400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тəрбие шарасы "Тəуелсіздік тірегім" Шағын орталық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел тəуелсіздігін қадірлейді. Туған жерге деген сүйіспеншілігі оянады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебі»мемлекеттік мекемесі.

Шағын орталық тобы.

Тәрбиеші: Қасанғалиева Айгүл Қинешқызы.

Тақырыбы :«Тәуелсіздік тірегім».

Мақсаты:: 1).Желтоқсан оқиғасымен таныстыру.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ жастарының ерлігімен таныстыру.

2).Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді,Отан сүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.

3).Ұлтын сүюге,қастерлеуге үйрету.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік!

Ол ата-бабамыздың мыңжылдықтардан сыңсып жеткен Арманы,Үміті мен Сенімі.Ол Егемендік пен Дербестіктің ебі желі,Азаматтың алтын шуағы.Ол мойнына бұршақ салып жүріп Құдайдан тілеген менің ұлтымның ешкімге,ештеңеге айырбастамайтын бауыр етіндей ең қымбаты,ең асылы,аяулысы!

-Балалар,міне біздің «Мен қазақпын» деп еркін айтуға қол жеткізген тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды.

Қазақстан Республикасы-біздің туып өскен жеріміз,біздің Отанымыз.

Қазақтар мал өсіріп,жер игеріп,өз Отанын жаудан қорғаған,жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы,қасіретті күн еді.Бұл қасіретті күн Қайрат,Сәбира,Ербол,Ләззат сынды жүздеген,мыңдаған қыршындарымыздың қанатын қиып түскен сабырлық күні,өктемдік үні

«Желтоқсан оқиғасы» видео қарау.

Нұрасыл:

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Айболат:

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған

Отан үшін табандары тозбады.

Көркем:

Шектеліп ана тіліміз

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз

Асхат:

Тартылып жатса жаламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз

Қақымыз жоқ айтуға

Әділет қайлан табамыз.

Диас:

Тәуелсіздік алаңы

Түнек басып даланы

Демін ішке алады.

Жандар жатыр жаралы

Ақ қарға қан тамады

Тәуелсіздік алаңы.

Мұхаммедәли :

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

Зейнеп:

Шықты тарап ой данадан

Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар Президенті.

Дильназ: Он алтыншы желтоқсан

               Тәуелсіздік алған күн

               Ерекше боп мәңгілік

               Ел жадында қалған күн.

М.Мақатаев. «Үш бақытым». Оқитын Шаһризада.

«Желтоқсан желі» әні.

Тәрбиеші:

Қазақстан Республикасының өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

Рәмізім елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші

Рәміздерім-әнұран,ту,елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.



Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.Бұл түс-ашық аспанның ,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн-баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп ұшып бара жатқан ақиық қыран құс-ерлі белгісі.Матаның сол жағындағы ою-қазақ елінің ұлттық әшекейі.

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз-Отанымыздың жұлдызы биіктеп,бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылықты,молшылықты білдіреді.Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін білдіреді.Елтаңбаның төбесіндегі бес бұрышты жұлдыз болашаққа жол көрсетеді.

Елтаңба авторлары-Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Тәрбиеші: Кез келген мемлекеттік рәміздерінің ең маңыздысы-әнұран.Әнұран мемлекеттің салтанатты әні.

Әнұран орындалады.

Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев.

Әні: Шәмші Қалдаяқов.

Тәрбиеші: Өзіміз ғана емес,елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері де республикамызды мақтан ету керек.Барлық ұлттар тату,ынтымағы жарасқан.

Хор: «Достық»

Тәрбиеші: Бақыт құсы әр адамға қонып бір

О,Тәңірім,бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне,Тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі