400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сағаты "Жирен жаман əдеттен"

Материал туралы қысқаша түсінік
салауатты өмір салтын сақтауға оқушылрды тəрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жирен жаман әдеттен.


Сабақтың мақсаты: 1. білімділік – « Бірінші байлық – денсаулық » деп дана

халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азама-

тын зиянды әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым

шегушіліктен сақтандыру , олардың денсаулыққа , бола-

шақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру , өркениетті елі-

мізге лайықты , зиянды әдеттерге қарсы күресетін

білімді тұлға тәрбиелеу.

2. дамытушылық - Темекінің адам өміріне зиянды және

улы екенін түсіндіре отырып , саналылыққа , құқықтық

тәрбиеге баулу.

3. тәрбиелік – Салауатты өмір салтын сақтауға оқушы-

ларды тәрбиелеу.Тазалыққа , лас істерден аулақ болуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.

Сабақтың әдісі: Түрлі тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы арқылы оқушыларға ой салу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , түрлі-түсті электронды слайдтар ,

«дәрігерлік кеңес» кітапшалары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалып ,

тақырып баяндалады.

Мұғалім : Саламатсыздар ма , оқушылар!

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасында « Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін « Жирен жаман әдеттен » атты тәрбие сағатымызда ой бөліспекшіміз.

Оқушылармен жеке жұмыс.

  1. Таныстыру. ( Әр топ өздерін таныстырып , төс белгілерін қорғайды )

  2. « Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

  3. « Тәні саудың жаны сау ». ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру )

  4. Темекінің зияны. ( темекінің зияны туралы оқушылардың жинаған мәліметтері )

Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Мұғалім: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама ,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір ,

Әуес көріп ұстамасты ұстама ! – деп жас жеткіншектерді са-

лауаттылыққа үндейді.

Серікболсын – Темекі тартып ерікпе ,

Өкпеңді алар демікпе.

Айша.- Темекінің кермегі ,

Еріккеннің ермегі.

Асанбек – Жалқаулықтың жан күтімі ,

Екі қолды ыстайды.

Темекінің көк түтіні,

Екі өкпені ыстайды.

Мержан – Ұзартқың келсе ғұмырды ,

Таста арақ пенен шылымды.

Ақылбек – Ішпеген шылым тартпаған,

Денсаулықты сақтаған.

Айша – Елемеген ауру жаман ,

Ескермеген дау жаман.

Гүлнұр – Күлкі – денсаулықтың мүлкі.

Қуандық – Ішің ауырса аузыңды тый.

Аяулым – Маскүнем арақтан өледі.


«Денсаулық» тобы

Жантөре – Түтіні тісіңді сарғайтады ,

Уы ерте қартайтады.

Тұрарбек – Шылымды жерге тастама ,

Айналаңды ластама.

С.Бекзат – Көзге түскен қауыз жаман,

Шылым шеккен ауыз жаман.

Дастан– Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан.

Әсемгүл.- Шылымқор өзін ғана емес ,

Өзгелерді де улайды.

Темірлан – Тамағы тоқтық ,

Жұмысы жоқтық ,

Аздырар адам баласын.

Гаухар – Темекі тартсаң ақырын ,

Азаяр сана ақылың.

Б.Бекзат – Жақсыдан үйрен ,

Жаманнан жирен.

Әлия – Ауырып ем іздегенше ,

Ауырмайтын жол ізде.


Мұғалім: Шәкірттер алды-артын аңдасын ,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

« Ол кім ? Бұл не ? » бөлімінде ,

Танымдықпен, білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын , - дей келе « Тәні саудың , жаны сау »

бөліміне тоқталайық.

« Тәні саудың , жаны сау » ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақ-

тарға жауап беру )

  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай ?

( Отбасының бұзылуы , қылмыстың артуы.)

  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не ?

( Ішімдік )

  1. Темекі құрамындағы улы зат ?

( Никотин )

  1. СПИД неліктен қорқынышты ?

(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді,ең жаманы емі жоқ. )

« Денсаулық » тобына сұрақ :

  1. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы ?

( Парасатты , байыпты , ақылды , ойлы , сабырлы.)

  1. СПИД нашақорларға қалай жұғады ?

( Ортақ пайдаланған ине арқылы )

  1. Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні ?

( 1 желтоқсан.)

  1. Шылымның зияны тиетін ағза ?

( Өкпе )


Мұғалім: - Арақ ішіп шылым шексең жасыңнан,

Өсе келе айрыласың басыңнан.

Төбелесіп дарақы боп жүрсең сен,

Таба алмайсың бір досыңды қасыңнан.

Сондықтан да замандасым жас ұлан,

Денсаулықты сақтай көрші жасыңнан! – деп « Темекінің зияны » бөліміне кезек берейік.


V – кезең

Темекінің зияны. ( темекінің зияны туралы оқушылардың жинаған мәліметтері )

Айша – Темекінің құрамында өте улы зат – никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.

Дастан- Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл. шамасында

никотин жұтады. Алғаш рет темекіні тартқанда адам уланады, басы айна-

лады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.

Мұстафа – Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп,

түрлі ауруларға шалдықтырады.

Гүлнұр - Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе ауруымен ауыра-

тындардың 97 пайызы шылым шегетіндер.

Серікболсын – Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің, адамды « баяу өлімге » алып баратын бірден-бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал те-

мекіні адам өмірін 12 минутқа қысқартатынын анықтаған.

Әлия - Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн.

адам қайтыс болады екен.

Асанбек – Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан жолаушылардың санымен салыс-

тыруға болады.

Аслан. - Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша

1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса , бұл көрсеткіш

жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған.

Гүлнұр - Шариғатта адамды есіртетін , мал ететін , ақылынан аздыратын , нәрсенің барлық түрі харам деп аталады.

Темірлан - Лұқпан хакім ерекше дарынды , зерек болыпты. Соның қал-

дырған жеті өсиеті бар екен.

  1. Ерте тұру.

  2. Орта тазалығын сақтау.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Үнемі денені таза ұстау , ыңғайлы киіну.

  5. Үнемі сергек жүру.

  6. Артық тамақ ішпеу.

  7. Көп ұйықтап жалқау болмау.

Осылардың барлығы денсаулықты сақтандыру негізі болып табылады.

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!

Мұғалім : Міне , балалар « Арақ – арыңа нұсқан , темекі – тегіңе нұқсан », жаман әдеттерден аулақ болыңдар! Сау болыңдар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі