400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сабақ 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты аялау. Елін жерін сүю
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аяласаң табиғатты аяла!


Сабақтың мақсаты:

1.Өлкеміздің табиғаттағы экологиялық проблемалар туралы оқушылардың ой-пікірлерін айта білуге үйрету.

2.Елін,жерін сүюге,табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Хор.Әнұран.

2.Кіріспе.

Мұғалім:Өндіргіш күштерінің тез қарқынымен дамуы,еңбек өнімділігінің артуы, халқымыздың халахуалының жақсаруы,табиғат байлығын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты.Бірақ адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту,сондай-ақ,топырақты,су көздерін,ауаны ластау арқылы жүзеге асуда.

Ол,біріншіден,адамзатқа қауіп төндіруде.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ » екенін естен шығармайық,ағайын!

3.Оқушылар табиғат және жас экологтар арасындағы пікір алысу.

Ернар:Маңғыстау табиғатының қазіргі жай-күйі қандай деңгейде деп ойлайсыздар?

1-табиғат:Маңғыстау табиғаты қазір экологиялық қауіпті аймақ деп айтуға болады.Оған мұнай өндіретін кәсіпорындар жыл сайын 37-44 миллион шаршы метір газды жағады.Мұнай өндірілген жерлерге жер асты суын жіберу үшін «Түйе су»жерінен есепсіз су алынып,нәтижесінде «Сенек»ауылының құм астында қалу қауіпі төніп тұр.Теңіз астынан мұнай алу қолға алынғаннан бері бірнеше рет теңізге мұнай төгілді.Сол мұнайдың әсерінен теңіз бүлініп,жылма-жыл итбалықтар мен аққулар қырылуда. Жер астынан мұнай іздеушілердің әр жерді бұрғылап,сансыз техникалардың жерді айқұш-ұйқыш тілгілеуінен 1,5 миллион гектар жердің топырағы азып пайдасыз болып қалған.

Облыста кең көлемде ұлту тас өндіріліп келеді.

Қазіргі кезде қазылған карьерлер қалпына келтірілмей,ашық күйде қалған.Сәл жел болса.ол жерден ұшқан «жасанды шаң»адамдардың мазасын алады.

Бұрынғы Кеңестік кезіндегі уран өндірілген жерлер сол күйінде ашық қалған.Ол жерден ұшқан заттар ауаға тарап,ауаны улауда.

1-эколог: Табиғатты экологиялық қауіптен құтқару үшін:

Ең бастысы,экологиалық бағытта ақпараттарды көбейту;

Өндірісте табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік және сот арқылы айыптар төлетсе: олардан түскен қаражатты табиғатты қорғауға, жасыл желек егуге жұмсау керек;

Мұнай мен газды ауаны ластауды болдырмайтын қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып өндірсе;

Өндіріс қалдықтарын далаға тастамай,қайта өңдеу үшін заводтар салып, қалдықтардан жаңа шикізат өндіріп отырса;

Автокөліктер техникалық байқаудан әділ түрде өткізілуі тиіс;

Алынған уран өндірісінің орны жабылып,ол жерлерге ағаштар егуді қолға алу қажет.

2-Айсауле:Өлкеміздегі экологиялық апат аймағы туралы не білесіңдер?

Мұрасы Оғыздардың Қошқар ата,

Маңынан адам өтпес қылмай бата.

Беріпті бұл аймақта діни дәріс

Қалипан.Сұлтан үпі,Қатам ата

Сан ғұлама түбекте болған екен,

Әруақ ұрпағына қонған екен.

Бір кезде олар салған Гүлзар-бақтың,

Тамыры улы көлмен солған екен

Аймақты мекендеген әркез халық,

Отырған бабаларды еске алып.

Улы көлдің тарихын баяндалық,

Халайық,тыңдаңыздар құлақ салып.

2-табиғат:Маңғыстаудан шығатын аса қымбат кеннің бірі-уран рудасы.1964 жылдардан бастап осынау аса маңызды да,аса қауіпті кен байлығын игеру қолға алынады.Сол кезде уран радиациясы сіңген топырақ шайынды сумен далаға айдалады.Осы шайынды суды жіберу үшін «Қошқар ата» қауымының сыртындағы ойыс тыңдалыныпты.Міне,осылайша Маңғыстау өңіріне өзінің уын сепкен «Тажал көлі»дүниеге келді.Қошқар ата «Өлі көлінің»ақтаулықтар ағзасына,денсаулығына зияны,оның соңғы кезде көбіне-көп құрғап қалып жататыны жөнінде ел ішінде әңгіме көп.Бұл-проблеманың ең үлкені.Онда 105 миллион тонна улы және радиактивті қалдықтар көмілген.Оның ішінде 2000 тонна уран «Өлі көл»бетін жабатын ылғал мөлшері жыл өткен сайын айтарлықтай азаюда.Бүгінгі таңда 77 шаршы шақырым жердің 40 шақырым аумағы құрғап қалған,8-10 м жылдамдықпен соққан желдің өзінде шаңы бұрқырайтын жағдайға жетті.

Ал,ол топырақ адам денсаулығына тисінше кері әсерін тигізуде.

2-эколог: «Қошқар ата»улы көлінің экологиялық залалын болдырмау бағытында қазіргі кезде топырақ қоймасын таза құммен жабу, сордың су көлемін,бұрынғы толық арнасына жеткізіп, жағасының кеуіп қалмауына жағдай жасау қажет.

Назерке: Улы заттардың адам денсаулығына,басқа да тіршілік атаулыға зияны қандай?

3-табиғат: Дәрігерлер аймақтағы халықтың астма,аллергия,қан қысымы, ас қорыту мүшелері,өкпе ауруымен көп ауратындығын,сонымен қатар жыл өткен сайын балалар өлімінің көбейгенін және жарымжан балалардың дүниеге келуінің көбейгендігін анықтауда.

Балық:-Маған өмір сүру үшін таза табиғат қажет.Ал,қазіргі кезде судың іші де таза болмай,мен дұрыс дем ала алмай жүрмін.Бұлай бола берсе, мен басқа жаққа кетіп қаламын.

Аққу: - Менде қыс болуын асыға күтіп Ақтауға жететін едім.Ақтау халқы мені жақсы көреді,мені қыс бойына тамақтандырады.Бірақ соңғы кезде Ақтауға келсем,екі өкпем қысылып,дұрыс дем ала алмайтын болып жүрмін.Әйтсе де Ақтауымды қимаймын.

3-эколог:Адам өмірімен денсаулығы үшін облысымызда да түрлі шаралар өткізілуде.Өлі көлді жою мақсатында және Сенек елді мекенін құм көшкеннен құтқару үшін жұмыстар жүргізілуі басталып та кетті.Облыстық аурухана және емханаларға дұрыс және тез анықтайтын соңғы үлгімен жабдықталған аппараттар алынуда.Сонымен қатар қала көшелері жылдан-жылға әр түрлі ағаштар мен гүлдерге толып келеді.Обылысымызда «Жасыл ел»бағдарламасына орай жастар облыс экологиясын қорғауға тынбай еңбек етуде.

Бізде қолымыздан келген көмегімізді тигізіп, көктем басталысымен мектебіміздің жанына жас шыбықтар көшетін отырғызбақпыз.Ол біздің адам денсаулығына тигізетін азғантай ғана көмегіміз болады.

4.Көрініс «Жер-Ана».

Мұғалім сабақ түсіндіріп тұр.Ол жердің қадір-қасиеті жайлы айта келе, «Жер-біздің анамыз»деген кезде бір оқушы:

- Апай менің анам үйде,аты Зейнеп,-деді.

- Бұл жөнінде үйіңе барған соң,анаңнан сұрап көр,түсіндірер.

Оқушы үйіне келген соң,анасына болған оқиғаны айтады.Анасы:

-Ұстазың дұрыс айтады.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз тіршілік жоқ.Мына ішіп отырған суың мен жеп отырған наның,бәріде жердікі.Егер сиыр жердің шөбін жемесе,сүт бермейді.Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді?Солай,балам.Жер-ананы қастерлеу бәріміздің міндетіміз,-дейді.

5.Тақпақтар.

Айдана:

Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат жүрегінің тамылжыған жырысың.

Ей,адамдар,қалай ғана қатігездік жасайсың,

Ол,анаңгой,ал сен кенже ұлысың!

Наурызбек:

Ей,адамдар,

Күн мен гүлден жаралған.

От сезім мен мейірім содан таралған.

Тіршілік иесі-Жер-Анаға қараңдар!

Зор қайғымен күрсінгенде

Ах,ұрады дүние,

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

Айгерім:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз

Күресейік,бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік!

6.Ән «Саржайлау».Айдананың орындауында

7. Хор «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар».

Қорытынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі