400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сабақ 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақытым да байлығымда ден саулық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Бақытым да, байлығым да – денсаулық.

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал – ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдет ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: Слайдтар

Барысы:

Мұғалім: Құрметті мұғалімдер және оқушылар.Бүгінгі 5 «Ә» сыныбының «Бақытым да, байлығым да –денсаулық» тақырыбындағы ашық тәрбие сабағына хош келдіңіздер! Баланың дені сау болса ол мектепке келе алады.Достарымен бірге ойнап,күліп сабағын оқып ,үйіне көңілді барады.Балаларды әртүрлі зиянды ішімдіктер мен зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырамын.

1-жүргізуші: Ернар

Халқымыздың алаулап оттай жаны,

Қанымызда қаншама кек қайнайды

Еркін еліміз, біз бүгін ерікті лебіз

Көтерілген көгінде көк байрағы, - деп ақындар жырлағандай еліміз еркіндік алып, өз алдында отау тігіп, ерікті ел, тәуелсіз мемлекет болдық.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға сай бүгінгі өткізгелі отырған «Бақытым да, байлығым да – денсаулық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Айсауле

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – «бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдет ішімдіктен, нашақорлық пен шылым шегушіліктен сақтандару, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресе білетін білімді тұлға тәрбиелеу. Айбек:Көк түтінге жас өкпеңді ыстама

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір

Әуес көріп ұстамасты ұстама

Назерке:

Иманыңды, дидарыңды

Тазалап ал, қазағым

Ұрпақтарың, ұл-қыздарың

Түзу бассын қадамын!

Айдана:

Жігерің бар,талабың бар, қайратың

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын

Өз-өзіңдіұстай білсең тартынып

Өмірің бар алда әлі солмайтын

Жаман әдеттерден жирендіретін, денсаулыққа зиянды әдеттерге байланысты мақал-мателдер мен ұлағатты сөздер айту.

Мадина:

  • Сақ жүрсең, сау жүресің

  • Ұйқы тынықтырады

  • Жұмыс шынықтырады

  • Денің сау болса, жарлымын деме

  • Тыста ұзақ жүргенің, ұзақ өмір сүргенің

  • Елемеген ауру жаман

  • Іздеп алған аурудың емі табылмас

  • Демі бардың – емі бар

  • Сырқат – тән жарасы

  • Қайғы – жан жарасы

Ербол:

Жағымсыз иістен аулақ бол

Жақсы іске жақын бол

Темекімен жау болып

Адамдыққа асық бол

Меңдіқали:

Салауатты өмір салтын қолдайық

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық

Өз өмірің өз қолыңда ей жастар

Су ішпеген гүлдей болып солмайық

Зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап берейік.

  1. Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабын білесіңдер? (Ұлағатты ұстаз)

  2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)

  3. Темекі құрамындағы улы зат?(никотин)

  4. Шылымның зияны тиетін мүше (өкпе)

  5. Салауаттылық сөзінің негізі мағнасы қандай?

(Парасатты, байыпты, ақылда, сабырлы, ойлы, зерделі)

  1. Туберкулезге қарсы күрес күні? (24-наурыз)

  2. Дүниежүзлік СПИД-пен күрес күні? (1-желтоқсан)

Жансая:

Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет

Қалу керек өмірдің бұлағы боп

Қалу керек өмірдің шуағы боп

Жазира:

Денсаулықты сақта тұзу өсесің

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің

Харамменен тәніңді улап не етесің

Жаман әдет көп шектірер қасірет

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің

Көрініс: «Жаман әдеттер»

Хормен:

Арақ ішпесін

Денім сау болсын десе...

Хормен:

Арақ ішпесін

Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе...

Хормен:

Арақ ішпесін

Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе...

Хормен:

Арақ ішпесін

Кімде-кім өз отбасына сүйікті жар боламын десе...

Хормен:

Темекі тартпасын

Әнші болғын келсе...

Хормен:

Темекі тартпасын

Ғалым болғың келсе...

Хормен:

Темекі тартпасын

Білімді, ақылды азамат болғың келсе...

Денсаулықтарыңыз мықты, жанұяларыңыз қуанышқа толы болсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі