге және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады. 

Есеп: "Қу түлкі" 

Шал балықты көп етіп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады. Қуанғанынан шал кемпіріме жаға болады деп, түлкіні 
шанаға салып, жүріп кетеді. 

Жолда түлкі 1 минутта бір балықты тағы сол сияқты. Әр лақтырғанда алдыңғы лақтырғанынан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта ол барлық балықты лақтырады. Сонда түлкі барлығы неше балық лақтырған? 

Жауабы: 1+2+4+8+16+32+64=127 

2)Түлкі мен қасқыр ертегісі бойынша: 

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады:Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл- дейді түлкіге. Түлкі Саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с деп ең соңында өзіне 20 - шы балықты салады Кім көп алды және қанша артық алды? 

Жауабы: Түлкі 10 
балық артық алды 

Қ: 1 3 5 7 9 11 13 15 17 19 

Т: 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 

Соңғы жылдарда бастауыш сынып оқушыларын математиканы тереңдетіп, дамыта оқыту мақсатымен бізге қосымша қызықты математика пәні қосылған еді. Сондықтан бұл пәнге деген қызығушылығын арттыру, жалықтырмау мақсатында көптеген сөзжұмбақтар, 
ребустар, сиқырлы шаршылар, ойын есептер, математикалық жұмбақтар, өлеңдер, қызықты тапсырмалармен қатар, программалық материалдан тыс күрделі қиын тапсырмалар да беріледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелеу - әр сабақтағы мақсатымның бірі. Бұл орайда мұғалімге көрнекіліктер көп септігін тигізеді. Сондықтан бұл сабаққа деген ынтасын төмендетпеу үшін көптеген ойын элементтерімен, аукцион, жарыс, сабақтардың пайдасы зор ғой деп ойлаймын. Қазір осы пән бойынша бір сабақтан өткізілген аукцион сабағымның жүрісіне тоқталмақпын. 

Тақырыбы: Суретке қарап есеп құрастыру. Сөзжұмбақ, ребустар шешу. 

Мақсаты: 

1) 
Сурет бойынша есеп құрастыру, Бір амалмен шығарылатын есептер, кері есептер құрастыру. Бағдарлама материалдарының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсу 

2) Оқушылардың зейінін ойлау, зерде процестерін дамыту қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. 

3) 
Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу. 

Көрнектілігі: 1Есеп құрастыруға берілген суреттер. Сиқырлы шаршылар, сөзжұмбақтар, ребустар. 

2)Алма теру ойынына қажетті құралдар. 

Гүл сыйлау ойынына қажетті құрал жабдықтар. (гүл күлтешелері) 

3) Сатылатын заттар. Зырылдауық. 

4) Тест сұрақтары. 

Сабақтың түрі: Аукцион сабақ. 

1 - Ұйымдастыру бөлімі. 

2 - Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырыпты еске түсіру. 

а) Өтілген тақырып. Е
кі таңбалы сандарды баған түрінде қосып азайту 

ә) Сиқырлы шаршыны толтырып келу. 

3 - Жаңа сабақ бойынша: 

Бүгінгі сабақ аукцион сабақ түрінде 
өтетінін айтып, аукционның тәртібі түсіндіріледі. 

1. Суретке қарап есеп құрастыру 

Қуыршақ - 9тг 

Аю -? 5тг арзан Барлығы -? 

9
+(9 - 5)=13 

Жауабы: Қуыршақ пен аю 13тг 

(Демонстрациялық үстелдің басын да мұғалім зырылдауықты айналдырғанда оның тілі қай затқа түссе, сол зат сатылмақ). 

2тапсырма. Есепті бір амалмен шығатын етіп өзгерту керек. 

Қуыршақ - 9тг 

Аю -? 5тг арзан 

9 - 6=3

Жауабы: аю 3тг 

4 - Ребус шешу.(Қалам сатылады) 

1. Кесе тиін ді - кесінді 

2. Т100 у - түзу 

3. С қырық сызғыш - сынық сызық 

V - Сурет бойынша: «Кері есеп құрастыруға» 

Тауық – 9кг 

Үйрек –? 2кг жеңіл 

9 - 2=7 

Кері есеп: 

1. Тауық -? 2кг ауыр 

Үйрек - 7кг 

Жауабы: тауық 9(кг.) 

2. Тауық - 9кг? ауыр 

Үйрек - 7кг? жеңіл 

9 - 7=2 

Жауабы: тауық 2кг ауыр, үйрек 2кг жеңіл. 
Сергіту сәті. Жарнама. 

(Екі үлкен 
әдемі ойыншық сатылады, білімдеріңізбен сатып алу керек.) (карточкалар.) 

«Гүл сыйлау» ойыны 

(Гүлдер сатылады). 

Дүниетану сабағымен байланыстыру «өсімдіктер» тақырыбы еске түсіріледі. 

Өсімдік мүшелерін атау. Тапсырма:
Екі таңбалы сандарды баған түрінде қосып азайтып, берілген мысалды шығару, нәтижені оқып білу. 

XI - Сөзжұмбақ шешу. 

(Зырылдауықты айналдыру.) 

Көлденеңінен: 

1. Қосудың нәтижесі 

2. Екі таңбалы сан. 

Тігінен: 

1. Бір таңбалы сан. 

2. 81 - 81 

3. Белгісіз сан әріппен белгіленетін теңдік. 

XII - Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау. 

XIII - Тапсырма. Ребус шешу. 

Бастауыш сынып оқушылары тез шаршағыш, 
өте сезімтал, нәзік, еркеліктері де мол болып келеді. Олар мұғалімнің жылы жүзді, жайдары мінезді болғанын қалайды. Сондықтан әрбір сабақты неғұрлым түрлендіріп, көрнекілікті ретімен пайдаланып өткізу жаңа тақырыпты тез қабылдатып, оны естеріне берік сақтауға әсер етеді. Өйткені көрнекілік қолданылғанда оқушылардың көру сезімі іске қосылады. Сондықтан өз басым әр сабақты түрлендіріп өткізуге мейлінше көбірек көңіл бөлемін. Әсіресе оқушылардың тез есептеп, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында мынадай «Математикалық өлеңдер, жұмбақтарды» үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы: 

Қанша қауын? 

Самат қаппен арқалап, 

Бес қауыннан тасыды. 

Қабы болмай, 
ал Талап 

Қос қауыннан тасыды. 

Он реттен сабылып 

Екеуі әбден шаршады 

Тасып алған қауынның 

Қанша болды бар саны? 

(Бәрі 70). 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі