жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тəрбие шарасы "Қош келдің, Жаңа жыл" Шағын орталық
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы Чапаев бастауыш мектебінің шағын орталық тобы тәрбиешісі Қасанғалиева Айгүл Қинешқызы
Тақырыбы: Қош келдің, жаңа жыл!
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл туралы мағлұматтарын кеңейту, ой-қиялдарын дамыту. Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Кешті балалардың естерінде қаларлықтай тартымды өткізу.
Көрнекілігі: шырша, шарлар, қар, жаңбыр, түрлі ойыншықтар,
ойыншық аңдар, т.б
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
Шағын орталық тобында.
(Балалар келіп, шыршаны айналып тұрады)
Басталды жаңа жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар асығыңдар.
Аяз ата шақырғанның бәрі дағы қалмайды.
Басталды, басталды жаңа жылдық карнавал.
(Балаларды қарсы алу)
-
Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ ... шыршамыз көңілсіз.
(Залға «Кәмпит ханшайым» келеді).
-Сәлеметсіңдерме,балалар?Жаңа жыл құтты болсын!Мен сендерге көптеген тәтті конфеттер ала келдім және ойындар да ала келдім.Мына шыршаларың неге көңілсіз? Шамдары неге жанбаған? Қане,бәріміз шырша шамын жағайық.
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)
(Шырша шамы жанады, балалар қол соғады)
1бала: Жаңа жылда жол болсын!
2 бала: Әрбір үйде той болсын!
3 бала: Берекелі жыл болсын!
4 бала: Ақ дастарқан мол болсын!
5-бала: Қызық-думан көп болсын!
6-бала: Уайым-қайғы жоқ болсын!
7-бала: Еліміз тыныш болсын!
8-бала: Ата-анамыз аман болсын!
Барлығы бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жүргізуші: - Балалар, айтыңдаршы жылда жаңа жылға бізге қонаққа кімдер келуші еді?
(Балалардың жауабы)
1 бала: Аяз ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?
Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.
Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз ата мұнда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Жүргізуші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Жүргізуші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың
сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Қанекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар.
Ау-у-у-у (3 рет).
Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(Аяз ата Ақшақарды шанамен алып келеді).
Аяз ата: Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Қане, бәріміз хормен «Шыршаға бардық» әнін айтайық.
Мыстан кемпір: - Бұл не айқай шу,
Сендер кімсіңдер?
Балалар: Шағын орталық тобының бүлдіршіндеріміз.
Мыстан кемпір: Сендердің шырша тойларыңды өткізбей қояйын ба?
Балалар: Әже, қандай әдемісіз! Бізге әже болыңыз. Біз сізге немере болайық!
Мыстан кемпір: «Әже» дедіңдер ме, балалар. Мені ешкім әже деп айтып көрген жоқ. Сендермен дос болайықшы.
Тәрбиеші: «Мыстан шеше», бізбен бірге жаңа жыл кешін тойлауға қатысыңыз.
Мыстан: Рахмет. Мен сендермен бірге жаңа жыл кешін тойлауға қатысамын.
Тәрбиеші: Біздің шырша тойымызға тағы бір қонақ келуі керек еді балалар.Ол неге кешігіп жатыр екен?(кенет үрген иттің дауысы шығады).
-Балалар,бұл ненің дауысы?
-Иттің дауысы.
Жүргізуші: -Міне,ғажап ,балалар біздің шырша тойымызға ғажайып үйшік келіпті.Ішінде не бар екен,қане бәріміз қарайықшы.(ішінен ит үріп секіріп шығады). Біз биылғы жаңа жылды қарсы алмаймыз ба? Ит жылын қол соғып қошеметпен қарсы алайық.
Ит: Жаңа жылдың иесі,
Ит жылы мен болам,
Қызық үшін тығылып
Үйшікке келіп отырғам.
Жүргізуші: «Кәмпит ханшайымының» бізге ала келген ойыны бар екен.Сол ойынды ойнап жіберейік. Мен бастаймын сендер аяқтайсыңдар.
-
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр ... (жаңа жыл)
-
Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата.
Келеді бізге ... (Аяз ата)
-
Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі ... (Әдемі)
Жүргізуші: Біздің шырша тойымызға орманнан аңдар да келіпті. Сол аңдарды қошеметпен қарсы алайық. Бірінші қонағымыз ақ қоян. Қол соғайық.
Секіріп қоян билеп шығады. Қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансың ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Ұйқымды ашып сергідім.
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық.
Би билеп, ән салайық!
(Екеуі қол ұстасып билейді)
Сол кезде қуана қутыңдап түлкі шығады.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Достарым жыл келеді
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді.
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, түлкі, қоян бірге билей жөнеледі.
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын!
Достығымыз мықты болсын!
Қоян :
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Аю :
Балпаң, балпаң басамын
Алты қырдан асамын.
Аю деген мен болам
Аңшы көрсем қашамын.
Тауық :
Шұбар тауық мойнында
Жолатпайды қасына.
Ұясында жүгірген
Балапаны қанша.
Қоян:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Қошақан:
Кіп-кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам: «Қозым» деп,
«Қошақаным өзің» деп.
Қоян:
Ақ қоянмын, қоянмын.
Үркек қоян, сақ қоян.
Дыбыс шықса қашамын,
Белден бір-ақ асамын.
Жүргізуші: Келесі кезекте ата-аналарды ойынға шақырамыз. «Кім жылдам?» атты ойын ойнаймыз.
Ортаға шырша суреттері тасталады. Музыкамен билеп жүріп, тоқтаған мезгілде шапшаң шыршаның үстін аяқпен басу керек. Басуға үлгермеген ойыншы ойыннан шығарылады.
Жүргізуші: Аяз ата, шаршаған боларсыз, шағын орталықтың балалары сізге арнап тақпақ айтып береді.
1-бала:
Жаңа жылым, жол болсын,
Басқан қадам мол болсын.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2-бала:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Сені күттім елеңдеп.
Өзіңменен ілесіп,
Аяз ата келер деп.
3-бала:
Қандай әсем шартарап,
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.
Жүргізуші: Келесі кезекте Ақшақардың өнерін тамашалайық. Ән.
Би: Ұлпақар. Билейтін қыздар.
Би: Гномдар биі. Билейтін ұлдар.
Тосын сый: «Сыйлық қорапша»
Ойын: «Қарша борау»
Ойын шарты: қардың ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
Жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендерде көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Зеңгер көкте жұлдыз болып жанайын
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ бойға қуат әкелген
Жаңа жылың құтты болын ағайын.
Аяз ата, Ақшақар топқа алыстан ат терлетіп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, жаңа жыл!» атты жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Ат салысқан ата-аналарға мың алғыс! Жаңа жыл отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген