400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш президент күніне арналған тəрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елін бастаған — Елбасы

Тақырыбы: «Елін бастаған Елбасы».

Мақсаты: ҚР елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекіліктер: Слайдшоу, суреттер, елтаңба, ту, көрме. Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Шаттық шеңбері:

— Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

— Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

— Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

— Алақай! деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.

— Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?

— Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты.

— Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.

— Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік.

Шеңберге тұрады:

-Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

- Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.

Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.

— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстан Республикасында.

— Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз.

— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

— Елтаңба, Көк ту, Әнұран.

— Біздің елбасымыз кім?

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.

— Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков. Тәрбиеші:
Тәрбиеші:

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
-    Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
-    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?

2. Біздің Елбасымыз кім?
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
4. Біздің тіліміз қандай?

5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).
Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз.

Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған.

Осы Қарағандыда не бар? (көмір). Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай. Картадан бұл қаланы тауып белгілейік. (Көмірдің кішкене тасын көрсетемін).

Қазір балалар Елбасымыз қай қалада? (Астанада)

Бұл қала біздің елордамыз.

Ал Астанада не бар?

Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар.

Қане, картадан белгілейік.

Тақпақтар:

Шұғыла:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды.

Қарақат:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Айым:

Мұндай шаттық сыйлаған,

Ұлттың бәрін жинаған.

Құтты болсын мерекең

Елбасымыз Нұр ата.

Әділ:

Күн өткен сайын құлпырып,

Жайнадың гүлдей Астана,

Елорда-менің Астанам.

Елорда-менің бас қалам.

Дилнур:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Сұлтан:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім Елтаңбам.

Дариға:

Әнұраным айбатым,

Тәуелсіздік қайратым.

Достық,бірлік,татулық.

Арманға жетті жаңғырып,

Жастар салған айбатты үн.

– Жарайсыңдар балалар.

Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

Сурет салу. Есік қағылып, пошташы келеді. Елбасымыздың мереке қарсаңында сиқырлы суреттер жолдапты. Суреттерді бір түспен бояу қажет.

(Алдын ала майшаммен ақ қағазға салынған бәйтерек, ту, балықтың суреттерін таратып беремін. Балалар субояумен бір тегіс етіп бояйды. Майшаммен салынған сурет су бояу жұқпай көрінеді.) Қане балалар іске кірісіп суреттерді бояйық.

Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.

Тәрбиеші: 
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.

Тәрбиеші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.





















































МКҚК «Шаңырақ»бөбекжай балабақшасы.

 



«Елін бастаған — Елбасы»

«Балдаурен» мектепалды даярлық тобы.

 

 

 

 

 

 









 

                             



Тәрбиеші: Тапаева.Г.А.



Тамды ауылы .

2017 ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі