жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Төрт түліктің төресі- Түйе
ПІКІР
Зерттеу жұмысының барысында жас зерттеуші Бекбол Ақниет төрт түліктің төресі түйені зерттеді. Ол тек түйе жануарының пайдасын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар оның адам өміріне өте қажет жануар екенін, жесе тамақ, мінсе көлік, сүті өте пайдалы екенін білді.
Түйе сүтінен жасалған шұбаттың өкпе ауруына шипалы екенін, түйенің жүні әрі киім, әрі жамылғы екенін білді.Терісінен тон, етік, сусын құятын торсық, белдік т.б жасайтынын білді.
Шығармашылық жұмысын зерттеу барысында шығармашылық қабілеттері дамып, логикалық ойлауы, ой-өрісі кеңейді.Жас зерттеуші дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындығын көрсетті. Зерттеу барысында түрлі материалдарды қолданды.
Жас зерттеуші Бекбол Ақниет ізденімпаздық жолында қанаты талмай, жоғары самғап белгілі бір дәрежеге жетуіне тілек білдіремін.
Жетекшісі: Абдирова Гульназ Анарбайқызы
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының төрт түлігінің бірі санаған түйенің қасиетті мал екенін, қасиетті мал деп санауының себебін білдіру. Түйе малы мінсең көлік, ішсең сусын, жесең тамақ, ауруыңа шипа, кисең киім, тұрмыстағы керекті заттар. Әр бір зерттеулер арқылы баланың ой толғанысын арттыру, білімге құштарлығын ояту.
Зерттеудің болжамы: Түйені зерттей отырып оқушының қызығушылығы оянады, белсенділігі артады. Тақырыпқа байланысты түйе өнімдері мен, әдебиетпен ұштастыра отырып, түйенің өнімділігі жайында бизнес жоспар құруға дағдыланды.
Зерттеудің кезеңдері: 2015 жылдың қыркүйек айында тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді. Жинақталған материалдар мен жұмыс бағыты-бағдары айқындалып, жоспар құрылды.
Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу және жинақтау.
Зерттеудің жаңалығы: Түйе жануарының болмысы жайында түрлі болжамдар қарастырылып, жан-жақты зерттелді.
Зерттеудің нәтижесі: Шұбатының емдік қасиетін адам ағзасына пайдалы нәруыздарын анықтап кестеге толтырылды.
Қорытынды: Еліміздің мал шаруашылығына аса көп мән беріліп, түйе сүтінің, жүні және етіне мемлекеттік қолдау көрсетіліп, халықаралық үлгіде экспортталып аса зор орын алса біздің мықты тұсымыз жаңа табыс көзіне айналары анық.
Жоспар
І.
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
Түйенің
шығу тарихы
Түйенің түрлері
Түйенің
өнімдері
ІІІ.
Зерттеу бөлімі
Әдебиетпен
ұштастырылуы
ІҮ.
Зерттеудің жаңалығы
Ү. Ұсыныс
ҮІ.
Қорытынды
ҮІІ. Пайдаланылған әдебиет
І. Кіріспе
Түйенің шығу тарихы
Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар (сірітабанды) отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік Американың таулы аймақтарында таралған түйетек (гуанако) және түйебас та (викунья) осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген қол тұқымдары тау тайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады.
Түйенің дене тұрқы ірі .Оның салмағы 450-550кг, мойны иір және ұзын. Денесінің бір жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етугебейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі-жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка. Айыр өркешті жабайы түйе Манғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара» кей жерде «қаусыл - қазы» деп атайды.
ІІ. Негізгі бөлім
Түйенің түрлері
Түйенің сырт бейнесіне қарай екі топқа бөлінген. Олар айыр өркешті (дромедар) және сыңар өркешті (бактриан), жас шамасына карай бірнеше топқа бөлінеді. Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындарының «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «інген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілд «бактриан» деп аталады.Оның денесі ірі,салмағы 450-550килоға дейін жетеді.Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Мамандардың пікірі бойыша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.
Түйе өнімдері
Түйе адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Соның ішінде түйе сүті көптеп қолданылады. Түйе сүтінің пайдасы оның құрамындағы нәруіздарда. Түйе сүтінің ерекшелігі май, белок, минералдық заттары және басқа құрамдық элементерінің мөлшері көп болып келеді; оның үстіне аса нәрлі. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, құрт, балқаймақ дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінен 85%таза, өте бағалы түбіт.Түйе сүтіндегі белоктың құрамы.
Түйе түрі |
Белок % |
Казеин% |
Альбумин% |
Глобулин% |
Бактриан |
4,45 |
3,22 |
0,71 |
0,46 |
Дромедар |
3,6 |
2,8 |
|
|
Қоспақ |
3,7 |
2,8 |
0,87 |
0,9 |
Түйе сүті белоктарының сапалық құрамының бие мен сиыр сүті белоктарының сапалық құрамының елеулі айырмашылықтары бар.
Төрт түліктің сүтіндегі белоктың құрамы
Жануар түрі |
Белок% |
Казеин% |
Альбулин,глобулин% |
Түйе |
4,45 |
3,22 |
1,23 |
Сиыр |
3,4 |
2,7 |
0,7 |
Бие |
2,2 |
1,25 |
0,95 |
Шұбат асқазан, ішек, өкпе, рак ауруларына бірден-бір ем. Шұбат адамның денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499-528 ккал болса шұбатта 789-991ккал болады. Шұбат құрамында май, әртүрлі витаминдер мен тұздар көп болады.
|
Түйенің сүті |
шұбат |
Қышқылдық |
18% |
28% |
Майлылық |
4,3% |
4,3% |
Лактоза |
2,75% |
1,32% |
Құрғақ заты, майдың басқасы |
8,2% |
6,6% |
Минерады заттар |
0,86% |
0,75% |
Этил спирті |
|
1,1% |
Аскорбин қышқылы |
5,6% |
4,8% |
Шудасы
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң,буйрек ауруларына радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалынады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
ІV. Әдебиетпен ұштасуы
• Жылқы
- малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы.
•
Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
•
Бір түйенің екі өркеші, бір кетсе -
күші жоқ,
Бір биенің
екі емшегі, бірі кетсе - сүті жоқ.
•
Түйе қашып, жүктен кете алмас.
•
Түйе көп болса, жүк сыймайды.
Аңыз
әңгімелер
Түйе-тау - Табиғат-Ананың асқан шеберлігінің нәтежиесінде пайда болған мүсін. Тіпті, кейбір саяхатшылар тауды - «табиғат кешенінің нышаны» деп атап жатады.
Ресейдегі Орынбор жерінде орналасқан осы ерекше тау туралы ел аузында бірнеше аңыздар бар.
Ерте ерте ертеде, есте жоқ ескі замандарда бір алып түйе Орал жоталарымен күш сынаспақ болып, сапарға аттанады. Табиғатты жеңген тіршілік иесі бар дейсіз бе? Түйе де табиғатқа төтеп бере алмай, қырдың ең биік жерлерінің біріне келгенде тас болып қатып қалғанекен. Сол уақыттан бері бірнеше ғасыр өтсе де, түйе әлі өз орнында жатыр...
Келесі бір әдемі аңыз былай деп сыр шертеді бір кездері дәл осы жерлермен атақты сауда керуені жүріп өтетін болыпты. Бұл керуендегі адамдар шаруаға жайлы жер іздеп жүрген көрінеді. Тура шөл далаға келгенде олардың сулары мен тамақтары таусылып, барлық адамдар мен түйелер қырылып қалады. Тек қана бір түйе ғана аман қалып, жол жүруін жалғастыра береді. Ұзақ жол жүріп, бір қырдың басына аялдағанда өліп кетеді. Сол түйе бүгінде тауға айналған...
Қорытынды
Біз осы жобаны қорыта келе зерттеудегі мақсатымыз түйенің қандай түрлері кездеседі, оның қандай пайдалы қасиеттері бар. Осы мақсатта жұмыс жасадық. Зерттеу барысында түйе сүтінің, шұбатының емдік қасиеттерін зерттеп оның құрамындағы адам ағзасына пайдалы нәруыздарды анықтап кестеге толтырдық.
Түйе шаруашылығы, түйе өсіру – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Еліміздің азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылады
Ұсыныс:
Өлкемізде
түйе шаруашылығын дамыту;
Арнайы
жайылым
Фермалар ашу
Сауыншылар
Сүт,
шұбат өндіретін зауыттар;
Мал
дәрігерінің санын арттыру
Мал азығына
қаржылай көмек.
V. Пайдаланған әдебиеттер
1.
Сейілханұлы Қ. «Өскен Орда», «Зерде»,
2003.
2. «Маңғыстау энциклопедиясы»,
«Атамұра», 1997.
3. «101-жұмбақ», «Атамұра»,
1998.
4. «Жануарлар әлемі», «Мектеп»,
2008.
5. www.google.kz
6. www.aktau--bicnes.com
7.
линей К. «Жануар биологиясы», «IDEN».
2010.
8. Қазақтың салт-дәстүрлері мен
әдет ғұрыптары, «Атамұра», 2013.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген