400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тоты құс Құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоты құс Құрастыру Таным білім беру саласы Ортаңғы тооп балаларына арналған Құрастыру саласы бойынша конспект Керемет конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

18.01.22

Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Жыл құстары»

Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру дағдыларын бекіту.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Құстардың тіршілігімен танысу.

Білімділік: Құстар туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлете білуге үйрету.

Дамытушылық: Құстарға қамқорлық жасауға және адамгершілікке баулу.   

Көрнекіліктер: Ағаштар, құстардың суреті

Сөздік жұмыс: құстар –  птицы -birds,

Әдіс – тәсілдер:  түсіндіру, сұрақ-жауап.

Аймақтық компонент: «Дала құстары» жайында әңгімелеу.

Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын, сұрақ жауап

Кіріспе бөлім:

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады.

Шаттық шеңбер.

Жоғары  қарап күнді көрдім,

Төмен қарап жерді көрдім.

Оңға, солға бұралып,

Егеменді ел көрдім!

Балалар: тәрбиешімен сәлемдесіп алады.  Шаттық шеңберге тұрып, апаймен бірге өлеңді қайталайды.

Негізгі бөлім:

Жұмбақ:

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. Ол не? (қарға)

Шарлап келіп даланы,

Үйіме, үйін салады. Ол не? (Қарлағаш)

–          Қазір жылдың қай мезгілі?

–          Қыс мезгілінде қанша ай бар? Қандай?

–          Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?

–          Құстар не істей алады?

–          Қалай ойлайсыңдар, құстардың денесі ауыр ма әлде жеңіл ме?

–          Құстарға ұшу  үшін не қажет?

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Жыл құстары»

Дала құстарына не жатады?

–          Неге дала құстары дейміз?

Өйткені дала құстары далада, тоғайда, орманда өмір сүреді. Олар аспанда қалықтап ұшады, өз бетінше өздерінің тамағын тауып жейді. Олар құрт-құмырсқа, зиянкес құрттармен қоректенеді. Ағаш басына ұя салып жұмыртқалап, балапандарын басып, оларға тамақ тауып асырайды.

Балалар дала құстары екіге бөлінеді.

Қыстап қалатын құстар, оларға: торғай, сауысқан, қарға, кептер және т/б.

Олар аязға төзімді болып келеді. Олар аштыққа шыдымайды.

Жылы жаққа ұшып кететін құстарды «Жыл құстары» дейміз. Оларға: қарлығаш, ұзақ, қарға, қараторғай, аққу және т/б.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ға- ға- ға қарға

Ге-ге-ге неге

Ға-ға-ға талға

Ге-ге-ге қондық неге ерте.

Аудармашы ойыны:

құстар –  птицы –birds

Ғажайып сәт. Шиқылдап құс кіреді. Аузында хаты бар. Балалар сендерден көмек сұрап келіпті. Құстар ұяларын таппай ұшып жүр екен, көмектесеміз бе?

Ол үшін бірнеше тапсырманы орындауымыз керек.

1-      тапсырма: «Құстар қалай дыбыстайды?»

2-      тапсырма: «Сипаттап бер»

Қарға қандай?

Түсі қандай?

Қарға немен қоректенеді?

Денесінде не бар?

Қарға қалай дыбыстайды?

3- тапсырма: «Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығын атаңдар»

Сергіту жаттығуы:

Қане қанат жазайық,

Құс болып ұшайық.

Ұшып- ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қорытынды: – Балалар, біз қандай құстарды білеміз?

– Құстарды атуға бола ма?

– құстардың ұясын бұзуға бола ма?

– Құстарға ұя не үшін қажет?

Құстарға ұя жұмыртқа салып балапан шығару үшін қажет. Құстар адамның досы. Әрқашан құстарға қамқор болып жүруіміз керек.

Балаларды мақтап мадақтау.





18.01.22

Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Құрастыру                                                     

Тақырыбы: «Тоты құс (Қағазбен жұмыс)»

Мақсаты: Құстардың келбетін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Тоты құсты қағаздарды дұрыс қолдана отырып құрастыруды үйрету;

Дамытушылық: Балалардың ойлау. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: тоты құс бейнеленген ақ бет, түрлі-түсті қима қағаздар.

Сөздік жұмыс: тоты құсы, әдемі, мамық.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Аймақтық компонент: «Тордағы тоты құс » жайында әңгімелеу.

Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын технологиясы.

І Кіріспе:

Шаттық шеңбері:

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым, кел бері.

Толтырайық шаттыққа,

Дөңгеленген шеңберді

Қонаққа Түлкі келгенін айтады. Ол өзімен бірге әдемі құстың суретін ала келіпті. Түлкі балалардан бұл қандай құс және осы құсты әдемілеп құрастырып берулерін сұрайды.

Негізгі бөлім:

Әңгімелесу

Сұрақтар қояды:

Әдемі тоты құстың суретін көрсетеді.

  • Суретте не бейнеленген?

  • Ол қандай құс?

  • Оны біз қайдан кезіктіреміз?

Слайд арқылы тоты құстын суреттерін көрсету, түсінік беру.

Тоты құстардың өмірі.

Тылсымға толы мына әлемде адамның атқаратын функцияларын жарыса жасайтын тіршілік иелері жоқ емес. Солардың бірі — тоты құстар. Адамша сөйлеп, адамша сайрайтын бұл құстардың өмірі ерекшелікке толы.

Ұзақ ғұмырға ие тоты құстардың өмірі кейде 50-60 жылға, кейде 100 жасқа да созылады. Әлемде тотықұстардың 350-ден аса түрі кездеседі. Бірақ қазіргі таңда олардың үштен бірі жоғалу қаупінде тұр.

Сөздік жұмыс: тоты құс, әдемі.

Саусақ жаттығуы:

Обал жасап құстарға,

Торға қамап ұстама!

Құс боп неге жаралды,

Еркін самғап ұшпаса.


Тоты құстын суретін әдемілеп құрастырып беруді ұсынады.

Жұмыстың орындалу реттілігі:

1. Тоты құстын суретін көрсетеді.

2. Қима қағаздарды таңдауды ұсынады

3. Ұжыммен тоты құсты бояу.

Әрбір балаға жекелеме көмек көрсету.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Кәне, қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Құстар туралы мақал-мәтелдер айтады:

  1. Құс жеткен жеріне қонады.

  2. Көкек өз атын шақырады.

  3. Қара құс басып жейді,

Сұңқар шашып жейді.

  1. Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Дидактикалық ойын: «Құстар қалай үн қатады?»

Мақсаты: құстардың дауыстарын ажырата білуге үйрету.

Қорытынды

Сұрақтар қояды:

- Қонаққа не келді?

- Түлкіге қандай құсты әдемілеп құрастырдық?

- Тоты құсты қандай түстермен құрастырдық?

Жасаған ұжымдық жұмыстарын көрме ұйымдастырады.

Түлкі балаларға рахметін айтып қоштасады.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатпен дос болып,

Қамқорлықпен қараймыз

20.01.22

Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Жаратылыстану                                                          

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: Үй құстарын атап, дала құстары мен үй құстарының ерекшеліктерін аңғарту.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Құстардың табиғатқа,адамға келтіретін пайдасына тоқтау,үй құстарына қамқор болып,оларды күте білуге тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру;

Дамытушылық: Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау,қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекіліктер: Әтеш,балапан,тауықтың суреттері, жұмыртқа,үнтаспа.

Сөздік жұмыс: Әтеш,балапан,тауық.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Аймақтық компонент: « Тауық және балапан» жайында әңгімелеу.

Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын технологиясы.

І Кіріспе:

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,жұмбақ шешейік.

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Балалар: дөңгелене тұрып,тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.

Негізгі бөлім:

Үнтаспа тыңдату.

Таспадан үй құстарының даусын тыңдату.Балалар сендер қандай құстардың даусын тыңдадыңдар?

-Иә,балалар,бұлар үй құстары.Дұрыс, айтасыңдар әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек бұлар үй құстары екен.Олардың пайдасы көп:жұмыртқасын,етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық көрпе жасайды.Адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды.

Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз.

-Иә,балалар,дұрыс айтасыңдар балапан деп атайды екенбіз.

Балапанның түсі қандай болады?

Оларға біз не береміз?

-Иә,тауықтар бидайды жақсы көреді.Міне,балалар суреттен көріп тұрғандай,әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай.Оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншық тауықты көрсету).Ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.

Үй құстары қалай дыбыстайды?



Жақсы,балалар,ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын: «Балапандар мен машина»

Шарты:Тәрбиеші тауық болады,ал балалар балапан болады.Балапандар жайылып жүреді де,алдарынан машина шыға келгенде,балапандар тауықтың қанатының астына келіп тығылады.

-Балалар,сендерге ойын ұнады ма?

-Балалар,тыңдаңдаршы,бір нәрсе тырсылдап жатыр.Қане,қайтадан тыңдайықшы.Мәссаған,мына жұмыртқаның үлкенін-ай, өзінің түсі аппақ,ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен.

-Балалар,жұмыртқа жарылды. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?

-Балапан не істеп тұр?

-Балапан сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз

Балапан:Мен анамнан адасып кеттім.Соны тауып бере аласыңдар ма?

-Әрине,балапан,біз саған көмектесеміз.Балалар,бәріміз балапанның анасын шақырайықшы.

Тауық:Балалар не болды, менің жұмыртқамды таптыңдар ма? Сендерге көп

рахмет.Менің балапанымның қарны аш еді,сендер балапаныма жем,тары тауып беріңдерші.

-Тауық бізде жем де,тары да бар.Тапсырмаларымды орындасаң ғана береміз.

Тауық:Ендеше,балалар,сендер маған көмектесіңдерші.

1-тапсырма: Жұмбақ шешу

Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

Ол не?

2-тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?

Тауық: Балалар,сендер маған көп көмектестіңдер.Рахмет, енді қайтайын.(Тауық балапан ын алып шығып кетеді).

Сергіту сәті.

Ән: «Шөжелерім»

Шеп-шеп,шөжелерім,

Сары алтындай балапаным.

Тез жетіңдер,жем беремін,

Дәнге толы алақаным.

Дидактикалық ойын:

« Анасын тап »

Ойынның шарты бойынша балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суреттері үлестіріледі.

Қорытынды бөлім: Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып үйренгендерін пысықтайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі