Білім беру саласы: Шығармашылық, танымдық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Тостаған.
Мақсаты:балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру, қылқаламды пайдалана отырып затты безендіруді үйрету, тостаған туралы білімдерін бекіту, жұмысты орындау барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: акварель бояуы, қылқалам, сүрткіш, тұғырлар.
Сөздік жұмыстар:тостаған, безендіру.
Полингвальді:тостаған-чаша, безендіру-украшать.
Ұйым кезеңі:
Педагог: -Балалар, менің қолымдағы ыдысты қалай атайды?
Балалар: -Тостаған.
Педагог:-Сендердің үйлеріңде осындай тостағандар бар ма?
Балалар: -Иә.
Педагог:-Балалар, менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшелігі бар?
Балалар:-Оюмен безендірілген.
Педагог:-Сурет салу кезіндегі маңызды дүние-заттың фонына көңіл бөлу, себебі, заттағы ою-өрнектің реңкі әр түрлі болуы мүмкін. Бүгін біз тостағанды салып, әшекейлеуді үйренеміз. Қағазға бір түсті акварель бояуымен тостағанның суретін саламыз. Ол үшін:
-Алдымен тостағанды орналастыратын орынды белгілеп алайық. Тостаған беттің дәл ортасында орналасады. Содан соң беттің сәл төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз, қылқаламды жоғары қарай көтеріп, тостағанның жақтауларын саламыз.
-Енді осы тостағанды әдемілеп әшекейлейміз, ол үшін тостағанды көлденең сызықтармен төрт бөлікке бөліп, пайда болған бөліктерді әртүрлі түспен ерекшелеп бояймыз.
Салған тостаған кепкенше бір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Біз ақылды баламыз,
Әсем сурет саламыз.
Асықтармен заттарды,
Безендіре аламыз.
Тостағанның бояуы кепсе, қылқаламды басқа түсті бояуға малып алып, оюлармен безендіреміз.
Педагог балалардың жұмыстарын қарап, баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырады: тостаған, асық жайлы түсініктері, қолданылу ерекшелігі турал білімі кеңейеді.
Түсінеді: суретті қағаз бетінде дұрыс орналастыра білу, затты безендіру ерекшеліктерін түсінеді.
Қолданады: боялған суреттің үстінен қылқаламмен оюларды ептілікпен сала білу дағдысы қалыптасып, оны қолданады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тостаған" шығармашылық білім беру саласы
Білім беру саласы: Шығармашылық, танымдық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Тостаған.
Мақсаты:балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру, қылқаламды пайдалана отырып затты безендіруді үйрету, тостаған туралы білімдерін бекіту, жұмысты орындау барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: акварель бояуы, қылқалам, сүрткіш, тұғырлар.
Сөздік жұмыстар:тостаған, безендіру.
Полингвальді:тостаған-чаша, безендіру-украшать.
Ұйым кезеңі:
Педагог: -Балалар, менің қолымдағы ыдысты қалай атайды?
Балалар: -Тостаған.
Педагог:-Сендердің үйлеріңде осындай тостағандар бар ма?
Балалар: -Иә.
Педагог:-Балалар, менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшелігі бар?
Балалар:-Оюмен безендірілген.
Педагог:-Сурет салу кезіндегі маңызды дүние-заттың фонына көңіл бөлу, себебі, заттағы ою-өрнектің реңкі әр түрлі болуы мүмкін. Бүгін біз тостағанды салып, әшекейлеуді үйренеміз. Қағазға бір түсті акварель бояуымен тостағанның суретін саламыз. Ол үшін:
-Алдымен тостағанды орналастыратын орынды белгілеп алайық. Тостаған беттің дәл ортасында орналасады. Содан соң беттің сәл төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз, қылқаламды жоғары қарай көтеріп, тостағанның жақтауларын саламыз.
-Енді осы тостағанды әдемілеп әшекейлейміз, ол үшін тостағанды көлденең сызықтармен төрт бөлікке бөліп, пайда болған бөліктерді әртүрлі түспен ерекшелеп бояймыз.
Салған тостаған кепкенше бір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Біз ақылды баламыз,
Әсем сурет саламыз.
Асықтармен заттарды,
Безендіре аламыз.
Тостағанның бояуы кепсе, қылқаламды басқа түсті бояуға малып алып, оюлармен безендіреміз.
Педагог балалардың жұмыстарын қарап, баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырады: тостаған, асық жайлы түсініктері, қолданылу ерекшелігі турал білімі кеңейеді.
Түсінеді: суретті қағаз бетінде дұрыс орналастыра білу, затты безендіру ерекшеліктерін түсінеді.
Қолданады: боялған суреттің үстінен қылқаламмен оюларды ептілікпен сала білу дағдысы қалыптасып, оны қолданады.
шағым қалдыра аласыз


