400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тəрбие сағаты "Отбасы - алтын діңгек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс түрінде отбасы күніне арнап өткізуінізге болады. Қыздар жатақханасында тəрбиеленіп жатқан оқушылар мен ата аналарына арнап
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек »

Мақсаты: Ата – аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата- аналардың мектеппен, тәрбиешімен, басқа да ата- аналармен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру.

Түрі: Ата- аналар мен балардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамда отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата- аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалім, тәрбиеші, ата – аналарға жан – жақты көмек көрсетуде.

Бүгінгі біздің жатақханамызда «Отбасы – алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-ші Слушаш анасымен

2 – ші Айлана анасымен

3- ші Алия анасымен

4- ші Аружан әкесімен

Сайысқа қатысу ретін анықтау.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Шулумова Муслима Темербаевна – жатақхана меңгерушісі

  2. Каримова Алтынай Қуанғалиқызы – тәрбиеші

  3. Ахметова Гулнара Марксовна – тәрбиеші

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері болады.

Жүргізуші:

Өнегелі тәлімді алған қанып,

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады.

  1. бөлім – Таныстыру

  2. бөлім – «Өз өнері» үй тапсырмасы

  3. бөлім – «Жағдаяттар» сұрақ – жауап сайысы

  4. бөлім – « Тапсырмалар »

  1. Таныстыру

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.



Әділқазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Ән : «all of me» Гұмарова Ғазизаның орындауында қарсы алыныздар.

  1. Өз өнері

Кедеймін деп қысылма

Өнерін болса қолында.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында – демекші ата – ана мен баланың дайындаған өнерлерін тамашалайық.

Әділқазы бағасын береді.

Келесі кезекте 10 сынып қыздарының «Көңілді» биіне берсек. Қарсы алыңыздар

  1. Жағдаяттар шешу.

  1. Он жасар қызының бөлмесін жинап жүрген анасы қызының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Қызы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді.Анасының ойынша қызының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалпына келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.



Сұрақ: Анасының іс – әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?

Қандай қателік ба?

Баланың құқығы бұзылды ма?



  1. Баласының күнделігінде үнемі оның мектепте жанжал шығарғандығы туралы ескерту жазулы тұрады.Осы үшін балаға ата – ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.



Сұрақ:Баланың мектепте үнемі жанжал шығаруы неліктен?

Осы жағдайда ата – ана нестеу керек



  1. Соңғы кезде Сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе – жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін – өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес.Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді.

Сұрақ: Мұндай жағдайда ата – ана не істеу керек?

Сіз кімнің көзқарасын жақтайсыз? Әкесінің бе?әлде шешесінің бе?



  1. Он екі жасар Әсемге қонаққа келген Айгуль апасы жақсы кітап пен үлкен шоколад конфетін алып келіп берді. Әсем анасының үйреткенін дей рахмет айтып, ризашылығын білдірді де апасына «Менде мұндай кітап бар, ал шоколад мен жемеймін» деп жауап қайтарды

Сұрақ: Мұндай жағдайда сіз баланызға не айтар едініз?

Баланызды сыйлықты қалай қабылда деп үйретесіз?

  1. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді.оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермейді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді.ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді.тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті.бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.

Сұрақ : мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз

Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?

Ойын «Танып ата»

Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата –аналар жеке-жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.



  1. Тапсырмалар

  1. Картопты үзбей ашу анасы мен қызы

  2. Гүл отырғызу

  3. Коконістерді пайдаланып әдемілеу

  4. Маталардан құрақ құру.

  5. Отырғышты жөндеу.

Жүргізуші: Сайыс кезендері аяқталды. Ендігі кезекті 8 – сынып оқушысы Бисенгалиева Санияның орындауында әнге береміз

Әділқазы бағаларын есептей берсін.

Қорытынды: Барлық өнеге отбасынаң басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатыгездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау – ұрпақ алдындағы ұлы міңдет деп түсінейік.

Марапаттау











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.09.2019
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі