400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

тəрбие сағаты "Ана тілім-сенсің менің айбыным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда балаларға ұстаздарға кажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Шұғыла» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Тәрбие сағаты

Shape2 Shape1

«Ана тілім-сенсің менің айбыным»

Тақырыбы:



















Сынып жетекші:

Тлеукараева И

Сыныбы: 2 «Ә»



2017-2018 оқу жылы

Ана тілім – сенсің менің айбыным

Мақсаты: Туған тілімізді қадірлеу, ұлттық тіліміздің мәртебесін көтеру, сөз қасиетін ұғыну.
Тәрбие сағатының жоспары :
1.Тілін білген ұрпақ ұлтын да бағалай біледі. (Баяндама)
2.Әдеби монтаж «Ана тілім, күмбірле, сарайымда»
3.Қорытынды.
1. Рас, кеңестік дәуірге орыс тілінің ықпалы күшті болды. Оны ешкім айқайлап, күштеп ендірмегенімен жымысқы саясаттың қолдағаны анық.
Сонау 1800 жылдардан бастап қазақ жерін, елін зерттеушілер ағылып келіп жатты. 1864 жылы Торғайдағы қазақ мектебін ашуға Ыбырайдың «досы» М.Ильминский жайдан – жай болысып жүрген жоқ. Оның түпкі мақсаты бар еді. Ильминскийдің патшаға жолдаған құпия хатында «қазақ даласында орыс мектептерін көптеп ашып, балаларын орысша оқыту керек .
Тілі жойылған ұлт оп – оңай орыстанып кетеді,» – деп жазған еді. Міне, осы принцпті қызыл империя қалай ұстанды десеңізші?
Біздің халқымыздың бағына егемендікті Алла тағала бере салды. Егер егемендік алмағанымызда енді бір елу жылда жер бетінен, тарих сахнасынан қазақ деген халық мүлде жойылып кетері хақ еді. Тілінен айырылған Сібір халықтарын көріп жүрміз Олар тіпті ұлт ретінде жойылып, тұқымы құрып барады.
Кеңес өкіметі тұсында коптеген елді мекендеріміз, тіпті қалаларымызға дейін ежелгі атын өзгертіп орысша атауға ие болды. Жер-су аттары өзгертілді. Маңдайшаға жазулар, жарнамалар да сол тілде болды. Ал қазір ше? Өз жерімізде отырып маңдайшадағы жазулар мен жарнамаларды неге өзгенің тілімен жазамыз? Қазір ағылшынша жазылған жарнамалар дүкендер мен дүңгіршіктердің маңдайшасында қаптап тұр. Неге оларға жайылып жастық, иіліп төсек боламыз?
Рас, тіл білу деген – білімпаздық тіл білген жақсы.
Өзінің ұлтын, ана тілін сыйламаған адамда ұлттық намыс деген болмайды.
1 – оқушы: Ана тілім – сенің менің айбыным ,
Сенсің менің – шалқып жүзер айдыным .
Сенсің менің – қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің басымдағы бақ – күнім .
2 – оқушы: Тілін білген Абылай, Абайым да
Құдірет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да
Ана тілім, күмбірле сарайымда!
3 – оқушы: Тағдырым өрлер мерейім өрлесе де,
Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме ?
Тілер едім таусылса ақтық демім,
Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де...
4 – оқушы: Ерекше бір сән беріп көшке бүгін
Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім
Ана тілім рухымды көтереді
Ата мекен.
Аңсаған Ана тілін,
Арманда өткен Мысырда Фарабиім
5 – оқушы:Көме түсіп көкірек кекті мүңын
Жетпіс жылды өңгеріп өтті күнім
Ана тілмен жазған ғой Мұса Жалил
Түн – түрмеде отырып отты жырын..
6 – оқушы: Ана тілсіз тарих жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Желмаяның үстінде желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы.
7 – оқушы:
Шабысындай тұлпардың арындаған,
Ана тілмен жеткен ғой дарын маған
Ана тілі- елімнің ары емес пе,
Ана тілсіз - дүние тұл, жарар ма адам.
8 – оқушы:Күй ойнайды қазағымның қанындай,
Күй ойнайды қазағымның жанындай
Жүрегінің,жүрегінің, жүрегінің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында,- демекші
Ендігі кезекті күмбірлеген күйге береміз. Н.Тілендиев « Ата толғау» күй табақтан тыңдау.
9- оқушы:
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы .
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс, жұмыр келсін айналасы
Бір топ қыздардың орындауында «Ана тілім » атты әні орындалады.
10- оқушы: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,-
Өз тіліңді құрметте!
11- оқушы: Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.
12 – оқушы: Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
13 –оқушы:Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Тіл мерекесіне арнап жазған оқушыларымыздың шығармаларына құлақ түрелік.
Тіл туралы айтылған ұлылардың сөздеріне құлақ асалық.
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
(Н.Назарбаев)
Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.
(Б.Момышұлы)
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті ... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
(А.Жұбанов)
Тіл туралы бірнеше мақал мәтелдер айту.
Тіл алтын – қазына.
Ана тілім – дана тілім.
Тіл ортаймайды ешқашан қартаймайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Біздің оқушылар тек сабақты оқып қана қоймай, сол сияқты шығармашылықпен де жұмыс істейді. Ал енді соларды тыңдап көрелік.
Мерекелік кеш әнмен жалғасады.
Халық әні «Ауылым»
Мың бұралған бишілер ортаға шығады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі