400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сағаты "Бастауышпен қоштасу" 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбие сағаты "Бастауышпен қоштасу " тəрбие сағатым жас мамандарға көмек ретінде жіберіліп отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Қош бол-бастауыш»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бастауышта алған білімдерін қорытып ,тиянақтау.Дүниетанымдылығын кеңейту.Өз өнерін көрсету: ата-анамен ынтымақ қатынаста жұмыс жасау. Өзін өзі басқару қабілетін көрсету Көрнекілігі: Нақыл сөздер, АКТ,слайттар,Фотосуреттер.

Мұғалімнің сөзі: Қош келіпсіздер құрметті ұстаздар , ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып ,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр .

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанға, Жол табар қараңғыда адасқанда Мал озбас біле білсең білім озар , Ақыры керек болар бір сасқанда –деп,Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп ,ақыл ойлары толысып ,оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған “Қош бол -бастауыш ” атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып қошеметтеп шақырайық 4''Г'' сынып оқушыларын ортамызға .

Ата-аналар шашу шашады.

Тәттілерді алайық , Шашуымызды шашайық, Бұл мереке бұл тойдың, Бастаңғысын жасайық.

Мұғалімнің сөзі:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың . Ақ парақтай келдіңдер сәби болып , Ұғындым әрбіріңді парақтадым Өткіздік талай күнді ,талай айды Уақыт сырғып артқа қарамайды 4 жыл бойы сендермен бірге болдым , Өткіздік талай қызық ,талай жайды Ірге тасын қаладым,білім бердім , Саналы ұл-қыздарым бүгін менің Ортада тұрған осы шәкірттердің Көрейік тамашалап өнерлерін.

I Хор: Ұстазым . II. Әдеби мантаж. Тақпақтар.



Қош келіпсіздер ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім нұры тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Бұл алаңсыз балғын шақты балалар .

Көз салып қараңдаршы бойымызға Ортақ боп бүгін өскен ойымызға Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар , Бастауышпен қоштасу тойымызға .

Маған ұстаз үйретті Әліппесін өмірдің Жан жүйкемді билетті Күйі шалқып көңілдің Бәрі бірге : Ұлағат ісін сүйемін. Ұстазға басымды иемін.

Бала шақтан болашақты жырлатып Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты Күн нұрындай сәуле құйған көңілге Армысыздар ұстаздарым қымбатты .

Барлық білім бастауыштан басталған Алғыс саған үлкендер мен жастардан Рахмет саған алғаш ұстаз апайым Еңбегіңді ойға түйіп қайтарам . Сондықтан да Ұстаз бен ата- анаға ‘’Мың алғыс’’

III. Қазақша би:

Айгөлек –ау айгөлек , Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде , Би билейміз дөңгелеп.

IV. Ән. ''Қазақ қыздары’’

V. Ән. ‘’ Бол жанымда’’

VI. Ән. ‘’ Сен маған үйреттің ‘’

VII. Мұғалімнің сөзі: Ата –анасының ісінен көпті үйреніп бойына сіңіре білу –әр баланың парызы сондықтан төрт жыл бойы оқығанда ата-ананың да еңбегі зор. Олай болса аналарға арнап әнге кезек берейік . Ән. '' Ана туралы ‘’

VIII. Әдеби мантаж (тақпақтар )

Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дара шың , Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын . Сағына әркез суреттерді парақтап , Шәкірттерім жиі еске алатын .

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым “А ”әріпін алғаш сенен бастадым Ұстазым естен кетпес мәңгілікке Мейіріммен жауырымнан қаққаны

Мектеп –үйім,ұстазым менің ата—анам, Сенен өсіп ,сенен ғана нәр алам . Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек, Тамырланып сан тарапқа тараған .

Есімде ерен ұстазым, Басымнан сипап өткенің . Аянбай бізге қыс- жазы, Молынан мейірім төккенің.

Би билеп ән айтылар аспандап, Бірте-бірте көтерілді баспалдақ . Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе , Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ .

IX Би. ‘’ Манне’’

XX. КВН Жайдарман ойыншылары. XI. Би. ‘’Роли поли’’

Өтт і сенде қызық шағым , Бастауышым –бал бұлағым . Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғадым..

Ой жіберсең , Дүниетану пәніне . Өмір сырын үйретер , Пәннің жақсы бәрі де . Жер байлығы көп екен , Игеруді қалайды . Осының бәрін білдірге,. Дүниетану сабағы.

Қазақ тілі пәнінен Білім алды балалар Сөйлемді ,сөз таптарын, Етістіктің шақтарын , Жалғаулар мен жұрнақтар Ережесін жаттадым 5-шіге барған соң Басқа апайлар бағалар

Жүзің жылы құшағы кең, Сенен түлеп ұшамын мен Өзің берген біліміңмен

Бастауышта шырқалмаған жыр барма? Бастауышта айтылмаған сыр барма ? Бастауышта алған білім жырларым ,

Есімде ұстаздың алғаш қарсалғаны , Айқара есік ашып тастағаны Бір мереке думан боп осы маңда Жетелеп бір сыныпқа апарғаны .

Бастауышым – бал бұлағым, Алдым сенен балдың дәмі. Әріп танып ,білім алып, Рахметімді жаудырамын.

XIII. Ойын. ‘’ Мимикалық '' Ата-анамен ойын.

XIV. Ән. Қытайдың әні

XV. Ән ‘’ Жаяу''







Мұғалым сөзі: Осымен бастауышпен қоштасу кешіміз аяқталды .

1. Құрметті қош келіпсіз, Өзіңізді мақтан етіп жүреміз , Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз Сөз береміз құрметпен өзіңізге Түлектерге арналсын тілегіңіз .

2.Ата –анаға сөз беру Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар , Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар ата-аналар.

Мұғалімнің сөзі:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді Именіп ұлы ұяға енген еді , 4 жыл бойы сусындап біліммен, Ұшатын қанат қағар келді кезі.

Алдарыңда ұзақ жолың бар, Оқумен өсіп толыңдар. Қиындыққа мойымай , Аман есен болыңдар.

Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды . Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет. Хош сау болыңыздар.





































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі