400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектеп ұстпздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі







Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған



Shape1

атты ән кеші



жауапты: Шайманов Д.Н.












Шалқар қ.

2018ж.



« Ән аға , жан аға » атты ән кеші.

Мақсаты: Қазақтың атақты композиторы, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндерін еске алу.

Көрнекілігі: Композитордың суреті салынған банер, жазылған тақырып, техникалық жабдықтар, слайдтар.

Қазақтың атақты композиторы, Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР мәдениетінің еңбек қайраткері, Қазақ ССР –нің халық әртісі және қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Шымкент облысы Отрар ауданында дүниеге келді. Вальс падишасы Шәмші алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылында бастағанын көпшілік біле бермейді. Шәмші ағамыз Шымкенттегі Қапланбек атындағы ветеринарлық техникумын тәмамдаған соң, 1950-51 жылдары Құмсай ауылында , ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, осы жерден әскерге алынады. Өткен ғасырдың 60-70-жылдарында Шәмші Қалдаяқовтың әндері қазақ аспанында қалықтап, кең даласын әуені-мен тербеп тұрғаны бүгіндері ертегідей көрінетіні рас. Алайда оның айдай ақиқат екенін көзімен көрген әке – аналарымыз, аға – апаларымыз куә. 1956 жылы Қазақстан Республикасының әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнін жазды. 1965 ж – Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты.

1980 ж – Қазақ ССР мәдениетінің еңбек қайраткері.

1991 ж – Қазақ ССР –нің халық әртісі

2010 ж – «Бақыт құшағында» әндер жинағы үшін Қазақстан Республикасы әдебиет өнері облысынды Мемлекеттік сыйлығының лауреаты берілді. Бұл күндері қазақтың ән аспанында Шәмшінің жан тебірентіп, қуаныштан жүрек жылататын әсем де, жасампаз әндері ғасы-рымыздың құдіретті биігіне шықты. Шәмші ағамыздың әндері халқымыздың сүйіспеншілігіне бөленіп ғажайып әуендерімен исі қазақты таң қалдырып қана қойған жоқ, бүткіл елді табындырды. Отырарлық ұлы сазгердің қазақ ән әлеміндегі дүниесі бүгін де, ертең де, тіпті мәңгілікке халқына сыйға тарт-қан асыл мұрасы болып қала бермек. Ләйім солай болғай. Табиғат мың құбылып өзгереді, Ормандар, жерде шөптер көгереді, Кең байтақ қазағымның бұл даласын, Шәмші ағаның әндері тербетеді. – дей отырып ендігі кезекті Шәмші ағамыз-дың әндеріне берейік.

Жағасында думандатып Арыстың,

Ақ – маңдаймен алғаш рет таныстым.

Небір тұлпар қосылғанмен бәйгеге,

Келе жатыр алдын бермей жарыстың.

Сақиев Исламбектің орындауында «Арыс жағасында» әні. Қабыл алыңыздар.

Өтті міне қыстың суық қаhары да, Сезіледі жылылық күннің нұрлы жанарында, Дала гүлдеп, құстар сайрап сала берді, Шәмшінің келесі әні айтылғанда.

Жамбалаева Бақытнұрдың орындауында – «Ақсұңқарым».


Келесі айтатын әні - «Бәріненде сен сұлу» әндері.


Көктем келді, күн жылынып, нұр келді, Жер де көктеп, жасыл шығып түрленді.

Күннің шуақ нұрыменен бақыт келіп,

Шәмші әні бойымызға жан бітірді,

Бижанов Кенжебектің орындауында – «Шынарым» әні ,

Осы орындауда - «Ақбантик» әні.


Көктемнің осы мезгілі, Кезегімен өтуде, Шәмші ағаның әндерін, Халқым әрқашан күтуде.


Дуэт - Исламғалиева Бағдат пен Бұхарбаева Задагүлдің орындауында «Ол жалғыз, біз екеуміз» әні.

Келесі ән «Бақыт құшағында» -орындайтын Исламғалиева Бағдат

Әнім – Шәмші, дарын – Шәмші,

Бесіктей халқын тербеген,

Пірім – Шәмші, нұрым – Шәмші.

Қалың қазақ бас иген,

Шәмші әндерінен папури. Қобызда орындайтын: Төлешова Минтай . сүйемелдеуші Шайманов Дархан.

Шәмшінің әндерінде мін болмайды,

Бір – екі өлеңін айтқанда дем болмайды,

Әндері қуаныш пен шабыт беріп,

Бойымызда жылы сезім мың бойлайды,

Қосмамбет Мираның орындауында – «Әнім сен едің» әні. Келесі тыңдайтындарыңыз ән - «Кешікпей келем деп ең».

Мойынқұмнан ескен самал Жайыққа,

Тербетеді қос жүректі қайықта.

Сыр сұлуын сүйе алмасақ өзіңдей,

Кешір аға, бұйырмашы айыпқа.

Серікбаев Нұрсұлтанның орындауында ән- «Қайықта».

Кең далада шарықтасын көктем әні, Әр отбасын қуантады дала сәні, Аққу құстай қалықтасын көк аспанда , Ағамыздың келесі әні - «Қуаныш вальсі».

Шынарбаева Жаннаның орындауында – «Қуаныш вальсі» әні.

Шәмші аға құдіретіңе таң қаламыз, Бас иіп қасиетіңе жар саламыз, Бойыңда кереметтің бәрі де бар, Құпияңды ашқан сайын ән саламыз.

Ән «Жіберілген хат» - орындайтындар: трио- Серікбаев Нұрсұлтан, Дәулетқали Есет, Жақсылықов Нұрболат.



Ақын болар, күйші әлде әнші болар,

Сұлу сазбен әрқашан жан суарар.

Ән мен күйді пір тұтқан қазағымның,

Жүрегінде мәңгілік Шәмші қалар.

Шәмші ағаның өлеңдерін еске алдық,

Шарықтатып шын пейілмен әнін салдық.

Алғыс айтамыз бәріңізге келіп, көрген,

Осыменен кешімізді аяқтадық.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі