400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төрт түліктің кеңесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Төрт түлік жайлы білгендерін еске түсіру. Төрт түліктің кеңесі жайында мағлумат алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

Сынып

20.10.2015ж

2 «И»

Деңгейі

Бастауыш

Тақырып

Төрт түліктің кеңесі



Сабақтың мақсаты

Төрт түлік жайлы білгендерін еске түсіру. Төрт түліктің кеңесі жайында мағлумат алу.

Міндеті

Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін атау. Өлеңді рөлге бөліп оқуға дағдылану. Сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін біледі. Өлеңді рөлге бөліп оқып, әңгімелей алады. Төрт түліктің кеңесі жайында мағлумат алады.



Эпизод

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5-10 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру

-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият болайық.

Үй тапсырмасын сұрау

– Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?

– Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?

– Шудасы туралы ше?

– Түйе қандай шөпті жақсы көреді?

– Түйенің пайдасы қандай?

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену.ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек ,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық.

Топқа бөліну «Жылқы, түйе, қой, сиыр.»


«Түйе» өлеңін жатқа айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Бота, шұбат.

Маң-маң басқан, маң басқан


Шудалаы шаң басқан

Тікен, ащы қурай.


Шөл далада көлік, еті тамақ, сүті сусын, әрі тамақ.



Жұлдызшалар

Төрт түліктің суреті

Ортасы

5-7мин

Жаңа сабаққа кіріспе, әңгімелеу


Жұмбақ жасырып, жауабын табады.

1. Өзі үлкен жануар,

Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)

2. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

3 Өзі жуас, өзі момын,

Бір шешпейді тонын. (Қой)

4. Тастан-тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (Лақ)

5. Туа сап жүріп кеткен

Енесін қуып кеткен. (Құлын)

6. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)

7. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар

Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)

8. Екеу елеңдеп келеді,

Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы).

Төрт түліктің пайдасы жайында әңгімелейді.

Жұлдызшалар

Ноутбук


15-20мин

Жаңа сабақты түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап





Тапсырма: Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану

Кейіпкерлерді бөлісіп, өлеңді сомдайды.

Қой, Сиыр, Жылқы, Түйе –төртеуі бір күні жиылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» деген сөзді айтысады-мыс.

Мәтіндегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптерге теріп жаз.

Топтық тапсырмада төрт түлік малының төлі қалай аталады, малды қалай шақырады? деген тапсырма берілді, конвертте берілген сөздерді желім арқылы қатесіз төрт түлік малының суреттерінің қасына жабыстыру керек.

Жұлдызшалар

Оқулық

Кесте

5-7мин

Сабақты қорытындылау, бекіту





Үй тапсырмасы

Мақал – мәтелді жалғастырыңыз.

Нар жолында ………… қалмас.

Бақырауық демесең, Бағалы …….. түйе ғой.

Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үйі – сырдаң.

Сиырдың сүті – тілінде.

Төрт түлік туралы тыйым сөздер жазып келу.

Жұлдызшалар

Мазмұнды суреттер

Соңы

3-5мин

Бағалау, кері байланыс


смайликтер

Стикер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі