Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Транскрипция принциптерін; Посттранскрипциялық модификацияны; Трансляция процесін сипаттауды
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4-ӘП11

Шығарылым:5, 2023ж.

Қайта қарау:4

Беттер 7


«Келісілді»

Колледж әдіскері

____ Г. Жаутикова

Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері.

Модуль: Жалпы білім беру пәндер

Пән атауы: Биология

Педагог: Матаева Алтынай Кожановна

2025 жылғы " 27 " 02

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс (9 сынып) І Мейіргер ісі «А»

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» (Бақылау диктант, «Кинометафора» әдісі, миға шабуыл сұрақтар)

Пәнаралық байланыс: Химия, Физика, Медициналық биология генетикасымен

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

Нәруыз биосинтезі процесіндегі транскрипция мен трансляцияны сипаттап үйрену;

Пре-м рибонуклеин қышқылының посттранскрипциялық модификациясының рөлін оқып білу;

Тәрбиелік:

-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

-ой өрісін кеңейту:

-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;

-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;

-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;

Дамытушылық:

-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;

Құндылық:

-сыни және креативті ойлау;

-білуге жаңаны тануға құштар болу;

-дұрыс қарым қатынас орната білу;

2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

2.2. Күтілетін нәтижелер

Транскрипция принциптерін;

Посттранскрипциялық модификацияны;

Трансляция процесін сипаттауды

2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Сабақты жабдықтау

Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 11 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізі: Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова Биология. Оқулық.11 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/11-class/#Биология 22-27 беттер

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class

3.2.Техникалық құралдар, материалдар

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта


4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін бақылау диктант арқылы тексеріледі.

Молекулалары құрылысы мен қызметі. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Бақылау диктант (15 сұрақ және жауаптарымен)

1. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) қандай негізгі қызмет атқарады?
Жауап: РНҚ генетикалық ақпаратты жүзеге асыруға қатысады, ақуыз синтезіне қатысады.

2. РНҚ молекуласының негізгі құрылымдық бірлігі қандай?
Жауап: Нуклеотид.

3. РНҚ қандай негізгі компоненттерден тұрады?
Жауап: Азотты негіздер (аденин, урацил, гуанин, цитозин), рибоза қант молекуласы және фосфат тобы.

4. РНҚ-ның қандай түрлері бар?
Жауап: Матрицалық (ақпараттық) РНҚ (мРНҚ), тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ), рибосомалық РНҚ (рРНҚ).

5. ДНҚ мен РНҚ құрылымының қандай негізгі ұқсастықтары бар?
Жауап: Екеуі де нуклеотидтерден тұрады, фосфат топтары бар, генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау қызметін атқарады.

6. ДНҚ мен РНҚ арасындағы басты айырмашылық неде?
Жауап: ДНҚ – қос тізбекті, дезоксирибоза қантынан тұрады, тимин негізі болады. РНҚ – бір тізбекті, рибоза қантынан тұрады, урацил негізі болады.

7. ДНҚ мен РНҚ-ның құрамындағы азотты негіздердің айырмашылығы қандай?
Жауап: ДНҚ құрамында тимин болса, РНҚ құрамында оның орнына урацил болады.

8. РНҚ қайда синтезделеді?
Жауап: Ядроның ішінде (мРНҚ), цитоплазмада, рибосомаларда.

9. Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) қандай қызмет атқарады?
Жауап: Рибосоманың құрамына кіріп, ақуыз синтезін жүзеге асыруға қатысады.

10. Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) қандай рөл атқарады?
Жауап: Ақуыз синтезі кезінде аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдайды.

11. Ақпараттық (мРНҚ) РНҚ-ның қызметі қандай?
Жауап: ДНҚ-дан генетикалық ақпаратты көшіріп, рибосомада ақуыз синтезін қамтамасыз етеді.

12. РНҚ молекуласы қандай ферменттің көмегімен синтезделеді?
Жауап: РНҚ полимераза ферментінің көмегімен.

13. РНҚ қай жасушаларда кездеседі?
Жауап: Барлық тірі жасушаларда және кейбір вирустарда (РНҚ-вирустар).

14. РНҚ вирустарында қандай ерекше қасиет бар?
Жауап: Олардың генетикалық материалы ретінде ДНҚ емес, РНҚ қызмет атқарады.

15. ДНҚ мен РНҚ-ның эволюциялық маңызы қандай?
Жауап: РНҚ эволюциялық тұрғыдан алғашқы генетикалық материал болып саналады, себебі ол өздігінен репликациялана алады және катализдік қызмет атқарады.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

Жаңа сабақтың жоспары:

«Кинометафора» тәсілімен Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері тақырыбында бейнекөрсетілім:

https://www.google.com/search?q=%D0%A2%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BA%D1%80%D0%B8%D0%BF%D1%86%D0%B8%D1%8F.+%D0%A2%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BB%D1%8F%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BD%D1%8B%D2%A3+%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96+&sca_esv=fb875f67547db07d&udm=7&biw=1366&bih=641&sxsrf=AHTn8zpMR6OJmHynf1xKjEERvuJ386GtHg%3A1740389975128&ei=Vz68Z4O9B522wPAPxpWmoA0#fpstate=ive&ip=1&vld=cid:48086f1b,vid:GAKrchAvm7M,st:0

Транскрипция (РНҚ синтезі). Нәруызды синтездеу алдында олардың құрылысы туралы ақпаратты ДНҚ-дан "алу" және оны нәруыз синтезі жүретін жерге жеткізу қажет. Мұнымен ақпараттық немесе матрицалық РНҚ айналысады. Сонымен қатар жасушаға аминқышқылдарының жеткізушісі - тасымалдаушы РНҚ мен нәруызды синтездейтін органел- лалардың құрылымдық компоненттері, яғни рибосомалық РНҚ қажет. Тасымалдаушы және рибосомалық РНҚ құрылысы туралы барлық ақпарат ДНҚ-да орналасады. Сондықтан ДНҚ матрицасында РНҚ-ның биосинтезі ДНҚ-дан РНҚ-га көшіріп жазу немесе транскрипция процесі ағылш. transcription көшіріп жазу) журеді.

Транскрипция кез келген организмде генетикалық ақпаратты жүзеге асырудың гендер экспрессиясының бірінші кезеңі болып саналады. Біріншілік транскрипттер жетілген м-РНҚ пре-м-РНҚ-ның тек негізін қалаушылары гана болып табылады, олар өз қызметтерін атқару алдында посттранскрипциялық модификация деп аталатын өзгерістерге үшырайды.

Кез келген матрица биосинтездегідей транскрипцияда бес қажетті элементті ажыратады:  

матрица - ДНҚ тізбектерінің бірі;

осуші тізбек

синтезге арналған субстрат-рибонуклеотидтер (УТФ, ГТФ, ЦТФ, АТФ);

энергия көзі УТФ, ГТФ, ЦТФ, АТФ;

РНҚ-полимераза ферменттері және транскрипцияның "нәруызды" факторлары.

РНҚ биосинтезі транскриптон деп аталатын ДНҚ бөлігінде жүреді.Оның бір шеті промотормен (басы), екінші шеті терминатормен (аягы) шектелген.

Эукариоттардың РНҚ-полимеразалары екі үлкен және бірнеше кіші суббірліктен тұрады.

Транскрипция принциптері:

комплементарлық м РНК ДНҚ-ның матрицалық тізбегіне компле ментарлы және ДНҚ-ның кодтайтын тізбегіне ұқсас болады;

антипараллельді

униполярлық;

РНҚ-полимеразага праймер қажет болмайды;

асимметриялық.

Атап айтқанда, транскрипция процесі барлық қатысушылардың болуын қажет етеді:

нуклеотидтер (м-РНҚ тізбегі өсуі үшін);

матрица

транскрипция ферменттері - РНҚ-полимеразалары (10-сурет).

Пре-м-РНҚ-ның таңғаларлық посттранскрипциялық модификация- ларының бірі - оның алғашқы құрылымын түзетіп шығуы. Нәти- ежесінде сәйкес генде сақталатын генетикалық ақпараттың мәні пост транскрипциялы түрде өзгереді. Эукариоттарда алдымен пре-м-РНҚ пайда болады. Жетілген м-РНҚ биосинтез жүретін орнынан (ядродан) трансляция орнына (цитоплазмалык рибосомалар) жеткізілуі керек, РНҚ-ның посттранскрипциялык модификациялары генінің молац калы құрылымына байланысты эукариоттарга тон, 5'-алдынғы мРНҚ кобінесе транскрипциялық түрлендіруге ұшырайды, натижесінде оны 3-шеткі нуклеотидіне гуанозин калдығы қосылады.

Мұндай транскрипциялық модификация м РНҚ жетілуініп келед кезені сплайеннәтін жүзеге асуына жағдай жасайды. Оның барысында интрондардың бірізділігі үзіліп, экзондар бірігеді, м-РНҚ-ны үздіксіз кодтаушы реттілігі жалғасады. Дәл сол мезетте 3-сонынан эндонуклеазды ыдырау жолымен РНҚ-ның артык фрагменттері болінів, калган бөліміне поли(А)-реттілігі келіп қосылады. Бұл реакциялардың жиынтығы - РНҚ-ның полиаденилденуі деп аталады.

Осындай пре-м-РНҚ-ның транскрипциялық жопе посттранскрип пиялык модификацияларынан кейін қалыптасқан, тұрақты жетілген м-РНҚ ядродан цитоплазмага, ягни рибосомалар көмегімен тиімді трансляциялана алатын жасушаішілік аймагына тасымалданады. Посттранскрипциялық модификацияның ор кезені сойкос гендердін экспрессиялану деңгейін реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.

Трансляция (лат. translatio аудару) аминқышқылдарынан нәруызды ақпараттық (матрицалык) РНҚ (а-РНК, м.РНҚ) матрица сында рибосомалар комегімен синтездеу процесі.

Наруыз синтезі жасушаның тіршілік әрекетінің нerial. Bya процесті барлық органнамде жүзеге асырушы арнайы органеллалар рибосомалар болады. Рибосомалар үлкен жоне кіші суббірліктен куралган рибонуклеопротеидті кешендер. Рибосомалардың қызметі м-РНҚ-ның үш пуклеотидті кодондарын танып, аминқышқылдарды тасымалдаушы т-РНҚ-ның антикодондарымен сойкестендіру жопе осы аминқышқылдарды нәруыз тізбегімен байланыстыру. Рибосома м-РНК молекуласы бойымен қозғалып, нәруызды м-РНҚ молекуласында жинақталған ақпаратқа сәйкес синтездейді.

Жасушадағы аминқышқылдарды танып білу арнайыландырылган "адаптерлер" - тасымалдаушы РНҚ (т-РНК) молекулалары комегімен жүзеге асырылады. Беде жапырағы іспетті бұл молекулаларда м-РНК кодонына комплементарлы болігі (антикодон) болады. Сондай-ак амин қышқылдар келіп қосылатын сол кодонга сайкес қосымша үлескісі болады.

Аминқышқылдарын т-РНҚ-га қосу аминовцил-т-РНҚ-синтеза фер менттерімен энергияга тоуелді реакцияга жузеге асырылады, ал алынган молекула аминоацил-т-РНҚ деп аталады. Осылайша трансляцияның ерекшелігі м-РНҚ коды мен т-РНҚ антикодоны арасындағы өзара оре кеті, сондай-ақ аминқышқылын қатаң түрде сәйкес т-РНҚ-га косатый аминоацил-т-РНҚ синтетазаның қасиеті арқылы анықталады (мысалы, ГГУ кодонына ЦЦА антикодоны бар т-РНҚ сэйкес келеді, ал т-РНҚ-га глицин аминқышқылы).

Трансляция процесі рибосомада жүреді және үш кезеңнен тұрады:

-инициация - рибосоманың старттық кодонды тануы және синтездің басталуы;

-элонгация - нәруыз синтезінің өзі;

-терминация терминациялаушы кодонды (стоп-кодон) тануы және өнімнің бөлінуі (11-сурет).

Инициация, нәруыз синтезі көп жағдайда метионинді кодтайтын АУГ кодоннан басталады. Бұл кодон, әдетте, бастаушы немесе инициа тор деп аталады. Трансляция инициациясы рибосома осы кодонды танып, инициаторлық аминоацил-т-РНҚ-ны тартуымен басталады. Трансляция басталуы ушін прокариоттар мен эукариоттарда старттық кодон айналасында белгілі бір нуклеотидті реттілік болуы керек.

Старттық АУГ-ті басқалардан ерекшелендіріп тұратын реттілік бо- луы қажет, олай болмаса, барлық АУГ-кодондардағы нәруыз синтезінің инициациясы ретсіз жүрер еді.

Про және эукариоттардың трансляция инициациясы механизмдерінін біршама айырмашылығы бар: прокариот рибосомалары АУГ ини- циаторларын табуға және м-РНҚ-ның кез келген жерінде синтезд инициациалауға қабілетті, ал, өз кезегінде, эукариотты рибосомалар негізінен, кэп аумағында м-РНҚ-га қосылып, бастапқы кодонды табумақсатында оны сканерлейді. Промоторда транскрипцияның бастал сигналы ТАТА-бокс болады. Бұл инициацияның алғашқы факт ры ретінде ТАТА-факторды байланыстырушы ДНҚ нуклеотидтеріні белгілі бір реттілігі ТАТА-фактор транскрипция үлгісі ретінде па даланатын (ДНҚ матрицалық жіпшесі) РНҚ-полимеразаның ДНК ға қосылуын қамтамасыз етеді. Промотор ассиметриялы (ТАТА болғандықтан, ол РНҚ-полимеразаны тек бір бағытта байланысты рады, яғни транскрипция бағытын 5-басынан 3-басына (5-3) қарай анықтайды. РНҚ-полимеразаны промотормен байланыстыр үшін инициацияның тағы бір факторы - о-фактор (грек. о Сигма қажет, бірақ о-фактор РНҚ-ның бір фрагментінің (8-10 рибонукле тид) синтезінен кейін ферменттен үзіліп түседі. Инициацияның бас факторлары РНҚ-полимераза алдында ДНҚ спиралінің орамдары жазады.

Элонгация. Полипептидтік тізбекті өсіру процесіне нәруыздың екі факторы қатысады. Біріншісі рибосомаларға аминқышқылданған (аминқышқылымен "зарядталған") т-РНҚ-ны тасымалдайды. Рибо

сома т-РНҚ-мен байланысқан пептидтің тасымалдануын және ондагы аминқышқыл қалдығымен пептидтік байланыс түзілуін катализдейді Осылайша өсіп келе жатқан пептид бір аминқышқылының қалдығына ұзарады. Содан кейін екінші нәруыз транслокацияны катализдейді. Транслокация рибосоманың м-РНҚ бойымен бір триплетке оры ауыстыруы және жаңа ұзарту, яғни элонгация цикліне дайын болуы Нәруыздың ұзару факторлары РНҚ-полимеразаның ДНҚ бойымен қозғалуын қамтамасыз етеді және ДНҚ молекуласын шамамен 17 нуклеотид жұбы ұзындығы шамасында ширатады. РНҚ-полимераза секундына 40-50 нуклеотид жылдамдығымен 5-3 бағытында алға жылжиды. Фермент бір мезгілде субстрат және энергия көзі ретінде АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ-ті қолданады.

Терминация. Нәруыз синтезінің аяқталуы рибосомада стоп-кодондар дың бірі: УАГ, УАА, УГА болған жағдайда жүзеге асады. Себебі бұз кодондарға сәйкес келетін т-РНҚ болмайды. Осы жерде м-РНҚ-дав полипептидтік тізбектің үзілуін катализдейтін арнайы нәруыздар іске қосылады. РНҚ-полимераза терминациялайтын кодондарга жеткенде тоқтайды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

1-вариант

"Есте сақтау" деңгейі

1. Транскрипция процесі қай органоидта жүреді?
A) Рибосомада
B) Цитоплазмада
C) Ядрода ✅
D) Лизосомада
E) Гольджи аппаратында

2. Трансляция процесіне қандай РНҚ қатысады?
A) мРНҚ
B) тРНҚ
C) рРНҚ
D) Барлығы ✅
E) Ешқайсысы

3. Транскрипция кезінде қандай фермент қолданылады?
A) ДНҚ полимераза
B) РНҚ полимераза ✅
C) Лигаза
D) Геликаза
E) АТФ-синтетаза

"Түсіну" деңгейі

4. Транскрипция дегеніміз не?
A) ДНҚ-ның екі еселенуі
B) ДНҚ-дан РНҚ синтезделуі ✅
C) РНҚ-дан ақуыз синтезделуі
D) Рибосомада ақуыздың жинақталуы
E) Генетикалық кодтың өзгеруі

5. Трансляцияның басталу кезеңінде қандай процесс жүреді?
A) рРНҚ синтезі
B) тРНҚ-ның аминқышқылдарын рибосомаға жеткізуі ✅
C) ДНҚ-ның екі еселенуі
D) Рибосоманың бөлшектенуі
E) Полипептид тізбегінің үзілуі

6. Ақуыз синтезінің қай кезеңінде пептидтік байланыс түзіледі?
A) Инициация
B) Элонгация ✅
C) Терминация
D) Транскрипция
E) Репликация

"Қолдану" деңгейі

7. Егер матрицалық ДНҚ тізбегі – АТГЦГА болса, оған сәйкес мРНҚ қандай болады?
A) ТАЦГЦТ
B) УАЦГЦУ ✅
C) ГЦТАГЦ
D) АУГЦГА
E) ЦГАТЦГ

8. Егер мРНҚ триплеті ГГА болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай?
A) ГГА
B) ЦЦУ ✅
C) ААГ
D) ГГЦ
E) ГГГ

9. Егер ДНҚ тізбегі – ЦГАТЦА болса, сәйкес мРНҚ қандай болады?
A) ГЦУАГУ ✅
B) ГЦТАГУ
C) УАГЦТГ
D) ГЦТАГТ
E) АГЦУЦА

2-вариант

"Есте сақтау" деңгейі

1. Трансляция қай жерде жүреді?
A) Ядрода
B) Митохондрияда
C) Рибосомада ✅
D) Гольджи аппаратында
E) Лизосомада

2. Трансляцияның соңғы кезеңі қалай аталады?
A) Инициация
B) Элонгация
C) Терминация ✅
D) Репликация
E) Транскрипция

3. Транскрипция нәтижесінде қандай молекула түзіледі?
A) ДНҚ
B) мРНҚ ✅
C) Ақуыз
D) тРНҚ
E) Аминқышқыл

"Түсіну" деңгейі

4. тРНҚ-ның басты қызметі қандай?
A) ДНҚ-дан ақпарат тасымалдау
B) Рибосоманы құру
C) Ақуызға қажетті аминқышқылдарды тасымалдау ✅
D) ДНҚ синтезін реттеу
E) АТФ өндіру

5. Трансляция кезінде қандай молекула рибосомаға бірінші болып қосылады?
A) мРНҚ ✅
B) тРНҚ
C) рРНҚ
D) ДНҚ
E) Липид

6. Трансляцияда қандай негізгі процесс жүреді?
A) ДНҚ-ның екі еселенуі
B) РНҚ-дан ақуыз синтезделуі ✅
C) ДНҚ-дан РНҚ синтезделуі
D) Жасушаның бөлінуі
E) Ферменттердің активтенуі

"Қолдану" деңгейі

7. Егер мРНҚ-дағы кодон – АУГ болса, оған сәйкес аминқышқыл қандай?
A) Глицин
B) Метионин ✅
C) Аланин
D) Триптофан
E) Серин

8. Егер мРНҚ триплеті ЦЦГ болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай?
A) ГГЦ ✅
B) ГГА
C) ААГ
D) УУЦ
E) ЦЦГ

9. Егер ДНҚ тізбегі – ГЦТАГЦ болса, оған сәйкес мРНҚ қандай?
A) ГЦУАГУ ✅
B) АУГЦГА
C) ТАЦГЦТ
D) ЦГАТЦГ
E) АТГЦГА

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.


VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

Тапсырма: Трансляция мен транскрипцияның процестерінің ерекшеліктерін анықтау.

Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова Биология. Оқулық.11 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/11-class/#Биология 22-27 беттер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі