400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төртбұрыштар тарауын қорытындылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал төртбұрыштар тарауын қорытындылау мақсатында түзілген. Барлық төртбұрыш түрлерінің негізгі қасиеттері мен ережелері қарастырылған. Бұл тақырып оқушылардың білім деңгейінің қай дәрежеде екендігін анықтауға арналған. Жас мамандарға тиімді материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

(пысықтау сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың төртбұрыштар тарауынан алған білімдерін

тиянақтылау арқылы, алған білімдерін жүйелеу, бекіту,

қорытындылау.

Дамытушылық: Математикалық ойлау белсенділіктерін арттыру, топпен

жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін және ашық

айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін шыңдауды

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне деген қамқоршы бола білуге, ұлы

адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа,

жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі:

Сабақтың типі: қайталау:

Сабақтың әдіс-тәсілі: диалогтік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, қима қағаздар, тест парақшалары,

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Оқушыларды топқа бөлу.

Бүгінгі сабақ бірнеше стратегиялық бағыттардан тұрады.

І асу: «Білім» стратегиясы.

ІІ асу: «Түсіну-Қайталау» стратегиясы.

ІІІ асу: «Қолдану» стратегиясы.

ІV асу: « Талдау» стратегиясы.

V асу: «Жинақтау» стратегиясы.

VІ асу « Бағалау» стратегиясы.

І асу: «Білім» стратегиясы. « Білім шыңы-биік шың»

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген трапецияның периметрін табуға

берілген есептердің орындалуын бақылау.

Оқушылардың жұптық жұмыс арқылы бір-бірінің

жұмысын тексеріп, бағалау.

ІІ асу: «Түсіну-Қайталау» стратегиясы. «Білімді мыңды жығар».

Қайталау сұрақтары бойынша әр топ өз ойларын

ортаға салып, парақ бетіне түсіру.

І топ тапсырмасы: Параллелограммға анықтама беру, сызбасын сызып, әрбір

элементтеріне, қасиеттеріне түсініктеме жазу.

ІІ топ тапсырмасы: Тіктөртбұрыш анықтамасы, сызбасы, негізгі элементтері

мен қасиеттері.

ІІІ топ тапсырмасы: Трапеция,оның сызбасы,элементтері мен түрлері.

ІІІ асу: «Қолдану» стратегиясы. «Кітап – досың, ақылшың» .

Оқулықпен жұмыс. Әр топқа жеке кітаптан есептер

беріледі.

І топ: №70

ІІ топ: №71

ІІІ топ: №74

ІV асу: « Талдау» стратегиясы. «Ойы -озық ,тілі- жүйрік оқушы».

Мұнда әр топқа бір-бір тақырып беріледі, сол

тақырып бойынша жалпы топ өз ойларын қағаз

бетіне түсіріп алып, кейін бір топ мүшесі сол

ойларын қорғап шығады. Ал басқа топ мүшелері

ол ойларды тыңдап , қателері немесе

жетіспеушіліктері болса толықтырады.

І топ тапсырмасы. Трапецияның параллелограмнан айырмашылығы мен

ұқсастығы қандай?

ІІ топ тапсырмасы: Тіктөртбұрыштың ромбыдан айырмашылығы мен

ұқсастығы неде?

ІІ топ тапсырмасы: Квадрат пен ромбының ұқсастығы мен

айырмашылықтарын ата.

V асу: «Жинақтау» стратегиясы. «Білімдінің алды жарық».

Мұнда топтың әрбір мүшесіне деңгейіне қарап,

дайындалған тест тапсырмалары беріледі. Ондағы

мақсат жалпы оқушы « Төртбұрыштар» тарауы

бойынша нені меңгергендіктерін тексеру.

Сол тест арқылы сабақты қорытындылау,

жинақтау.

№1 тест

  1. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы:

а) 1800 ә) 3600 б) 900

2. 900 -қа тең бұрыш

а) доғал бұрыш ә) тік бұрыш б) сүйір бұрыш

3. Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер:

а) параллель ә) перпендикуляр б) айқас

4. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш:

а) тең қабырғалы ә) әртүрлі қабырғалы б) тең бүйірлі

5. Төртбұрыштың әрбір қабырғасының екі ұшы...

а) қарама-қарсы төбелер ә) көршілес төбелер б) диагональдар

6. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм:

а) квадрат ә) ромб б) тіктөртбұрыш

7. Диагональдары перпендикуляр параллелограмм:

а) квадрат ә) ромб б) тіктөртбұрыш


№2 тест

  1. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштардың қосындысы:

а) 1800 ә) 3600 б) 900

2 900-градустан үлкен бұрыш

а) доғал бұрыш ә) тік бұрыш б) сүйір бұрыш

3 . Жазықтықтағы тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер:

а) параллель ә) перпендикуляр б) айқас

4. Барлық қабырғалары тең болатын үшбұрыш:

а) тең қабырғалы ә) әртүрлі қабырғалы б) тең бүйірлі

5. Қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді...

а) қарама-қарсы төбелер ә) көршілес төбелер б) диагональдар

6. Барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм:

а) квадрат ә) ромб б) тіктөртбұрыш

7. Диагональдары тең параллелограмм:

а) квадрат ә) ромб б) тіктөртбұрыш


№3 тест

1. Төртбұрыштың ішкі бұрыштардың қосындысы:

а) 1800 ә) 3600 б) 900

2. 900 -тан кіші бұрыш

а) доғал бұрыш ә) тік бұрыш б) сүйір бұрыш

3. Жазықтықтағы қиылысатын түзулер:

а) параллель ә) перпендикуляр б) айқас

4. Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш қандай үшбұрыш?

а) тең қабырғалы ә) тік бұрышты б) тең бүйірлі

5 . Екі қабырғасы ғана параллель болатын төртбұрыш:

а)параллелограмм ә) трапеция б) ромб

6. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын не деп атаймыз?:

а) периметр ә) аудан б) радиус

7. Тіктөртбұрыштың ауданы

а) ұзындығы мен енінің көбейтіндісі

ә) диагональдарының қосындысы

б) бұрыштары мен ұзындығының көбейтіндісі

VІ асу « Бағалау» стратегиясы. «Білім шыңына самғау»

Мұнда әрбір топ жетекші өз топтарының әрбір

мүшесінің тапсырмаларға жауап бергендіктері

жөнінде сараптама жасайды. Сол сараптамалар

нәтижесіне қарап мұғалім жекелеп оқушыларды

бағалайды.


Бағалау:

1 6

2 7

3 8

4 9

5 10

Үйге тапсырма: № 75-76; Тарауды қайталау

Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер тізімі мен пікірлері:


Мақтарал ауданы

«Болашақ» жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық сабақ:




Shape2



















Пән мұғалімі: Телходжаева М.Б.

Сынып: 8 «Ә»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі