400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төтенше жағдай кезіндегі психологиялық іс -әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте білім беретін ұстаздарға және оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі психологиялық алғашқы көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Психологиялық тренинг –жаттығудың жоспары


Мектеп: №40 орта мектеп.

Мектеп психологтары: Қуанышбек А.Қ.

Тақырып: «Төтенше жағдай кезіндегі психологиялық іс- әрекет». Тернинг – жаттығу.


Мақсаты: Төтенше жағдай кезіндегі тұлғаның үрей, қобалжу, қорқыныш, байбалам іс—әрекетіне психологиялық қолдау көрсету.

Барысы: Тренингтің барысында қатысушылар орындарына жайғасады. «Дабыл жарғағы» қосылады. Қатысушыларға нұсқау бойынша төтенше жағдайдағы қауіпсіз орындарға тұрады.

Нысаналар: қабырға бұрышы, стол, есік


Қатысушылар сол мезетте жылдам нысаналарға орналасқанына байланысты төтенше жағдайдағы іс- әрекеттерін бақылау арқалы психологиялық жеке ерекшеліктер айқындап көрсету.

- Есікті таңдаған қатысушылар кез келген төтенше жағдайда өзін сенімді, тез ойлап тез іс- әрекетке көшетін адамдар. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын, кез келген жағдайда өзіңізді бірінші орынға қоясыз. Мақсатыңыз айқын, төтенше жағдайда психологиялық ахуалды (күйзеліс, қорқыныш, байбалам, қобалжу) эмоцияларды жеңіл қабылдайсыз. Достарыңыздың өзі сәтсіздікке ұшыраса сіздің қолдауыңызға зәру. Өйткені сіз әрдайым «Достым, еңсеңді түсірме! Қиындықтың барлығын бірге еңсереміз» деп шабыттандырасыз.

- Столды таңдаған қатысушылар төтенше жағдайларда бойыңызды қорқыныш билеп алады, қорқынышыңызға бой алдырмау үшін көпшілік орта өзіңізді сенімді ұстайсыз. Төтенше жағдайда өзіңізге сенімсіз болғаныңызбен жағдайды ақылмен қабылдап, дұрыс шешімін табуға тырысасыз. Үнемі бәрінен жақсы болуға ұмтыласыз алайда өзіңізге деген сенімсіздігіңіз басым. Қиын жағдайларда жауапкершілігіңіз мол алайда өте уайымшылсыз. Өзіңізге, күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімсіздеу болғандықтан, бәрімен тату болғанды жақсы көресіз. Қарапайым адамдардың сынына төзсеңіз де, жоғары жақтағылардың сынына төзе бермейсіз.

- Қабырға таңдаған қатысушылар кез келген төтенше жағдайға бейімделе алатын, төтенше жағдай болғанда шығу жолдарын білетін тәжерибесі бар адамдар. Өзіне сенімді, ойымен іс- әрекеті шапшаң адамдар. Қоршаған ортада өзі еркін ұстады және өз ойын нақты жеткізе білетін адамдар. Кез келген жағдайдан жол тауып шыға білетін адамдар.

- Орнында отырып қалған қатысушылар төтенше жағдайға дайын, ережелерін біледі алайда сол сәтте үрейдің басым болуына байланысты іс- әрекетті жүзеге асыра алмайтындар. Мұндай адамдар үшін өзгенің нұсқауы мен қолдауы қажет. Кез келген төтенше жағдайға бейжай қарайтындар.


Төтенше жағдайдағы психологиялық эмоциялардар арылу мақсатында «Джунглидегі жаңбыр» жаттығуын жүргізу.

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, қобалжуды басу .

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.


Ресурсстар
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі