400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тəрбие сағаты:" Мектеп - білім тірегі, Ұстаз -оның жүрегі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шараларға,сынып сағаттарына пайдалануға дайын сценарий.Оқушылардың ізденгіштік, дарындылық, қызығушылық қаабілеттерін дамыту.Ата-анасын,ұстаздарын,жолдастарын,сыныптастарын құрметтеуге, сыйлауға баулу. Өз еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектеп - білім тірегі, Ұстаз – оның жүрегі!»

1.Әнұран

1-жүрг. Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.


2-жүрг. Яғни «Мектеп - білім тірегі, Ұстаз – оның жүрегі!»


1-жүрг. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.


2-жүрг. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

1-жүрг. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Хор «Ұстазым» орындайтын 7 «А» сыныбы


1-жүрг. Мемлекеттің өркениетке бастар жолының бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.


2-жүрг. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.

1. Ақбота

Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

2. Жақсығат

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

3. Қалдаш

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

4. Ұлданай

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

5. Ақниет

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.


6. Нұрсұлтан

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

7. Нұрболат

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.


8. Балауса

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін


9. Багдаулет

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.


10, Жұлдыз

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

11. Ж Бекзат

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз

12. Гүлжанай

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.


13. Нұрдаулет

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.


14. Мейрамгүл

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.


15. Айбек

Ұстаз – ұлы есім.

16. Қуаныш

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.


17. Бибісағира

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.


18. Нұрдана

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин


19. С. Бекзат

Атпаз көрген ат таныр,

Ұстаз көрген хат таныр.


1-жүрг. Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге еңбекте табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық, бақыт тілейміз!


Ән: «Ұстазым» орындайтын Орунбасарова Нұрдана. Қабыл алыңыздар!


Жүргізушілер қоңырауларын бір мезет сыңғырлатады. Осы бір мезетте оқушылар Ұстаздарды мерекелерімен құттықтауға шығады.

(Балалар ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлайды).


Би: флешмоб /қыздар/


1-жүрг. Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз.


2-жүрг. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ

1. Ақбота

Білімнің кілтіндей

Әліппе” ұстатқан,

Оқуға іркілмей

Тоқуға үйреткен.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.


2 Жақсығат

Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда,

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.


3 Улданай

Атам да сыйлайтын

Атамның тұстасы,

Папам да сыйлайтын

Ауылдың ұстазы.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің

4 Қалдаш

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл, білім үйреткен.

Ана тілін оқимын,

Ерекше зор құрметпен.


5 Нұрболат

Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.






6 Ақниет

Ұлтын сүйген баламын

Ұлтым тілі – анамның.

Қазақ тілі – ортақ тіл,

Тілімнен ой табамын.


7 Нурсултан

Шыңдап күнде мен енді,

Шынықтырам денемді.

Сүйемін ән-күй сабағын,

Суретті сәндеп саламын.


8 Балауса

Ғұлама, білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан,

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден – Батырдан


9 Ж. Бекзат

Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен,


Бәрі/ қосылып:

Білім берген біздерге

Рахмет Сіздерге.

1-жүрг. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


2-жүрг. Мереке құтты болып, мерейлеріңіз арта берсін, ұлағатты ұстаздар!


1-жүрг. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.


2-жүрг. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.


1-жүрг. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!

10 Жулдыз

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.


12 Нурдаулет

Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің, мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.


13 Мейрамгүл

Қыр-сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның

Өнеге, өріс беретін

Барометрі сенсің адамның.


14 Куаныш

Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерің оқытқан

Келіп тұр жолдап сәлемін!

15 Бибісағира

Өмірдің ұғып тереңін,

Өркен жайған қауымым

Қабыл ал жүрек сәлемін,

Құлақта сенің әр үнің!


16 Багдаулет

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз.



17 Нұрдана

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


18 Айбек

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.


19 Гүлжанай

Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,

Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік,

Тербетеді сезім менен жүректі.


Бәрі/ қосылып:

Білім берген біздерге

Рахмет Сіздерге.


1-жүрг. Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

2-жүрг. Ән: «Ардақты ұстазым» орындайтын Агнаева Улданай және Жалгасбаева Жулдыз. Қабыл алыңыздар

Би: флешмоб /балдар/

1-жүрг. Сен алғашқы сабаққа барғанда үш ережені ұмытпа, біріншіден, киген киімің шәкірттер жиіркенбейтіндей, үстіңе қонымды, бойыңа жарасымды болсын. Екіншіден шәкірттерің қандай сұрақ қойса да, оларды қақпаламай, қанағаттандыра жауап бер. Үшіншіден, олардың әуелгіде әдейі көрсеткен оқыс қылықтарына шыдап, сабырлылықпен тәлімді тәсіл қолдана біл...


2-жүрг. Сынып – сиқырлы драма орны. Онда кездейсоқ керемет оқиғалар болуы мүмкін. Әзіл – қалжың отауы

  1. Анасы мен баласы

Неге бармайсың?

Баласы шешесіне айтады:

- Мен енді мектепке бармаймын!

- Неге бармайсың?

- Сол ... Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады...

- Бармаймын!

- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.


2көрініс“Суретші”

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

- Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.


3-көрініс География сабағынан үзінді

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

- Асан:………….

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

- Асан:……………….

- Мұғалім:

- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?

Асан: - Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.


4 химия сабағынан үзінді

Мұғалім бір оқушыны тақтаға шығарып:

- Судың формуласын жазып көрсет, - дейді. Ештеңе білмейтін оқушы бір нәрсені шатпақтап жаза салады.

Мұғалім:

- Сен не жаздың, бұл судың формуласы емес, - дейді.

Оқушы:

- Мен лай судың формуласын жаздым, - дейді.

5. Мұғалімнің ізімен жүретін шәкірт

1-жүрг.

Тойлайды бұл күнді көптен,

Біздің байтақ, бақытты ел.

Ұстаздарын шын жүректен,

Құттықтайды шәкірттер.


Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген.

2-жүрг.

Мерекемен құттықтаймыз,

Мұғалімін әр пәннің.

Ұстаздарды көреміз біз,

Шұғыласындай әр таңның.


Сіздер біздің өлеңіміз,

Сіздер біздің әніміз.

Тәртіпті боп үнемі біз,

Беске оқимыз бәріміз.


Улданай

Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда,

Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда.


Қалдаш

-“Ботам” деген сөзді ғана білуші ек,

Атан” деген сөзді әлі білмеуші ек.


Нұрболат

-“Апам” деген сөзді ғана білуші ек,

Апай” деген сөзді ғана білмеуші ек.


Ақниет

-Білім бар теңіз: болмайды екен мүлдем шек,

Біз сізге қарап: “Үйренсек”, дедік, - үйренсек!”


Нұрсұлтан

Ардақты ұстаз! Рақмет Сізге, рақмет!


Ж. Бекзат

-Үлкендерді сыйлауды,

Құнды кітап жинауды


Жұлдыз

-Адалдарды сүюді,

Тентектерді тыюды,


Нұрдаулет

-Оқуды ауыр көрме! – деп,

Ылғи да алға өрле! – деп,


Мейрамгүл

-Жақсы істерді құп ал! – деп,

Досың үшін қуан деп.


Хормен: - Ұсындыңыз қол үшін:

Рақмет Сізге сол үшін!


Куаныш

-Санамай жылдың күн, айын,

Баулыдыңыз ұдайы


Бибісағира

- Ақылыңызды тыңдаған

Шәкірттеріңіз мыңдаған.


Жақсығат

-Етеді еңбек әр елде:

Жаяды атын әлемге!



Нұрдана

-Емші атанған шәкірт те

Елші атанған шәкірт те...


Айбек

-Кәсіпкер де, мұғалім,

Журналист те, не ғалым...


Багдаулет

- Ақын шәкірт табылар,

Батыр шәкірт тағы бар...



Ақбота

-Біз үшін қиған уақытын

Өлшеп көр ұстаз бақытын!


Гүлжана

-Ұстазымыз алғашқы

Ғұмыр бойы жолбасшы!


С. Бекзат

-Қалдырмаймыз Сізді ұятқа!

Сіз үйреткен ақылмен

Талпынамыз мұратқа!


Хормен:

Кеңейткен ойдың өрісін

Рақмет Сізге сол үшін!


1-жүрг. Ән «Ұстаз» орындайтын Тініқұлова Гүлжанай

Ойын финал

1-жүрг. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!


2-жрг. Міне, осымен біздің мерекеміз де аяқталып қалды. Құрметті ұстаздар! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге көп рахмет!


(Бәрі бас иеді). Хормен “Ұстазым” әнін орындайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2033
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі