400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер. ТЖ дамыған психикалық бұзылуларды емдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖ психологиясы — төтенше жағдай кезінде зардап шеккен адамдарға психологиялық және медициналық көмек көрсетуді зерттейтін сала. ТЖ кезінде адамда қорқыныш, үрей, стресс, психологиялық шок және басқа да психикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның психологиялық жағдайын тұрақтандыру, қауіпсіз жерге шығару және қажет болса дәрігерлік көмек көрсету маңызды. Психологиялық көмекті психологтар, психотерапевтер және психиатрлар көрсетеді. Сонымен қатар, ТЖ кезіндегі психологиялық бұзылыстардың алдын алу үшін халықты төтенше жағдайларға алдын ала дайындау және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Жалпы, ТЖ кезінде дер кезінде көрсетілген психологиялық және медициналық көмек адамның психикалық жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер. ТЖ дамыған психикалық бұзылуларды емдеу.


ТЖ психологиясы- бұл ТЖ аймағында зардап шеккендерге, жалпы тұрғындарға арнайы көмекті ұйымдастыру болып табылады. Көптеген зардап шегушілердің псхкасында психологиялық реакциядан бастап, психопатологиялық жағдайдағы өзгерістер байқала бастаған. Сол себепті зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету жұмыстары соңғы кездері қолға алынып отыр.


Зардап шегушілерге ТЖ аймағында бірнеше психожарақаттаушы факторлар әсер етуі мүмкін.

- табиғи (жер сілкінісі, қатты дауыл, су тасқыны, қар көшкіні, боран тб)

- техногенді (радиациялық, химиялық, биологиялық апаттар, өрттер, жарылыстар)

- әлеуметтік (соғыс, терроризм, эпидемия, аштық тб)


Орын алған ТЖ оның көлемі мен сипатына қарамастан психожарақаттаушы фактор болып тіркелуі мүмкін. Осындай кезде зардап шеккендерге дер кезінде психикасын ретке келтіретін мамандардың тапшылығынан психожарақаттаушы факторлардың кері әсері өрши түсуде. Бұндай мамандармен АҚШ ғана толық қамтылған.


ТЖ ошағында қалған адам бойында ұтқырлық немесе ішкі ойлау қоры тайыз болғанда дереу күйреуге, моральді психологиялық жағдайға душар болуына әкеп соғады. Психологиялық дайындығы жоқ адамда қорқыныш сезімі, үрей пайда болып, қауіпті аймақтан тез арада кетуге, қашуға тырысады.


Кей адамдарда керісінше психологиялық шок пайда болады. Физиологиялық жағдайдағы өзгерістердің сатысы:

  • Эмоциялық шок оның ұзақтығы 3-5 сағат арасында болады. Адамның ойлау қабілеті жылдамдайды, жұмыс қабілеті артады, бойында шектен тыс батылдық пайда болады. Психикалық статусында адамда өз қмірін сақтап қалу инстинкті басым болады.

  • Психофизиологиялық демобилизациялау яғни психофизиологиялық қордың әлсіреуі, тежелуі. Ол кезеңнің ұзақтығы 3 тәуліктей болады, зардап шегушіде стресс, абыржу, үрей пайда болады.

  • Бәсеңделу сатысы ол 3-12 тәулік аралығында дамиды. Адамның көңілі қалпына келеді, қимылдары баяу, ұйқысы қашқан, үреймен қарайды, қоршаған ортамен қарым қатынасы шектелген, қатты шаршау байқалады.

  • Қалпына келу сатысы 10-12 тәулік арасы. Адамның көңіл күйі орныққан, барлық орын алған физиологиялық ауытқулар қалпына келеді.


Қауіптің кенеттен болуы адамның ТЖ кезінде өзін ұстау тәртібін білмеуі, тәжірибенің жоқтығы, адамда моральді психологиялық дайындықтың болмауы организмде бірқатар ауытқулар туындатады.


Стресс – қауіпті жағдайды басынан кешкенде туындайтын жедел дамыған психикалық бұзылыс. Ол ТЖ барлық түрінде орын алады. Адамда қатты қорқу немесе айқайлау, жылау немесе тежелу байқалуы мүмкін.


Үрей – ол қорқыныш сезімі. Адамда эмоция басым болады, адам жасаған әрекеттеріне жауапсыздықпен қарайды, оқыс қылықтар жасайды, болған оқиғаны қабылдай алмайды, түсінбейді. Ондай адамдар айналасындағы басқа адамдарға айқаймен үрейді күшейтеді.


Психологиялық кризис- адамның ішкі ақылын, парасаттылығын, жігерлігін талап ететін жағдай.


Оның үш түрі болады.

  • Зардап шеккен адам болған жағдайды елемеуге тырысады немесе жоққа шығарады, жақсы жағдайды елестетуге тырысады. Бұл енжарлы сана (инфантильді) болып табылады.

  • Зардап шегуші болған оқиғаны дұрыс бағалайды, өмірдегі болған жайға мойынұсынады, өмірдің жаңа мағынасына үйренуге тырысады.

  • Зардап шегуші жағдайды толық мойындайды, алайда тағдырдың соққысын қабылдамауға тырысады.


Экстремальді жағдайларға дайын болу әр адамға оқыс жағдайларда шарасыздыққа душар болмасы үшін қажет. ТЖ жұмыс атқаратын құтқарушы адам зардап шеккендерді жігерлендіруге, сабырлыққа, өзін өзі ұстай білуге, ой өрісін дамытуға тәрбиелеуі керек. Адамдар арасында пайда болған сәл үрей, абыржу көбіне көлемді зілзала, өрттер кезінде өте ауыр болады, тіпті үздіксіз түзелмейтін зардаптар туындауы мүмкін. Ол бірінші кезекте басқарушы адамға байланысты болады, олар ұйымдасып, шұғыл әрекеттерді дер кезінде жасап, зардар шеккендерге өз тәртіптерін көрсетіп, қайсарлық танытулары керек. Осындай дайындықтар жас және әлеуметтік ерешеліктеріне қарай метепке дейінгі мекемелерден басталып, жастарды дайындау оқу орындарында арнайы бағдарламамен жүргізілуі қажет.


ТЖ зардап шеккен адамдар барлығы да психологиялық оңалту шараларына мұқтаж болады. Ондай көмекті әдетте психологтар, дәрігерлер (психиатр, психотерапевт) көрсетеді. Осы мақсатта психологтар бөлмесі, «сенім» телефоны, дағдарыс орталықтары, арнайы психиатриялық орталықтар ұйымдастырылады. Психолог бөлмесі тәулік бойы қажет жағдайларда қызмет атқарады, яғни амбулаторлық көмек көрмету болып табылады. «сенім» телефоны тұрғындарға жаппай ақпарат көздері арқылы хабарланып отырады. Денсаулық сақтау мекемелерінде тәулік бойы дағдарыс орталықтары ұйымдастырылады. Психотерапевт, дәрігерлік бригадалардың міндеттері зардап шеккендерге сараптау ұйымдастыру, тж ошағынан эвакуациялау болып табылады.


Психологиялық бұзылулардың алдын алу шаралары: орын алған оқиға, ТЖ, зілзала туралы дәл ақпаратпен тұрғындарды толық қамтамасыз ету; ТЖ бола қалған жағдайда адамдарды үйрету.


Алғашқы көмек: науқасты тез арада оқиға орнынан алып шығу, тынышталдыратын дәрі беру, ыстық шәй не сусын беру, бақылауды ұйымдастыру, жауапсыз қылықтары бар науқастарды орамал не жаймамен кереуетке байлап қою, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстау, тыныс алу, қан айналым жүйесін бағалау, арнайы емдек мекемелеріне көшіру.

Медициналық сараптау барысында зардап шеккендерді келесі топтарға бөледі.

  • Өз өзіне айналасындағыларға қауіп төндіретіндер. Оларға қозу немесе ступор жағдайындағы, агрессия, суицид ойлары бар, жасырын психикалық қозу аурулары барлар жатады.

  • Алғашқы дәрігерлік көмекке мұқтаждар. Олар психоневрологиялық диспансерде оқшауланады.

  • Мед көмекті кейінге қалдырып көрсетуге болатын науқастар. Олар психоневрологиялық диспансерге жөнелтіледі.

  • Психикасында жеңіл өзгерістері бар науқастар. Оларға тыныштындыратын дәрілер беріп, уақытша демалтып, кейін жұмысына кірісе алатын топ жатады. Осылайша ТЖ дың медико санитарлық нәтижелерін жою барысында психиатриялық көмек зардап шегушілерге көмек көрсетуге бағытталған жалпы медициналық шаралар жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қазан
45
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі