Күні:
Сыныбы: 11
Пәні:физика
|
Сабақтың аты
|
§2.10. 2.11. Трансформатор.Электр
энергиясын өндіру және жеткізу
|
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
|
Жалпы мақсаты
|
|
|
Күтілетін нәтиже
|
-
Трансформатор.Электр
энергиясын өндіру және жеткізу жайлы мағлұмат
алады
-
Трансформатор.Электр
энергиясын өндіруді техникада қолдана білуге
үйренеді
-
Топта бағалай алатын
болады
|
|
Негізгі идеялар
|
Қуаттың тұрақты дерлік мәнәнде айнымалы ток
кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы ток трансформациясы
дейді. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал
трансформатор деп аталады.
Ойлап табушы: 1878 ж. П.Н.Яблочков, жетілдірген
1882 жылы И.Ф. Усагин.
Құрылысы және схемадағы шартты
белгісі

|
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс «Жигсо»
|
|
Тапсырмалар
|
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
|
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс «есептер
шығару»
|
Сабақ бойынша мұғалімнің
жазбалары: (мұғалім және оқушы немен
айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2.
Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа
бөлінеді)
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау (4
минут)
-
Тұрақты ток дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Генератор деген қандай құрылғы?
-
Олай болса тұрақты ток генераторы дегенді қалай
түсінесіңдер?
ІІІ.
Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3
минут)
-
Трансформатор қандай мақсаттарда
қолданылады?
-
Трансформатордың жұмыс істеу принципін
түсіндіріңдер.
-
Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың
қандай жолдары бар?
-
Неге жоғары вольтты электр желісі
қолданылады?
ІҮ. Топтық жұмыс
«Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы,
хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс
төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен
бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған
жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау
парағы
|
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген
рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық
жұмыс «Пилот - Штурман» (5
минут)
(Штурман – басқарушы, пилот –
орындаушы)
Берілген тапсырманы түсіндіру,
яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп
отырады.
-
трансформатор 2) электр
энергиясын жеткізуге мысал келтір
Жұптың пікірлерін тыңдау,
барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына
сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «есептер
шығару» (13 минут)
№2.1.1.
Ауданы
200 см2 рама индукциясы 0,4 Тл магнит өрісінде 50 рад/с бұрыштық
жылдамдықпен айналады. t=0 уақыт мезетінде рама жазықтығына
жүргізілген нормаль өріс индукциясының сызықтарына параллелб.
Магнит ағыны мен ЭҚК-нің уақытқа тәуелділік теңдеуін
жазыңдар.
№2.1.4.
Айнымалы токтың циклдік
жиілігі 100π рад/с. Айнымалы токтың периоды мен жиілігін
табыңдар.
№2.1.9.
Ауданы
300 см2 раманың 200 орамы бар және ол индукциясы
1,5∙10-2 Тл біртекті магнит өрісінде айналады. егер индукцияның ең
үлкен ЭҚК-і 14,4 В болса, оның айналу периоды неге тең? Раманың
айналу осі магнит өрісінің күш сызықтарына
перпендикуляр.
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен
бағалау.
ҮІ. Кері
байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3
минут)
|
Кейінгі
тапсырмалар
|
№2,1,10
|
|
Кейінгі оқу
|
§2.10. 2.11. Трансформатор.Электр
энергиясын өндіру және жеткізу
|