Гипербелсенді балалармен
орындайтын жаттығу
-
Саламатсыңдар ма, балалар!
(балалармен амандасу)
-
Саламатсызба!
-

-
Ал, балалар онда
жаттығуымызды бастаймыз ба?
-
Онда бәрің келіңдер,
кілемнің үстіне тұрыңдар, араларыңды алшақ ұстаңдар,қазір жаттығу
жасағанда бір – бірімізге кедергі келтірмеуіміз үшін. (балалар
жарты шеңбер құрып тұрады)
-
Балалар таңертең қайда
келеміз?
-
Балабақшаға
-
Дұрыс айтасыңдар,
ұйқымыздан тұрғанда не
істейміз?
-
Жуынамыз
-
Олай болса кәне қалай
жуынатынымызды корсетейікші, суды ағызымыз,қолымызбен
аламыз
-
Бет, жақ,шеке,құлақ,
мұрын,қол
-
Тамағымызды
шаямыз
-
Шашымызды тараймыз
(барлығын іс – қимыл арқылы
көрсетеді)
-
Қане, барлығымыз айнаға
қараймыз. (қолдарын айна етип
қарайды)
-
Менімен бірге
қайталаңдар
-
Мен жақсы
баламын!
Мен таза
баламын!
Мен керемет
баламын!
Мен балабақшаға барғанда
достарыммен ұрыспаймын!
Тәрбиеші апайларды
тыңдаймын.
Балалар, енді қылқаламды
қолымызға аламыз, мұрнымызға қоямыз. Басымызбен күнді саламыз.
Дөңгелек етіп саламыз. Енді шуақтарын
саламыз.\\
Рахмет,
балалар!
-
Балалар, сендерді бүгін
орманға саяхатқа шақырғым келіп
тұр
-
Қыдырып келеміз бе?
(балаларға музыка қою,
табиғаттың)
-
Тыңдаймыз, мұнда не болып
жатыр? Қандай дауыстар естіп тұрсыңдар? (балалардың
жауабы)
-
Ән басталды, біздің де
сиқырлды орманға саяхатымыз басталды. Орманға бару үшін бізді ұзақ
та, қиын жол күтіп тұр. Алдымен ұйықтап жатқан аюдың қасынан
өтеміз. Аяқтың ұшымен жай
өтеміз.
-
Енді алдымыздан желден
құлаған ағаштар кездесті аттап – аттап
өтеміз.
-
Жіңішке жол, бір жағы су,
бір жағы жар
-
Көпір (астынан су ағып
жатыр)
-
Балшықтан өтеміз (қоянға
ұқсап секіріп өтеміз)
-
Жеттік пе, шаршадыңдар ма,
демаламыз ба? Өздеріңе сыңар табыңдар, қазір демаламыз, арқаларыңды
бір – біріңе тақап отырыңдар.
-
«Тас пен гүл»
ойыны
-
Енді мені мұқият тыңдаймыз.
Қазір мен кімнің басынан ұстасам сол тас болады, қатты тасқа
айналасыңдар.
-
Келесілерің гүл боламыз.
Өздерін еркін ұстайды, жайылады
-
1,2,3
-
Қане тастар
қатамыз
-
Демалады, еркін демалады,
енді ауысамыз. 1-2 рет қайталайды (орындарын ауытырып
қайталайды)
-
Рахмет балалар,
болды.
-
Сендерге ойын жаттығу ұнады
ма? Кім болған ұнады? (балалардың
жауабы.)
Енді шеңбер
құрамыз
Қанқызбен
жаттығу
Қанқыз аспанға лақтырамын
ұшады. Кімнің атын атасам сол қағып алады. (психолог )Ойнап болған
соң қанқызды сипалау
Балалар біздің жаттығуымыз
қызық ия.
Ойдағы
заттар
Бауырсақ
Қарбыз
Үкі (Психолог ойдан бір
затты балаларға береді, балалар соны бір – біріне береді, ең
соңында үкіні барлығы бірге аспанға
ұшырады)

Балабақшаға оралу
жаттығуы
(Балалар жерге жатып,
көздерін жұмады)
Психолог: ал, енді
балабақша оралуымыз үшін бұлттарға отырып аламыз аламыз, терең
демаламыз 3 рет, әне біздің бұлтымыз да келді, қараңдаршы біздің
бұлтымыз мамық,жұмсақ, үлпілдек. Бұлт батпақтан, құлаған ағаштан,
көпірден, арықтан өтеді.
Ұшамыз – ұшамыз
балабақшамызға да келдік. Бұлт төмен түседі. Мен 3 ке дейін
санаймын. Сендер көздеріңді
ашасыңдар
1
2
3көзімізді ашамыш, шеңбер
болып отырамыз. Достар осымен біздің саяхатымыз аяқталып қалды.
Кімнің есінде не сақталып қалды? Қай жаттығу көбірек
ұнады.

Маған да сендермен уақыт
өткізген ұнады. Рахмет сендерге
Қане,барлығымыз әдеттегідей
қоштасайықшы
Сендерге
СӘТТІЛІК,
ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ
сыйлаймын.
Сиқырлы
сөз