400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары тақырыбы бойынша ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аудан

Мектеп: №5 омл

Күні:14.02.19

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова А.С

Сынып: 8а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

8.1.3.12

үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

үшбұрыштың ауданы формулаларын қолданып есептер шығару


Бағалау критерийлері

Есептер шығару барысында үшбұрыштың ауданын табу формулаларын формуласын, тікбұрышты, теңқабырғалы, теңбүйірлі үшбұрыштардың аудандарын табуға арналған формулаларды қолдану.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

шама, өлшеу бірлігі; ені, ауданы; периметр, үшбұрыштың жарты периметрі; жазық фигура; тең шамалы фигуралар, тең фигуралар; көпбұрыштың ауданы; үшбұрыштың ауданы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • үшбұрыштың ауданын табу үшін...

  • үшбұрыштың ауданын есептеу үшін, .... керек

  • Формуланы қолдануүшін …. керек


Құндылықтарды дарыту



«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына:

топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Есептер шығару барысында сызу, алгебра пәндерімен байланысты

Бастапқы білім

Үшбұрыштың анықтамасы, түрлері, қасиеттері, ауданын табудың формулалары.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезең.

1)Психологиялық көңіл-күй орнату.

Оқушылар әртүрлі тілде сәлемдеседі.

ІІ. Сабақты белсендендіру

2) Сабақтың тақырыбын анықтау

Оқушылар ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

3) Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Оқушылар сабаққа өз мақсаттарын қояды

Слайд

Сабақтың ортасы

32 мин

  1. Топпен жұмыс.

Тапсырмасы: Жұмбақты шеш.

«Кім жылдам?» әдісі

Топтар өзара төртбұрыш, үшбұрыш, бесбұрыш арқылы бағалайды.


Жұмбақтар:


Доғал менің бұрышым

Білсең айтшы дұрсын

Үшбұрышпын мен қандай?

Доғал бұрышты үшбұрыш

Әр қабырғам әртүрлі

Әрең жүрем қиқаңдап

Үш бұрышым бар менің

Жауабын айтшы дауыстап

Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш

Мен- үшбұрыш ерекше

Танымалмын мен елге

Мені зерттеп Пифагор

Әйгілі болды әлемге

Тікбұрышты үшбұрыш

Теңдік менің ұраным

Әділдікті ұнатамын

Үшбұрышым болғанына

Өзім қатты қуанамын

Тең қабырғалы үшбұрыш


Бұрышым менің сүйір

Ақылың болса түйір

Жауап айтшы ойланбай,

Үшбұрышпын мен қандай? Сүйір бұрышты

Менің екі бүйірім

Қабырға деп аталады

Ал үшінші қабырғам

Табаным деп аталад

Қасиетім мен атымды

Кім дауыстап айталады

Тең бүйірлі үшбұрыш


  1. Сәйкестікті анықта

Жұптық жұмыс. Оқушылар берілген үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды тауып, сәйкестікті анықтауы қажет.

  1. Топпен жұмыс

«ғажайып алаң» ойыны. Әр топ басшысы кездейсоқ тапсырма таңдайды. Топта есепті шығаруға 6 мин уақыт беріледі. Есеп шыққан соң әр топтың өкілдері есептерін түсіндіреді. Қарсы топ жұиыстарын дискриптор арқылы бағалайды. Смайлик арқылы бағалау.

Есептер:

Биіктігі гипотенузаны 12 және 27 см кесінділерге бөлетін тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табыңыз Жауабы. 351см2

Теңбүйірлі тікбұрышті үшбұрыштың гипотенузасы -ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз Жауабы 32см2

Үшбұрыштың қабырғалары: 25см, 6 см, 29см-ге тең. Үшбұрыштың ауданын есептеңіз Жауабы. 60см2

  1. Деңгейлік тапсырмалар

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өз беттерімен оңайдан күрделіге тактикасымен есептерді шығара бастайды. Есепке 5 мин уақыт беріледі.

Оқушылар өз жауаптарын тақтамен тексереді. Өз- өздерін бас бармақ арқылы бағалайды.


Деңгейлік тапсырмалар

А- деңгейі

Үшбұрыштың 4 см-ге тең қабырғасына жүргізілген биіктігі 2 см. Үшбұрыштың ауданы қандай?

Б- деңгейі

Үшбұрыштың ауданы 8см2, қабырғасы 4 см. Үшбұрыштың биіктігі неге тең?

С- деңгейі

Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 18 см, ал ауданы 108см2. Үшбұрыштың қабырғасын табыңыз.



Тақтадағы оқушыларға тапсырма

А- деңгейі

Үшбұрыштың 8 см-ге тең қабырғасына жүргізілген биіктігі 2 см. Үшбұрыштың ауданы қандай?

Б- деңгейі

Үшбұрыштың ауданы 10см2, қабырғасы 4 см. Үшбұрыштың биіктігі неге тең?

С- деңгейі

Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 12 см, ал ауданы 36см2. Үшбұрыштың ауданын есептеңіздер.




Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Блоб көпірі

Үй тапсырмасы


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар жұптық жұмыста бір біріне шамалары келгенше көмектеседі. Оқу үлгерімі жоғары оқушылардың басқа оқушыларға көмек көрсетуі қажет.

Үшбұрыштың аудандары туралы білімдерін білу үшін жеке дара жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушыға оның аяқталуынан кейінкері байланыс жүргізіледі.

Сабақтың басында кабинетті желдету. Парталар мен үстелдердің дұрыс қойылуына назар аудару.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі