8
ғ
сынып геометрия
Сабақтың
тақырыбы: Фигуралардың аудандарын
қайталау
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушылардың «Тік төртбұрыш»,
«Параллелограмм», «Үшбұрыш», «Трапеция» тақырыптары бойынша алған
білімдерін тиянақтау, бекіту. Есептерді шығару ептіліктерін
арттыру.
-
Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана
отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін
дамыту.
-
Өз ойын қорыта отырып, жеткізе
білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа, фигуралардың кескінін дұрыс сала
білуге және ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, MS Power
Point бағдарламасының көмегімен дайындалған слайдтар (презентация),
кеспе қағаздары, фигуралардың қимасы т.б
Сабақтың
түрі: аралас,ойын элементтері бар
интерактивті методикалық сайыс сабағы.
Сабақтың
типі: Қайталау және пысықтау
сабағы.
Сабақтың
жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
«Кім жылдам?»
-
«Біліктілік»
-
«Ой жинақтау»
-
«Ой-түрткі»
-
Сабақты қорытындылау
-
Үй тапсырмасы: № 346, №
347
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, сыныпты
екі топқа бөлу «I топ» және «II топ». Әр топтан бір топбасшы
сайлап, соңынан бағасын қорытындылау.
2. Үй тапсырмасын
тексеру. Тесттік жүйеде ауызша жауап
береді.
3. «Кім
жылдам?» Өткен тақырып бойынша
сұрақ-жауап болады.
-
Тік төртбұрыш дегеніміз не?
-
Пифагор теоремасы?
-
Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы неге
тең?
-
Трапецияның ауданы неге тең?
-
Үшбұрыш дегеніміз не?
-
Герон формуласы?
-
Параллелограмның қасиеттері?
-
Трапецияның анықтамасы?
-
Трапецияның орта сызығы?
-
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы....?
-
Тік төртбұрыштың периметрін қалай
табады?
-
Тік төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
неге тең?
4.
«Біліктілік» Кітаптан алынған деңгейлік
есептерді оқушылар тақтаға шығарады

-
Үшбұрыш қабырғалары 13,14 және 15 см. Ауданын
табыңыз.
-
Үшбұрыштың екі қабырғасы 2 см және 3см,ал
арасындағы бұрышы 60 градусқа тең. Ауданын табыңыз.
-
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің қатынасы
3:4. Егер гипотенузасы 20см болса үшбұрыштың ауданы неге
тең?
-
Трапецияның ауданы 40 см2, орта сызығы 10 см
болса, биіктігі неге тең?
-
Трапецияның орта сызығы 7
см, табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық.
Биіктігі 6
см.
Ауданын тап.
-
Тік төртбұрыштың диагоналы мен бір қабырғасы
берілген: d=10см, a=8см. Тік төртбұрыштың ауданын
табыңыз.
5. «Ой
жинақтау» Оқушылар тақтаға шығып әрбір
фигуралардың ішіне сәйкес формулаларды жазады.

6.
«Ой-түрткі» Логикалық сұрақтарға оқушылар
ауызша жауап береді.
5
адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол
алысу саны қанша? Жауабы:(10)

Жауабы:(12)

Жауабы:(3)
Жауабы:(А)

Жауабы:(А)

Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: № 346, №
347