Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төрт түліктің пайдасы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген мәтінді түсінеді,ақпараттың өзектілігін анықтайды.Берілген сөйлемнен топтау сан есімдерді жазбаша,ауызша қолданады.Мәтінді тыңдай отырып, негізгі ойды түсінеді, мазмұндай алады,сыныптастарымен сұраққа жауап беріп, сан есімдерді табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақтілі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Төрт түлік мал мен егіншілік-елдің берекесіМектеп:

Күні: 20.04.18Мұғалімнің аты-жөні: Пусирманова Г.Е.

Сынып: 7-сыныпҚатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:


Төрт түліктің пайдасы

Осы сабақтақол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме)

7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

7.ТБ1.3.Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар:Берілген мәтінді түсінеді,ақпараттың өзектілігін анықтайды.Берілген сөйлемнен топтау сан есімдерді жазбаша,ауызша

қолданады.

Оқушылардың көбісі:Мәтінді тыңдай отырып, негізгі ойды түсінеді, мазмұндай алады,сыныптастарымен сұраққа жауап беріп, сан есімдерді табады.

Кейбір оқушылар:Қосымша мәліметтер арқылы тақырыпқа қатысты ойды дамытады.Өз ойларын еркін қолданып, топтау сан есімді қатыстырып шағын әңгіме жаза алады.


Ойлаудеңгейлері

Түсіну,қолдану.

Бағалаукритерийі

1.Тыңдалған мәтінніңнегізгімазмұнынтүсінеді.

2.Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтай алады.

3.Топтау сан есімдерін ажыратады.

4.Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады.


Тілдікмақсат

Пәнгеқатыстысөздікқор мен терминдер:

Шұбат, мүйіз,сиырдың тезегі,қазы-қарта,жал жая

Сан есім,топтау сан есім

Диалогтер мен жазуүшінқолданылатынтіркестер:

-Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?

-Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

-Төрт түліктің төлдерін ата.

-Төрт түліктен қандай өнімдер алынады?

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

1.Төрт түліктің пірлерін ата.

2.Сенің ойыңша қымыз шұбат не себепті қасиетті деп аталады?

3.Ешкі сүтінің ерекшелігі неде?

4.Жылқы малын неліктен құрметтеген?

Ым-ишара:құптау, таңдану

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел»идеясы: 5-құндылығы: Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық ,өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану, бейнелеу .Жаратылыс пәнінен де төрт түліктің дене мүшелері туралы мәлімет алады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Жылқы - ер қанаты»

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар

АКТ


Сабақтың басы





10мин.





Топқа бөлу.

Жайлаудың суретін салып қоямынсоған төрт түліктің суретін жапсырамын.Оқушылар қалаған түлікті таңдап, топқа бөлінеді. Партаның үстіне төрт түліктің суретін жапсырып қоямын.

Picture 5



  • Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?

  • Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

  • Төрт түлектің пайдасын ата?

  • Төрт түлік бізге не береді?


Алдыңғытапсырмамызбалаларқандайеді ?

Жылқытуралысендергетаныс па?


Бүгінгіжаңасабақтыңтақырыбы:Төрттүліктіңпайдасы (сабақ мақсатымен таныстыру)


Сөздікпен жұмыс:

Жамылғыкөрпелер–покрывало, одеяло;

балқаймақ – сливки, сметана

иленгентері- шкура, кожа

сан есім-имя числительное

топтау сан есім-группирующие числительные




Сабақтың ортасы




20мин.


Саралау тапсырмалары:

ТЖ .

«Қоржын» әдісі

  1. тапсырма.

Оқулықта берілген мәтінді төрт топқа бөліп беріледі.

(Қоржынның ішіне төрт түрлі асық саламыз.Осы түстерге сәйкес қима қағаздарға тапсырма жазылады.)





1-топ . «Зеңгі баба» Мәтін бойынша түсінгенін айтады.

2-топ.«Шопан ата» Мәтін ішіндегі тірек сөздерді теріп жазып ішінен сан есімді табады.

3-топ. « Қамбар ата »Осы түліктің сүті туралы сипаттама бер.

4-топ.«Ойсыл қара» Түйе қандай жануар?


Дескриптор:

Мәтін бойынша түсінгенін айтады.

Тірек сөздерді жазып сан есімді табады.

Сурет бойынша мәлімет береді.

Түйе жануары туралы ақпарат береді.

Қ.Б. « Екі жұлдыз бір тілек » әдісі.

2- тапсырма. «Іздену» әдісі. ӨЖ

(Интернет желісін пайдалану)

Төрт түліктің пірлерін және төрт түлікті шақыру тәсілдерін тауып жазады.

Дескриптор:

-Өз беттерімен төрт түліктің пірлерін және шақыру тәсілдерін табады.

Қ.Б. «Бас бармақ» әдісі


Ширату жаттығуы: «Ханталапай»


3-тапсырма.«Ойлан тап » әдісі ЖЖ

1.Мақалдағы сан есімдерді тауып,топтау сан есімдеріне айналдырып жаз.

Қой егіз туса, бір түп жусан артық өсер.

Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
2.Топтау сан есімді тап.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Қой анасы оннан, жылқасы анасы бестен.

Дескриптор:

-Мақалдағы сан есімдерді тауып,топтау сан есімдеріне айналдырды.

Қ.Б. «Бас бармақ»


4-тапсырма.«Жайлаудан келген хат» әдісі

Жазғы демалыста бауырыңмен бірге жайлаудағы/ауылдағы ата-әжеңе қыдырып бардыңыз. Ол жерде қызықты оқиғалар болды. Төмендегі суреттерді қатыстырып әңгіме құрастырыңыз. Ауызша мәтіндерде топтау сан есімін дұрыс қолданып айтыңыз.





Дескриптор:

-Төрт түліктердің пайдасы туралы топтау сан есімдерін қатыстырып әңгіме айта алады.

Қ.Б.« Екі жұлдыз бір тілек » әдісі.



Қазақ тілі мен әдебиеті «Бәйшешек»

оқулығы 7-сынып

Көкжиек Горизонт

2017ж

Ф.Ш. Оразбаева,

Ж.Т.Дәулетбекова,

А.Қ. Рауандина,

Р.С.Рахметова ,

Қ.С.Жайлаубаева





Қоржын, асық,қима қағаз




















































Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/1448-san.html
© www.ZHARAR.com

Соңы


Кері байланыс


10мин.


Сабақта түсінгі төмен болған жағдайда кейбір балалар

түсіндіреді.



Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?



Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау


Мәтінді тыңдай отырып, негізгі ойды түсінеді, мазмұндай алады,сыныптастар сұраққа жауап береді.

Қосымша мәліметтер арқылы тақырыпқа қатысты ойды дамытады.Өз ойларын еркін қолданып, шағын әңгіме жаза алады.

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтай алады.

Топтау сан есімдерін ажыратады.

Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады.



«Қоржын» әдісі



«Іздену» әдісі.



«Ойлан тап » әдісі


«Жайлаудан келген хат» әдісі

Кампьютер құрылғыларын пайдаланғанда

қауіпсіздік шараларын сақтаймын,бел-

сенді тақта уақытында өшіріледі,оқушы-

лардың ақпараттық құрылғыларды пайдалануын уақытпен шектеймін.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстысолжақтакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12