Ана
тілім ардақтым
«Жауқазын»
тобы
Мақсаты:
Балаларға
тіл туралы түсінік бере отырып, білімдерін
арттыру, мақал-мәтел, тақпақтар айту
арқылы тілді қастерлеуге, сөздік қорын
байытуға, ана-тіліне деген сүйіспеншілікті
оятуға тәрбиелеу.Балалардың туған
жеріне,еліне деген патриоттық сезімдерін
ояту.
Көрнекіліктер:
шармен безендірілген зал, плакаттар,үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер:
Әңгімелесу,түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Қостілділік:
Ана тілі – родной язык
Балалар
көңілді әуенмен залға кіреді!
Сәлеметсіңдерме
балалар, құрметті қонақтар. Бүгін бізде
мереке. Әр мереке ән-күйсіз өтпейді.Ендеше
балалар мерекемізді көңілді әннен
бастайық.
ӘН:
« Әрқашан күн сөнбесін!»
Жақсы
балалар!
Бүгін
біз Ана тілім ардақтым тақырыбында
ұйымдасырылып отырған тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы
жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан
халықтарының тілдер күні» мерекесі
аталып келеді. «Тіл –ұлттың игіліг»
деп ата бабамыз аңсап кеткен қазақ жері,
қазақ тілі. Біз өз тілімізді қадірлеуіміз
керек.Әр ұлттың өз тілдері бар? Біздің
тіліміз қазақ тілі.
Балалар
біздің тіліміз қандай тіл?
-қазақ
тілі
Біз
қай мемлекетте тұрамыз
-Қазақстан
Жақсы
балалар !
Балалар
біз жаттаған тіл туралы тақпақтарымызды
айтып берейік.
Өшпейді
еш уақытта,
Ата-баба
аңсары.
Қазақ
тілі бақытқа,
Жеткізеді
баршаны.
Ана
тілім – елдігім ,
Ана
тілім- ерлігім.
Тілді
биік құрметтеп ,
Тойлап
жатыр ел бүгін.
Ана
тілін білмесең
Қадірлісің
кімге сен?
Ана
тілің арқылы,
Тарихыммен
тілдесем.
Ана
тілін білмесең
Қадірлісің
кімге сен?
Өз
тіліңде ер жетіп
Қол
созасың күнге сен!
Өте
тамаша!
Кәне
балалр кім қандай мақал-мәтелдер біледі.
Өнер
алды - қызыл тіл.
Тіліңмен
жүгірме
Біліміңмен
жүгір
Піл
көтермегенді –Тіл көтереді
Ашуың
келсе -қолыңды тарт.
Айтпас
жерде – тіліңді тарт,
Қандай
тамаша балалар! Барлығымыз қазақтың
тілі туралы айтып жатырмыз.
Балалар
барлығымыз бір сергіп ойын ойнап алайық.
«Өз
аспабыңды тап»
Ойын
ережесі: 3аспап алынады, асатаяқ, дабыл,
сылдырмақ.4 бала ойынға шығады. Бір бала
жүргізуші қалғандары өзіне аспап таңдап
жанына тұрады. Әуен басталғанда 3 бала
шеңбермен жүреді. Ал жүргізуші аспаптардың
орнын ауыстырып қояды. Әуен тоқтағанда
балалар өз аспаптарын табу керек.Ойын
ережесін мұқият тыңдап, көңілді ойнау.
Балалар
бірнеше рет қайталап айтайық. Ана тілі
– родной язык
Балалар
жақсы біз бүгін не туралы әңгімелестік,
не үйрендік?
Бүгінгі
шағын ертеңгілігімізді сұрақ-жауаптармен
қорытындылап аяқтаймыз.Ана тілі-қазақтың
тілі екенін ешқашан ұмытпайық.
Балалар
хормен
Ана
тілің-арың бұл,
Ұятың
боп тұр бетте
Өзге
тілдің бәрін біл
Өз
тіліңді құрметте.
Тәуелсіз
елімізді жарқын болашағын сақтап,қорғай
білейік. Елімізді,жерімізді сүйіп
көркейтейік.
Осымен
бүгінгі шағын ертеңгілігіміз аяқталды.
Сау
болыңдар!