400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тəрбие сағаты:"Үй жануарлары қалай дыбыстайды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жануарлар туралы түсінік бердім.Балалар жануарлардың тіршілігі,төлдері дыбысталуы туралы толық білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мақсаты: Дамытушылық: Жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй және жабайы жануарларының атын дұрыс айта білуге, ажыратуға үйрету. Білімділік: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін толықтыру . Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және жабайы жануарлар деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы , үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Тілін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Жан- жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер, құрал жабдықтар : Үй және жабайы жануарлардың суреттері, таратпалы (үлестірмелі) суреттер, сиқырлы сандық, Интерактивті тақта, слайд Әдіс- тәсілдер: Сұрақ –жауап, ойын, тақпақтар Билингвальды компонент: жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие животные, үй жануарлары-домашныей животные. Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білуді, үй және жабайы жануарлардың атауларын. Үйренуі керек: Жануарларға қамқорлық жасай білуді. Түсінеді: Жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылығын, үй жануаларының әкелетін пайдасын. Оқу қызметінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбері. Күніміз ашық болсын, Заманымыз тыныш болсын. Ауамыз таза болсын, Жан-жануар,адамзат аман болсын. Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күніміз өте жақсы күн болып басталды, себебі біздің тобымызға қонақтар келіп отыр. Қанекей қонақтарға сәлем берейікші. Балалар: Сәлеметсіздерме қонақтар! Тәрбиеші: Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл- деп ойлайсың? Ал, балалар айтыңдаршы қай жыл мезгілінде болады? (Қыс) -Қыста қандай ерекшеліктер болады? (Қар жауады,күн суық болады,аяз болады) -Өте жақсы. Жарайсыңдар! -Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жануарлар әлемі» . -Қандай жануарларды білеміз еске түсірейікші. (Жануарлар туралы слайд көрсету). Интерактивті тақтаға назар аударайықшы нелердің суретін көріп тұрсыңдар? Балалар: Қой,түйе, сиыр, аю, қоян,түлкі,жылқы, қасқыр,арыстан т.б Тәрбиеші: -Жануарлар екіге бөлінеді.Үй жануарлары, жабайы жануарлар. –Балалар сендер үй және жабайы жануарларды орыс тілінде,ағылшын тілінде қалай айтатынын білесіңдер ме? Балалар: Иә Тәрбиеші: Онда бәріміз бірге айтайық жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие животные, үй жануарлары-домашныей животные -Жарайсыңдар, балалар - Қолда ұстайтын, адамдар қамқорлық жасайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады. Үй жануарын атайықшы? Балалар: Қой, сиыр,жылқы,түйе, ешкі. Тәрбиеші:. Үй жануарларының адамға тигізетін қандай пайдасы бар? Балалар: Үй жануарларының пайдасы өте көп. Сиырдың сүтін ішеміз,қаймақ, айран жасаймыз,етін жейміз. Жылқы мінсек көлік , сойса ет. Қойдың,ешкінің жүнінен киім тоқиды. Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар, олардың пайдасы өте көп,үстіміздегі киім-кешек,ішіп-жеп отырған азығымызды, барлығын біз үй жануарларынан аламыз. Ал далада,орманда тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар дейміз. Олардың түрлері өте көп. Жабайы жануарларды атаңдаршы? Балалар: Аю, қасқыр,қоян,түлкі,арыстан . т.б Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар өте дұрыс айтасыңдар. Балалар, бір әдемі әуен естілетін сияқты Ғажайып сәт: (Ортаға әуенмен сандық кіргізіледі) Тәрбиеші: Балалар,бұл не болды екен? Мен ашып көрейін, ішінде не бар екен? (сандықтың аузын ашқанда бір жағымды әуен естіледі) Бұл не сандық, жәй сандық емес,сиқырлы сандық болды ғой.Бұл сандық ғажайып елден келіпті. Бүгінгі ашық оқу қызметінде жануарларлар жайында білдік.


Сергіту сәті:


Тәрбиеші: Өте жақсы.









































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі