жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Төтенше жағдайдың алдын алу
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Төтенше жағдайдың алдын алу»
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ой – өрісін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау.
Керекті кұралдар: өрт қаіпсіздігі туралы слайд.Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, 101 саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотива- циялық- қозғаушы |
Шаттық шеңбері – Балалар, қараңдаршы, бүгін ерекше күн. Бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, жақсы тілегімізді айтайық. |
Балалар бір – біріне деген жылы лебіздерін білдірді. Біз
балдырған баламыз, |
Іздену- ұйымдасты- рушы
|
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Күз мезгілі екенін қалай білуге болады?
-Бір аптада неше күн бар? -Балалар
бүгін бізде Сөйлеуді дамыту оқу
қызметі,біз бүгін қауіпсіздік
ережелерінің бірі өрттің қаншалықты
қауіпті екенін білейік. От өмірімізге
қуат беріп, бойымызды жылытады. От -
өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От
жағылмаса, тамағымызда піспейді,
үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек
бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда
қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз
жоғалады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі
көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты
жер - қуатты жер. Мал біткенге күш -
қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы
отпен теңестіріп отырған. Тұратын
үйін отау, үй иесін – отағасы деп
атаған. Отсыз тоңған адам ешқандай
еңбек те істей алмайды. Сонымен от
- өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған
алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын
да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің
ұқыпсыздығымыздан немесе
байқампаздығымыздан кейде өрттің
қалай күш алып кеткенін де байқамай
қаламыз. Олай болса бүгінгі өтетін
жаңа тақырыбымыз: -Сіріңке,
темекі, үтік, газ суреттеріне не айта
аласыңдар? 1.Темекінің
тұқылын сөндірмей тастаса; Тәрбиеші:
Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ
шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан
болады. Бүгін сендер оттың дос та,
жауымыз да бола алатынына көз
жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен
ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз
жау».
-Балалар, біз күннің екінші жартысында от туралы мақал – мәтелдар жаттаған болатынбыз, қане соларды айтайық.
|
-Күз мезгілі. -Үш ай бар. -Күн суыта бастады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кете бастады.
От туралы мақал –мәтелдер: 1.Отпен
ойнама,күйерсің.
Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
Рефлексті- коррекция- лаушы
|
Тәрбиеші: -Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».
|
Балалар: |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген