400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Материал туралы қысқаша түсінік
математика сабағында "функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" бағдарламасы бойынша жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Математика» сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды жұмыс


Облысының/қаласының «Өрлеу» БАҰО филиалы

Тараз қаласы

Оқу мерзімі

11.03 - 14.03.2025ж.

Тыңдаушының ТАӘ

Бекбосунова Галина Джелкубаевна

Тренердің ТАӘ

Каркабаева Парида Пазыловна



1-тапсырма

Класс

8

Сабақ тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары.

Оқу мақсаты

8.1.3.1.Үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Тапсырма

Тапсырманың әдістемелік негіздемесі


Бақшадағы жер телімі үшбұрышты тәріздес.Оның ұзындығы 14м,ал биіктігі 6м.Бақшаның ауданы 1м2 жерінен 2кг сәбіз өндірілсе,онда бақшадан қанша кг сәбіз өндіруге болады?







Сұрақтар:


1. Бақшаның ауданы қанша метр квадрат?

2. Бақшадан неше кг сәбіз аламыз?












Математикалық мазмұны:

кеңістік және пішін

Мәнмәтін: ғылыми қызмет

Күрделілігі: 3 деңгей

Сұрақтын форматы:

Құрылымдылық, деректерді талдау.

Тапсырманы таңдау түсіндірмесі:

Сабақтың мақсатына сәйкестігі:

Тапсырмада үшбұрыштың ауданының формуласын қорытып шығару жолы көрсетілген. Ұшбұрыштың элементтерін пайдаланып,күнделікті өмірмен байланысты мәтінмен математикалық фигура құрылады, үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын қолданады.

Оқушылардың жас/жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі:

Бұл тапсырма 13-14 жасты білім алушыларға арналған,себебі олар биология,география және математика салаларында қолдана бастайды.Биология,география өнім шаруашылығында білімдері жеткілікті болғанымен олардың математикалық есептермен байланысты көріністері жаңашыл болуы мүмкін.Осы тапсырма оқушыларға абстрактілі ұғымдарды есептер арқылы түсіну, сондай-ақ формулаларды қолдану дағдыларын жетілдіреді, дамытуға көмектеседі.

Дағдыларды дамытуға бағытталуы: Геометриялық фигуралардың элементтерін белгілеу және модельдерін құру, ауданын есептеу және аудан арқылы өнімді анықтау. Биология және география ұғымдарын математикалық есептерде қолдану білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ынталандырады, өйткені олар геометриялық формулаларды өмірде басқа салаларда пайдаланып нақты математикалық мәліметтер ала алады.

Пәнаралық интеграция:Тапсырмада геометрия, биология және география пәндері арасында пәнаралық интеграция қолданылып, іске асырады.

Білім алушылар геометриялық фигуралар мен формуларды пайдаланып, жер телімінен қанша жерден неше өнім алатынын және қанша жер телімін қолдануға болатынын математикалық тұрғыдан түсінеді. Бұл тапсырма биология және геометрия пәндернің өзара байланысын көрсетеді, яғни өнім шаруашылығында және есеп беру мәліметтер туралы түсінік береді.


2-тапсырма

Класс

11

Сабақ тақырыбы

Шар және оның бөліктерінің көлемдері

Оқу мақсаты

11.3.16. шар және оның бөліктерінің көлемдерін табу,формулаларын білу және есептер шығару;

Тапсырма

Тапсырманың әдістемелік негіздемесі

Шардың бөлігінің көлемі мен оның қалдығы

Жеңіл көлік радиаторына салқындатқыш сұйықтықты құю үшін, шар пішіндес ыдыс қолданылады. Радиатордағы сұйықтықтың көлемі шардың 2/3 бөлігін алады. Егер шардың радиусы 12 см болса, қалған көлемді қалай анықтауға болады?

Сұрақтар:

1.Шардың толық көлемі қандай?

2.Шардың 2/3 бөлігінің көлеміқандай?

3.Шардың қалған көлемі қандай?

Бұл есептер функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға және нақты өмірде кездесетін математикалық есептерді шешуге көмектеседі.












Математикалық мазмұны:

кеңістік және пішін

Мәнмәтін: ғылыми қызмет

Күрделілігі: 3 деңгей

Сұрақтын форматы:

Құрылымдылық, деректерді талдау.

Тапсырманы таңдау түсіндірмесі:

Сабақтың мақсатына сәйкестігі:

Тапсырмада шар және оның бөлігінің көлемінің формуласын пайдалану арқылы оқушылардың математикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.Тапсырма шардың пішінін,элементтерін білуді және шардың бөлігі мен көлемінің жалпы формуласын қолдануды қамтиды. Сабақ мақсаты – шар және шар бөліктерініңкөлемін есептеуді нақты өмірмен байланыстыру және тәжірибе негізінде қолдану. Бұл есептер физикалық процестерді математикалық тұрғыдан модельдеуді үйретеді, осылайша сабақтың мақсатына сәйкес келеді.

Оқушылардың жас/жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі:

Тапсырма 16-17 жастағы білім алушыларына арналған, өйткені бұл тапсырма физика және химия геометрия салаларындақолданады. Тапсырма математикалық және физикалық құбылыстарды түсінуге арналған, бұл жас деңгейіне сай келеді. Білім алушылардың абстрактілі ойлауын және геометриялық ұғымдарды қолдануды дамытады.

Дағдыларды дамытуға бағытталуы:

Шар және оның бөлігінің көлемінің формуласын дұрыспайдалану , шардың бөліктерін математикалық тұрғыда есептеу.

Физикалық заттарды математикалық түрде модельдеу және түсіндіру. Тапсырма арқылы білім алушылар математикалық тілде шешімдер құруды үйренеді, бұл олардың ғылыми ойлау қабілетін дамытады.

Пәнаралық интеграция:

Тапсырмада математиканы физикамен біріктіретін пәнаралық интеграцияны жүзеге асырады. Физикалық құралдарды математикалық есептерде қолдану түсініктер беріледі, ал математика осы физикалық құбылыстарды геометриялық фигуралармен байланыстырып, есептерді шешуге мүмкіндік береді. Көлік радиаторына салқындатқыш сұйықтықты құю арқылы геометриялықфигуралардың көлемін сипаттау білім алушыларға екі пәнді бірлесе қолдануды үйретеді, әрі нақты өмірде кездесетін математикалық байланыс орнатады..




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.10.2025
95
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі