Сценарий
тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Сценарий
мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының
салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Сценарий
көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз
үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Сценарий
барысы: Кіріспе.
Мұғалім: -
Армысыздар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз
тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн»
деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз
мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда
денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл
болсын!
1 –
жүргізуші:
Наурыз – көктем
мерекесі.
Наурыз – жыл
басы.
Наурыз – жаңа
серпін, жаңа леп.
2 -
жүргізуші:
Наурыз – қуаныш
мерекесі,
Бақыт пен
шаттық мерекесі.

1 -
жүргізуші:
Наурыз – шаруаның
мерекесі.
Наурыз – еңбек
мерекесі.
2 -
жүргізуші:
Армысыңдар,
халайық,
Бармысыңдар,
халайық.
Наурыз тойын жұп
жазбай
Жылда қарсы
алайық.
1 -
жүргізуші:
Ал, халайық,
тұрмайық,
Әндетейік
жырлайық!
Ортамызды
ашайық,
Ырыс тілеп бұл
жылға,
Жырдан шашу
шашайық!
2-жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған кешімізді бастамас бұрын 7
«А» сыныбының оқушылары барлық нәзік жанды аруларымызды 8 – наурыз
халықаралық әйелдер күнімен құттықтап келіпті қарсы
алыңыздар!
Мишин
Артем:
Анам, анам,
анашым,
Жаның дархан, данасың.
Кім өзіңдей ұқтырар,
Осы өмірдің бағасын
Гузез
Артем:
Анасыз өмір, өмір ме,
Көтерілмес көңілде
Тек аналар жасасын,
Мәңгілік бұл өмірде.
1-жүргізуші:
Би: «Вальс».
Орындайтын: Манахова Виктория – Цой Эдвард, Папова Диана
– Хоперский Николай.
2-жүргізуші: Наурыз мейрамы қай халықта
болмасын адамдардың көрісуінен
басталады.
(оқушылар
көріседі)
1-жүргізуші:
Ұлыс күні қазан
толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар – Бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы
Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз ата
төрлетіңіз!

Бата:
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын.
Қайда барса жол
болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты
ақты болсын!
Ұлыс береке
берсін,
Бәле-жала жерге
енсін!(Әумин!)
2-жүргізуші: Бұл күні ауыл бойжеткендері
өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар»
деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ,
иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер»,
«Діреткізер» деп атаған.

Айна-сұлулықтың
белгісі.
Тарақ-талғампаздықтың
белгісі.
Иіс су- жұпар иіс
белгісі.
(Ұйқыашар, Селтеткізер, Діреткізер ырымдары
көрсетіледі).
1-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге
«Қазақша би» биін билейік!
(7 «Б» сынып оқушылары
шақырылады).

2-жүргізуші: Наурыз мейрамына байланысты
Наурызға арналған тақпақтарды қарсы
алыңыздар.

1-жүргізуші: Наурыздың тағы бір жоралғысы –
«Саумалық» айту. Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанын, күн
күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып
саумалық айтып, куанышты көңілмен жақсы тілек
тілейді.
София:
Саумалық, саумалық,
Наурызмның көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Саумалық, саумалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме көрдің бе ?
Саумалық, саумалық,
Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді,
Ескі жыл есіркей кет.,
Жаңа жыл жарылқай кел –
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды
алар
Әсем әнмен тәтті
күй,
Жүрекке түрлі ой
салар
Әнді сүйсең менше сүй,демекші – 7 «А» сынып
оқушысы Қуандық Дарынның орындауында «Қазақ жігіттері» әнін қарсы
алыңыздар

(ортаға қазақ халқының ұлттық ойындарын
көрсететін бір топ оқушылар
шығады).
1-жүргізуші: біздің мектебімізде Наурыз
мейрамы тойланып жатқанын естіген басқа ұлт өкілдері де құттықтап
келіпті. Қарсы
алыңыздар
7б –сынып оқушыларының орындауында «Түрік
биі».

7в – сынып оқушыларының орындауында «Орыс
биі».

7а – сынып оқушыларының орындауында «Ингуш
биі».
2-жүргізуші:
Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына – деп 7б сынып оқушыларының орындауында «Наурыз
тойы» өлеңін қарсы
алыңыздар

