-
Мұғалім теңбүйірлі
және тікбұрышты трапеция ұғымдарын енгізеді. Ақпаратты ұғыну
барысында оқушылар оны сызба түрінде талдап,
біріктіреді.
Трапеция
анықтамасы:
Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп
аталады.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу
Сыныпты шағын топтарға бөліп, тапсырма
беру
1.
Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу.
2.
Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу. Зерттеудің
нәтижелерін тыңдау, пікірталасу, дәптерге, тақтаға жазу.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері:
1.
Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең
АВСЕ – параллелограмм. СЕ = АВ = СD.
СЕD – теңбүйірлі. .
СЕ АВ, , .
2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең
AB = CD,
BC –, .
.
AC =
BD
Теңбүйірлі трапецияның белгілерін зерттеу
Топтарға
тапсырма:
-
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттеріне қарама қайшы
анықтаманы тұжырымдап, оның шынайылығын айқындаңыз.
Зерттеу
нәтижелерін тыңдап, пікірталас жасап, дәптерге, тақтаға қорытынды
жазу керек.
Теңбүйірлі трапецияның белгілері
1. Егер
трапецияның табан бұрыштар тең болса, онда ол теңбүйірлі
трапеция
СЕ АВ.
АВСЕ – параллелограмм. СЕ =
АВ.
. CED –
теңбүйірлі.
CE = CD
2. Трапецияның диагоналдары тең болса, онда ол теңбүйірлі
трапеция.
Бағалау
критерийлері :
- трапецияның анықтамасын
білу;
- трапецияны
салады;
- трапецияның түрлерін
біледі.
Оқу әлеуеті төмендеу оқушыларға
параллелограмм мен үшбұрыштың қасиеттерін т
қайталау түрінде көмек көрсетіледі.
-
Т рапецияны
өмірде қай кезде қолданамыз сұрағы арқылы, оқушыларды пікірталасқа
тарту керек. Трапецияны қалай қолдануға
болады?
-
Оқу мақсатына
жету деңгейін «Құмырсқаның илеуі»
жаттығуының көмегімен бағалау. Оқушылар стикерде оларға жаңа
тақырып бойынша түсініксіз болып қалған сұрақты жазады. Егер де
оқушыларда қиыншылықтар кездеспесе, олар өзінің сыныптастарына
қызықты сұрақтар ойлап табуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін
оқушылардың жауап деңгейіне байланысты кері байланыс
жүргізіледі.
Тапсырма1. Трапецияның бүйір
қабырғасы үш тең бөлікке бөлінген, және осы нүктелер арқылы екінші
бүйір қабырғасынан өтетін және трапеция табандарына паралель
болатын кесінділер өткізілген. Трапеция табандары 2 м және 5 м
болса, осы кесінділердің ұзындықтарын
табыңыз.
Жауабы: 3м,
4м.
Тапсырма
2.Трапеция қарама қарсы жатқан
бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан
бұрыштарын табыңыз
Жауабы:
700,
1100.
Тапсырма 3. Теңбүйірлі трапецияның
доғал бұрышынан жүргізілген биіктік үлкен табанын 6 см және 30 см
кесінділерге бөлсе, трапецияның табандарын
табыңыз.
Жауабы: 42 см, 30
см.
Тапсырма
4. Теңбүйірлі трапецияның
үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1м және олардың арасындағы
бұрышы 600 –қа
тең. Кіші табанын
табыңыз.
Жауабы: 1,7
м.
Тапсырма5.Теңбүйірлі трапецияның табан
бұрыштары тең болатынын
дәлелдеңіз.
Тапсырма
6.Трапецияның кіші табаны бүйір
қабырғасына тең, ал диагональ бүйір қабырңасына перпендикуляр.
Трапецияның бұрыштарын
табыңыз.
Жауабы:
300,
1500.
Оқушылар өз жұмысын дәптерде
тексереді.
Бағалау
критерийлері:
- трапецияның түрлерін
біледі
- суретті дұрыс салады
;
- трапеция
қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс
қолданады.
Кері
байланыс:
Қандай тапсырмалар қызықты
болды?
Қандай тапсырмалар қиыншылықтар
тудырды?
Қиындық неден
туды ?
|