400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тəрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қаз. Обл, Ақжайық ауданы

Қамыстыкөл БЖББМ баст.сын. мұғалімі

Бакаева Ардак Салменовна

Тақырыбы: Қарты бар елдің қазынасы бар

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бейнеролликтер, слайд,нақыл сөздер.

Сабақтың барысы

Мұғалім: Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі өтіп кетті. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Олай болса ортамызда отырған Салық атамызға,Абылай атаға,Айтқали мен Нұрбибі әжемізге қошемет көрсетейік.

Сабақ жоспары

І бөлім Ата-әжем мақтанышым ( өз ата-әжелері туралы әңгімелеп береді)

ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын (ән шашу)

ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын (болашаққа көз тігу)

І бөлім Ата-әжем мақтанышым ( өз ата-әжелері туралы әңгімелеп береді)

Салық Еркебұлан:Менің атам Есенғалиев Салық Исаұлы. Ол 1946 жылы26 тамызда дүниеге келген. Атам 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Атам жас күніне трактор айдаған. Қазіргі кезде отбасылық шаруа қожалығы бар.Атамның еңбекқорлығына тәнтіміз.

Атамның қазіргі кезде 6 немересі, 1 шөбересі бар. Менің атам өте ұстамды және байсалды жан. Мен атамды мақтан тұтам.


Нұржанов Қуандық:Менің атам Егізалиев Айтқали 1955 жылы дүниеге келген. Жас кезінде жас шопандар бригадасын басқарған. Колхоз кезінде есепші,фермер,тракторшы қызметтерін атқарған. 3ұл,1 қыз өсірген. Қазіргі кезде зейнеткер.


Абылай Мейіржан: Аташым менің тірегім,

Көп еді-ау сенің тілегің.

Атыңды сенің ардақтап,

Жүремін әркез мақтанып- дей келіп, мен де өз атамды таныстырып өтейін. Менің атамның есімі Абылай Дәулетжанұлы. Ол 1959 жылы Көнеккеткен ауылында дүниеге келген. 9 жылдық білімі бар жас жігіт,механизатор болып «Ұшқын» жастар ұжымында еңбек жолын бастаған.2 ұл, 1 қыз тәрбиелеген атам қазіргі кезде әжем екеуі бақытты өмір сүруде.


ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын (ән шашу)

ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын (болашаққа көз тігу)

Салық Еркебұлан:- Мен атамның жалғасымын. Ұрпақтар жалғасы ұл бала. Сол себепті, қазақ ұл баланы қара шаңырақ иесі деп санаған. Мен де атамның есімін биіктерден көрсету үшін білім алып,еңбексүйгіш, батыл ұл боламын деп ойлаймын.

Руым бәйжиен,

Ораз ата ұрпағымын.

Тегім Салық

Мен атамның тұлпарымын- дегім келеді.


Нұржанов Қуандық:-Мен атамның жалғасымын. Атам секілді еңбекқор болып,еліме адал қызмет етемін. Атамның жолын қуып ауылды көркейтуге ат салысамын деп ойлаймын. Мен атамның ізбасарымын.



Абылай Мейіржан: Менің атам ел-жұртқа сыйлы,қазақы болмысты,шырайы жарқын азамат. Атамның сара жолын жалғастырып,ауылымыздың көркендеуіне өз үлесімді қосамын.

Құттықтаймыз мейрамыңмен ата-әжелер!

ӘShape1

Ата,біз сізді жақсы көреміз!

Жұлдыз, Қуандық

р күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Жолыңды жалғайтын мен болам.


СShape3 Shape2

Ата ұзақ өмір сүр!


Айзере.



Ата-әжеге тілек

абақты қорытындылау



Shape4

Ата-әже ауырмаңыздар!

Мейіржан.







Рефлексия

«Үлкенді құрметте» бейнероллик

Есенғалиев Салық

Егізалиев Айтқали

Абылай Дәулетжанұлы

Тәрбиелік мәні бар шара болды. Ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет!

Немерелерімнің болашағы жарқын болсын. Ұрпағымызбен мақтанайық.

Балаларыма бақытты балалық шақ тілеп, сабақтарын жақсы оқуларына тілектеспін. Ұстазына рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі