400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тəрбие шарасы "Қош келдің, əз Наурыз" Шағын орталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз меркесін тойлайды. Ұлттық дқұндылықтар туралы мəлімет алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты:   1. Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының

ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз күні күн мен түн теңелетінін түсіндіру.

2. Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, кереге, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар, ұлттық

   киімдер.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
                    Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
                    Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
                    Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

                    Наурыз қайта оралды аты аңыз,
                    Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
                    Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
                    Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Наурыздың 22 – де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. 

Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.

Қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік, молшылық ала келсін!

Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

 Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

 Балғын шақты біз бақытты балалар!

Қош келдіңіздер!

Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашу)    



Тәрбиеші:Жақсы тілек айтамыз

Наурыз құтты болсын деп!

Жаңа жылда сіздерді

Қуанышқа толсын деп!

Ата-ана: Наурыз тойым!

Құтты болсын халайық!

Қане, достар!

Наурызға тілек айтайық!

1-бала: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

2-бала: Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжыптұржараса.

3-бала: Наурыз тойы — салтанат,

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

 Шаттанады шартарап.

 

4-бала:  Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз той салтымыз,

«Көгерсін» депхалқымыз

Көшеге тал егеді.

5-бала: Наурыз тойы - елдің тойы,

 Көктем тойы - төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!

6-бала: Ежелгі Шығыс елінің
Аңсаған арман, ойы бар
Тарқайтын жері шерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.

7-бала: Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді,

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

 

8-бала: Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек шаттық жыл басы,
Наурыздан бастап саналған.

 

9-бала: Малдар төлдеп, қой қоздап.

Сүтпен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан! 

 

10-бала: Наурыз – гүл көктем

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп күн көктем,

Нұр шашып қарайды.

 

11-бала:  Қош келдің, Наурыз еліме,

Мейірім төгіп жеріме

Береке-бірлік бақ болып,

Орнығып отыр төріме 

 

12-бала: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

 

13-бала: Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!

Хор: «Ойыншықтар»

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін табыңдар.

                   Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

                                              

Балалар: -Дастархан.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

Балалар: - Бешбармақ, бауырсақ, айран, құрт, шұбат, қазы, қымыз, ірімшік т.б

Тәрбиеші: Қазақтың  ұлттық  тағамдары ,

                  Жасымнан жақын маған  бәрі.

                  Теңгермес ем оларға  мен ,

                   Ешбір  асты  ғаламдағы.


   - Қане, көңіл көтерейік,

Ойын ойнап бой сергітейік.

-Ұлттық ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?

Балалар: «Қыз қуу», «Көкпар», «Асық», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ» т.б

Тәрбиеші: Ендеше, «Қыз қуу» ойынын ойнайық. Ортаға 1 қыз, 1 жігіт шақырамын. Аттарды мініп, ойынды бастайық! (Балалар ойынға шығады).

2.     «Арқан тарту» ойыны

3.     «Күрес»

Тәрбиеші: Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу».Сіздердің қатысуларыңызбен осы рәсімді өткізгелі отырмыз. Бәріңізді бесік тойына шақырамыз.

         «Тыштырма салу», «Ат қою», «Бесікке салу» рәсімдері өткізіледі.

 

Наурыз көже беру

Ашық болсын қас – қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін, житіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.

 

Наурыз көжеден дәм татайық!

Ата-ана: - Уа, халайық! Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Бәрімізге де Қыдыр баба жолыққай деп тілейміз. Қыдыр атаны қарсы алайық.

Балалар: - Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата!

Қыдыр ата: - Сәлеметпе, балалар!

Балалар: Қош келдіңіз! Сізден бата сұраймыз.

-         Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жергеенсін!

Аллаһу-Акбар! Әумин!

Қыдыр ата дорбасынан алып балаларға тәттілер таратады.

Жүргізуші:   Ән қосылсын әніңе,

                       Сән қосылсын сәніңе.

                       Ырысты боп жаңа жыл,

                       Бақ дарысын бәріңе!

    Ой қосылсын ойыңа,

                       Бой қосылсын бойыңа!

                       Аман-есен жетейік

                       Келесі Наурыз тойына!

-         Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Наурыз құтты болсын!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі