жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тəрбие сағаты "Дəріге емес, дəруменге үйір бол" 3сынып
Төлеби жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Дәріге емес, дәруменге үйір бол!»
3 «В» сынып
Сынып жетекшісі:Оралбаева Гулжамал
2017-2018 оқу жыл
Сабақ тақырыбы: Дәріге емес, дәруменге үйір бол
Мақсаты:Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, жемістердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, көкөністер және жемістер.
Мұғалім: - Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!
- деп Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
атамыз айтып кеткендей. Денсаулық зор байлық, сондықтан да біз өз
денсаулығымызды күте білуіміз керек дей, отырып біз бүгінгі
дәрумендерге байланысты «Дәріге емес, дәруменге үйір
бол» атты ашық тәрбие
сағатымызды бастаймыз.
Мұғалім: Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз
денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау,
адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына
кіріседі. Халқымыз дені саудың-жаны сау деп орынды айтқан.
Отанымыздың келешегі, көркеюі. балалар сіздердің қолдарыңызда.
Сондықтан сендердің таңдауларың –салауаты өмір салтын сақтау.
Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін
шашатын, өмірдегі басты байлық не деп
ойлайсындар?
Оқушылар : Денсаулық
І-жүргізуші: Мерей «Табиғатта адам үшін табиғи тағамнан артық дәрі де, дәрумен де жоқ. Дәрі деген адамды емдемейді, тек аурудың бетін жасырады. Ол ауру қазір беті қайтқандай болғанмен біраз уақыттан кейін жаңа күшпен қайта өршіп кетеді.
ІІ-жүргізуші: Аиида. Дұрыс айтасың Мерей тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады».
І-жүргізуші: Мерей Аиида ал сен Дәрумендер - адам ағзасы үшін өте қажетті биологиялық белсенді зат болып табылатынын. Олар ағзаға күнделікті ішіп-жейтін тағамдар арқылы берілетінін білесің бе?
ІІ-жүргізуші: Аиида Ия. Сол үшін де Мерей тағамның құнарлы болғанына көңіл бөлген жөн. Ал бірыңғай құнарсыз тағамдарды тұтыну - дәруменнің жетіспеушілігін туғызады.
Дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері Н. И.Лунин тапты.
І-жүргізуші: Мерей Дәрумендер – ерекше органикалық заттар болып саналатындықтан, адам олардың аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ, дәрумендерсіз ағзаның қалыпты жұмыс істеуі және жетілуі мүмкін емес.
ІІ-жүргізуші: Аиида Ғалымдардың айтуынша адамзаттың ой еңбегін арттыруға, өсуін дамытуға, сондай-ақ, ағзаның ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз ету үшін дәрумендердің пайдасы мол екен.
І-жүргізуші: Мерей Егер тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, соның салдарынан адам түрлі ауруға тез шалдығады екен.
Нұрбақыт: Дәрумендер тірегің
АВСДЕ деп аласың
Жетіспесе бір оның
Ауырып сен қаласың
Жансая: А-сы қажет көзіңе
В-сы жүйкені тоғайтар
С-дан микроб безінер
Д- сүйекті нығайтар – дей отырып Медицинада дәрумендерді А, В, С, D, және т.б. латын әріптерімен белгілейді. Адам ағзасы үшін олардың әрқайсысының түрлі қасиеттері мен пайдалы жақтары бар.
ІІ-жүргізуші: Аиида Олай болса сол дәрумендердің қандай пайдасы бар, олар қандай жемістерде кездесетінін дәрумендердің өзінен сұрап өтейік
Үлбике: А Мен болмасам егерде
Көзің жақсы көрер ме?
Жетіспесе ағзаңда
Бойың биік өсер ме?
Мен сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездесемін. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды. А дәрумені көздің жақсы көруіне көмектеседі.
Сырым: В Менсіз жүйке шаршайды
Ашуланып кеп саларсың айқайды
Қан азайып әлсірейді жүрегі
Асқазаның қорта алмайды
Мен түрлі жармаларда, сүт өнімдерінде,жұмыртқада,жемістерде кездесемін.
Асылай: С Мен болмасам бойыңда
Тісің дұрыс өспейді
Ішкен асың бойыңа
Жөнімен тарап сінбейді
Мен итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында боламын.
Жансұлтан: Д Мен жетіспей қалғанда
Мешел болып өсерсің
Қаңқаң қисық болғанда
Өкінумен өтерсің
Мен жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына боламын.Сүйектің минералдануы мен қатаюына көмектесемін.
Айша: Мен К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездесемін. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәрумені көкөністерден жасалған салаттарда, асқабақта,сәбізде кездеседі.
Дастан: Мен Р дәрумені шайдың құрамында көп боламын. Р дәрумені еттің,бауырдың,жұмыртқаның,қара нанның,жержаңғақтың құрамында кездеседі.
Сымбат: Мен Е – дәрумені тері мен шырышты қабаттың жазылуын жақсартамын. Жаңғақта, көк бұршақта, жүгеріде, өсімдік майында боламын.
І-жүргізуші: Мерей Міне, аталған дәрумендердің бәрі ағзаға үлкен әсер ететінін білдік. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста. Біреуі жетіспесе, екіншісі орнын басуы да ықтимал. Қазір бірнеше дәрумендер қосылған дәрілер өте танымал. Оны көктем, қыс кезінде пайдаланған дұрыс.
\ІІ-жүргізуші: Аиида Жалпы, әр адамның денсаулығы үшін дәрумендердің алар орны ерекше. Сол себепті, құнарлы тағамдарды көбірек жеген дұрыс. Ал дайын дәрумендерді пайдаланғанда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.
І-жүргізуші: Мерей Дұрыс айтасың Аиида бұл сөзіңе келісемін.
«Жұмбақтар жасыру» жауабын табу. Жемістерге байланысты 10 түрі.
І-жүргізуші: Мерей Мәссаған! Аиида мына қызықты қарашы, жемістер бір – бірімен айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын» деп шу шығарып жатыр.
ІІ-жүргізуші: Аиида Ия Мерей қане оларды да тыңдап көрейікші.
Ұлбике: Мен алмамын. Менің құрамымда - А, В1, В2, В6, С, Р
дәрумендері бар.Шырынымнан сусын дайындалады, жемісім емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан
тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Менің пайдам өте көп. Қан қысымын
түсіремін. Бүйректе тас пайда болудың
алдын аламын. Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ
алманы қайнаған сумен араластырып
ішеді.
Әлібек: Мен бананмын. Менде - А, В, С, Р дәрумендері болады.Жемісімді жас күйінде және кептіріп те жеуге болады, одан банан
ұны,консерві,мармелад,шәрбат дайындалады.Егер сіздің қан қысымыңыз
жоғары болса, күнделікті дастархан
мәзіріне мені қосқаныңыз жөн. Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген
қан қысымын төмендетеді дегенді айтады. Сондай-ақ күніне тек банан
ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да
болады. 
Балнұр: Мен Жүзіммін. Менің құрамымда - С, В1, В2, РР дәрумендері бар. Менің құрамымдағы дәрумендердің миға пайдасы өте зор. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу ағзаға өте пайдалы дейді дәрігерлер. Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие.
Нұрсұлтан: Мен лимонмын - Қант диабетімен ауыратындарға менің жапырағымды кептіріп шай қылып ішсе өте пайдалы. Шырынымды күн сайын ішсе, бүйректегі тас пен құм түсіреді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Жансая: Қызылша Каспий теңізінің
жағалауында - Жерорта теңізінде дүниеге келдім.
Қызылшаның да әртүрлісі болады. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, ,
Индия мен Қытайда кездеседі.
Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы
неміс химигі Маркграф қызылша құрамында қант барын тапқан. лалардың
жүйке жүйесіне пайдаланады.
Ерғали: Сәбіз
- Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
Айша:Мен асқабақпын. Менің құрамымда - С, В, Е, К дәрумендері бар. Мен артық
салмақтан арылуға, көздің жақсы көруіне көмектесемін. Асқабақтың
шырынын балмен ұйықтар алдында ішсе, тыныш ұйықтайсыз және ол
асқазан ішек жолдарын тазартады.
Жансұлтан:
Қияр: - сопақшы көк өңім
бар,
Пайдалы, мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жиярсың,
Менің атым – қиярмын.
Қазір ұзын сабағым
Жан – жағыма тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
- Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін,
сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын. Ежелгі
Египетте бай адамдар шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған.
Терінің қартаймауына көмектесемін. Және қазіргі кезде косметикаға
да қолданады.
Сымбат:
Қызанақ Әсем, нәзік
көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды
Нұрбақыт:Картоп Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
- Мені ең алғаш 1537 жылы білді.
Асылай: Құлпынай Құлпынайдың дәмінен
Татуға жұрт ынтық ай
Болар сусын десеңде
Тоймайсың қанша жесеңде
Жасайды одан әтір де
Жапырағы ем жөтелде
II-жүргізуші:Аиида Би «Жемістер»орындайтын бір топ оқушылар
І-жүргізуші: Мерей Аиида қазір қыс мезгілі, ал қыста біздің ағзамызға иммунитетін сақтап, суықтан қорғайтын көп күш қажет. Нені жеу, қалай тамақтану керектігін білуіміз керек.
ІІ-жүргізуші: Аиида Ия Мерей не жеу керек екенімізді де білуіміз керек. Жиі тамақтанған өте маңызды. Ең дұрысы күніне 5 мәрте, 3 негізгі ас, 2 жеңіл тамақ, аралары 3 сағаттан аспайтын. Ағзамызды қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін, қандай тағам, қанша мәрте жеуімізді білген дұрыс
Балнұр: Өте жақсы Дәрумендер туралы көп нәрсе үйрендік деп ойлаймын. Ендеше денсаулығымыз дұрыс болу үшін дұрыс тамақтануды да білуіміз керек .
Жантөре; ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР Адам – өз құмарлығының құлы. Ол пайдалы нәрсені көре тұрса да, өзі бұрыннан бой үйретіп алған пайдасыз нәрсені тастап кете алмайды. Ал, ең пайдасыз нәрсе – қолға не түссе, сонымен қоректенеді.
Сымбат: Ас адамның арқауы
Деген сөз бар ежелден
Бойдан сіңіп тарауы
Үшін керек ереже
Жансұлтан:Тамақты ішсең күнде сен
Белгілі бір мезгілде
Таңертең, түс, түстен соң
Жатар алды кезінде.
Жансая: Тамақтанудың
ережелері: 
-
Артық тамақ жемеу
-
Жеңіл тамақ ішпеу
-
Тағамдарды толық және дұрыс шайнау
-
Майлы тамақтан тартыну
-
Өте тұщы және ащы тамақтан бас тарту
-
Ас ішерде асықпа
-
Ыстық тамақтан соң іле-шала суық тамақ ішкен зиян
-
Тәулігіне 4-5 рет тамақтану
-
Тамақ піскен, жаңа дайындалған болу керек
-
Дастарқанаға тамақ ішкің келгенде ғана отыру керек
I-жүргізуші:Мерей «Дәрумендер әні»
Мади Жиырма бірінші ғасырда
Ашық аспан астында
Денсаулықтарымыз мықты болсын
Жанұяларыңыз куанышқа толсын
Бүгінгі тәрбие сағатынан
Дәрумен жайлы сөз еткен
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен.
Мұғалім « Денсаулық-зор байлық» . Денсаулық бар жерде бәрі де болады.Кәзір бәріңізде оның куәсі боласыздар. Бір күні Денсаулық, Бақыт, Байлық ел аралап шығыпты.Бір кісінің үйіне келіп есік қағыпты.
Кісі: Жансая
Ұласбек Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!
Хор: халық әні «Дастархан»
І-жүргізуші: Мерей Қорыта келе, Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. . Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге,
Аиида: - «Бірінші байлық - денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәріге емес, дәруменге үйір бол» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңыз жемістерге толы болсын демекпіз!


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген