400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Трансформер және лего ойыншықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерімен іс-тәжірибе бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан Обылысы,

Теректі ауданы,

Ақжайық ауылы

«Айгөлек» МКҚК бөбекжайы

Нуртазина Зиягул Амантаевна

Тәрбиеші




«Трансформер және лего ойыншықтары»

Үнемі өз үндеулерінде елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы мектепке дейінгі мекемелерге үлкен міндет жүктейді.Биылғы жаңа жолдаған жолдауларында да : « Мектепке дейінгі білім сапасын түбегейлі жақсарту керек » -деген талабын ескере отырып, қазіргі таңда балаларға танымдылық,шығармашылық , коммуникативтік, әлеуметтік қабілеттерін дамытуға жіті назар салған жөн деп есептейміз, осы тұрғыда бізде жаңа тақырыптың мазмұнын айқындап ,трансформер және де лего ойыншықтарының маңыздылығын сипаттап ,олардың мақсат-міндетімен тиімділігін анықтадық:

Жалпы, «Трансформер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда пішінді өзгерту ,түрлендіргіш деген мағынаны білдіреді.Ең алғаш рет 1983ж Американың ойыншық фирмасының директоры Джордж Дайсен осы трансформер ойыншығын ойлап тапқан.

Трансформерлер мен леголардың тиімділігі:

Мектепке дейінгі балалар бұл ойыншықпен ойнай отырып, олардың тілін және сенсорлық –сезіну қабілеттерінің әр түрлі мақсат- міндеттерін ықпал етеді, балалардың ақыл-ойлары, зейіні, есте сақтау қабілеттерінің қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, танымдылық қабілеттерін жетілдіріп , мектепке оқуға дайындайды.

Ал, LEGO –өзімен бірге алуан түрлі нәрселерді құрастыру мен модельдеу үшін арналған бөлшектер жиынтығын әкелетін ,ой қабілеттілікті дамытатын ойыншықтар топтамасы LEGO ойыншықтарын компюьтерлер тобы шығарады.Оның бас кеңсесі Данияда.Компанияның негізгі өнімдері бұл пластмассадан жасалған кірпіштер, басқа да кішкентай бөлшектер және конструкторлардан көлік құралдарын, ғимарат және роботтар жасауға болады. Барлық жасағандарды ажыратып қайтадан басқа зат қайтадан жасауға болады.

« Ойыншық –ойынның «материалдық негізі» ол ойынның қызметінің дамуы үшін керек, оның көмегімен бала ойындағы бейнені жасайды ,өзін білдіреді» деп саналы пікірін қалдырған болатын А.С Макаренко, бізде ендігі кезекке «Трансформер» және «Лего» ойыншықтарының мақсаты, маңызы, құндылығы ,тиімділігі жайлы тоқталсақ:

Мақсаты:Т.Л Мектепке дей Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үрдісінде балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету.Өзімен бірге алуан түрлі нәрселерді құрастыру мен моделдеу үшін арналған бөлшектер жиынтығын әкелетін ,ой қабілеттілікті дамытатын ойыншықтар болып келеді.

Мектеп жасына дейінгі орта жастағы балаларды ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан , ойыншықтардың мөлшеріне сай түрлі көлемдегі пішіндегі бөлшектерді қолданып құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.Балаларды бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге үйрете, мектепке дейінгі ортаңғы жастағы балалардың құрастыру іскерліктері мен дағдыларын дамыту.Жалпы, мектепке дейінгі жастағы балалардың құрастыру іскерліктері мен дағдылары кеңінен жетіледі.Балалар құрылысты өз қалауымен орнатуға ,оларды сюжет бойынша біріктіру және қалпына келтіруге үйреніп, шыдамдылыққа тәрбиеленеді.Балалар құрдастарымен өзара жақсы қарым-қатынас орнатуға оң әсерін тигізіп, балалардың шығармашылық қиялымен , көркемдік талғамы кеңейеді. Танымал ғалым педагог, философ , профессор Джон Дьюдің «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідей оқытатын болсақ , онда біз оның ертеңін ұрлаймыз » деген ойына сүйене отырып балалардың бойындағы құлшыныс, талпыныс секілді қасиеттерін жетілдіріп балаларды келешекке жетелеп, игі іс бастап отырғанымызға нық сенімдіміз. Оқу- тәрбие үрдісінде балалар ойнап отырмыз деген ойда отырады, ал ,шындығында біз олардың қызығып, таңқалып, шабыттанып көбіне белсенділікпен жұмыстанып отыратынын байқаймыз, сондықтанда , бұны одан әрі жетіле беруіне жағдай жасамақшымыз.. Демек, «Трансформер», «Лего» ойындарының маңыздылығын үйретудегі ойындар топтамасына тоқталсақ : - «Құпия есік», «Кел, санайық», «Лабиринт» , «Күн қалқан», «Сиқырлы моншақ», «Джесси ханым қонақта», «Поли достарымен», «Көңілді ребус»,«Көшедегі көліктер» , «Тобот», «Бала бол бағдарламасында» т.с.с Бұлардың барлығы жұмысымыздың нәтижесінің тиімді болуына зор септігін тигізеді.

Т.Л ойыншықтарының құндылығы: Ол м.д балаларға қолдануға қолайлығында, яғни, оның қарапайымдылығында,оны ата-аналар ,арнаулы мамандарды ( тәрбиеші, дефектолог және ауытқушылықтарды түзету топтарының мамандары қолдануға болады.

Біз осы ойыншықтарын іс-тәжірбиемізде қолдану балаларды тәрбиелеп дамытудағы өте тиімді әдіс екенін түсінеміз. Бұлар балалардың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектессе, сонымен бірге ойыншықпен ойнап жүріп ,бала затты танып ,оның түрін, көлемін, түсін ажыратуды, есептік ара қатынас, сан,кеңістік жайлы ұғымдары нығаяды деп білеміз , осы тұрғыда бұл трансформер мен лего ойыншықтарының қолданудағы маңызы анықтала түседі.

Т.Л ойыншықтарының маңызы:

Shape1

«Мектеп жасына дейінгі балаларды трансформер және лего ойындары арқылы жан-жақты дамытудың маңыздылығы » тәжірбиелік жылдық жоспары.




Балалардың сенсорлық қабылдау жүйесін,заттық әрекетті қалыптастыру, қоршаған ортаны бағдарлауын кеңейту,бала тілін дамыта коммуникативті –тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, тіл мәдениетінің, балалардың байластырып сөйлеуін және мінез-құлық мәдениетінің, балалардың байланыстырып дағдыларын, құрбыларымен, ересектермен жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру жұмыстарын жетілдіруге бағытталғандығын білдіреді. Shape2

Айы

Апта

Тақырыбы

Мақсаты

Ойындар





Қыркүйек





1.








«Ғажайып алаң»



Балалардың қызығушылығын арттыру. «Трансформер», «Лего» ойыншықтарымен таныстыру.Логикалық ойлау белсенділігін жетілдіріп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


«Қандай зат»

«Топтастыру»

«Ретімен қой»



2




«Түстер әлемі»

Балаларға негізгі түстерді үйретуді жалғастыра,олардың құрастыра білу қабілеттеіліктерін жетілдіріп,танымдық ,коммуникативтік, ақпараттық құзіреттілігін молайтып ,ой- түйсігі, қиялын дамыту,сенсорлық ойлауын жетілдіреді.



«Тауып көр»


«Сәйкестендіру»


«Қай түс жоқ»

Қазан

1

«Сиқырлы лего»

Балалардың ойын арқылы ойлауын ,өз бетінше жұмыстана алуын , есте сақтау,бақылау қабілеттерін жетілдіру.Зеректілікке тәрбиелеу.


«Өзгешілігін тап»


«Кім шапшаң»


2

«Ой және ойлау»

Балаларды логикалық ойлауға, салыстыра білу, ұқсас және әр түрлі заттарды табу , , өз ойларынан жұмбақ шеше білуге үйрету.


«Тез ойлан»

«Құпия есік»

«Артығын тап»

Қараша




1

«Топтастыру»

Балалардың топтастыра білу қабілетін дамыту. ( көлем, түс,пішін)Қарапайым қорытынды жасай білуге үйрету.

«Зейінді бол»

«Сөзсіз жұмбақ»


2





«Дымбілмеске көмектесу»



Балаларды үлкендердің нұсқауы бойынша нақты жұмыстана білуге жаттықтыру.Сөйлеу және логикалық ойлауын дамыту.



«Сиқырлы қалта»

«Көңілді ребус»


Желтоқсан

1




«Бұны білу қызық»

Балалардың назар аудару қабілеттерін дамыту.Үлгі бойынша әрекет ету қабілеттерін қалыптастыру.Заттардың бірнеше белгілерін салыстыруды үйрету.



«Лабиринт»

«Көшедегі көліктер»

«Робот Поли»




2






«Бала бол»

(телевизиялық бағдарлама)

Балалардың қызығушылығын арттырып,теледидар арқылы көру,есту қабілеттерін жетілдіру.Балалардың шығармашылығы мен ойлана білу,қабілеттерін үдете, зейінділікке тәрбиелеу.


«Тез ойлан»

«Робот Поли достарымен»

Қаңтар

1

«Джесси ханым қонақта»

Балалардың қызығушылығын арттырып, қиялдау ,есте сақтау , зерделеу үлгі бойынша әрекеттене білу қабілеттерін жетілдіру.Балалардың терең ойлай білуін, ептілігін дамыту.




«Білгенге маржан»

«Ой қозғау аялдамасында»

2

«Зерттеушілер»

Балалардың «Трансформер», «Лего» жайлы ұғымдарын кеңейту.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту,жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

«Ғажайып алаңда қонақта»

«Тепе-тең»

Ақпан

1

«Кім жылдам құрастырады»


Балаларды ширақтылыққа, тез ойлануға тәрбиелеу.

«Тосын сый»




2

«Көңілді ребус»

Балалардың бір және көп ұғымдарымен заттарды санап, атап түстей біле,тез ойлана білуге үйретіп , тапқырлыққа тәрбиелеу.


«Ребустар»




Наурыз

1

«Легомен ойын»

Балалардың кеңістікті бағдарлауын, көзбен қабылдауын жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру, тәрбиелеу




«Күнқалқан»

2

«Ойлан тап»

Балалардың бөлшектеп бүтін құрастыру дағдыларын дамыту.Көру, есту,сақтау қабілеттерін жетілдіру.


«Алғыр бала»


Сәуір










1





«Трансформерлер қонақта»




Балалардың қызығушылықтарын арттыру, ойын- тапсырмалар орындату арқылы білімін арттыру.


«Бала бол бағдарламасында»



2


«Бала бол бағдарламасында»


АКТ қолдану арқылы зеректілікке тәрбиелеу.

«Сиқырлы айна»

Мамыр


1






«Жыл мезгілі»

Балалардың жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айта білуге үйрету.Табиғат ерекшеліктері туралы білімін дамыту.



«Қатарды жалғастыр»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
1012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі