400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренерлік сабақ. 14 күн. 1-2-сабақ: Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренерлік сабақ. 14 күн. 1-2-сабақ: Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану. Мектеп тренерлеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

14-күн

Мектеп тренері: Касымова А.Ж.

Тақырыбы:

1-2-сабақ: Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.

Мақсаты:

Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолданылу әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірлейді.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер оқу үшін бағалау мәні туралы білімдерінің және оның оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі негізінде қалыптастырушы бағалаудың формалары мен әдістерін әзірлейді.

Түйінді идеялар:







Сабақта қолданылатын материалдар:

Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің түйсігінде үлкен өзгерістердің жүзеге асырылуын талап етеді, себебі олар бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын үдеріс ретінде дәстүрлі түрде қабылдауға үйренген.



Интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, смайликтер,стикерлер, суреттер,бейнефильмдер

Дерек көздері:

Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық, мұғалімдерге арналған үлестірме материалдар, Интернет ресурстары, бейнефильмдер, суреттер.

1-сабақ

Сабақ барысы:

  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Тыңдаушылар шеңбер құра айналып тұрады да, бір-бірінің жағымды мінез-құлқын сипаттайтын сөздер тізбегін айтып жалғастырады. Тыңдаушылар әрбір айтылған сөзден кейін хормен, бас бармақтарын көрсетіп, «Тамаша екен!» деп демеп тұрады.

  • Кіріспе. Бағалауға арналған жаттығу:

Әрбір үстелде үлкен және кішкентай қызыл, жасыл және сары түсті алмалар тұрады. Тақырыпқа көшу - тренер бір мағыналы критерийлердің маңыздылығын атап өтеді. Критерийлер құрастырып алмаларды бағалайды. Алма түрлеріне сәйкес топқа бірігеді.



• Бейне-қадағалау: Критериалды бағалау дегеніміз не?

Бейнефильм



  • Эйфель мұнарасы.

Мұнаралар нұсқасын таратып 5 топқа тапсырмалар беріледі жəне əр топқа газет, скоч жəне слайдтардың біреуін беру. Өз мұнарасын құрастыруға 5 минут беріледі.

Мұғалімдер мұнараларды бағалаудың критерийлерін әзірлейді (орнықтылығы, биіктігі, мұнараны құрастыруға жіберілген уақыт,т.б.). Содан кейін топтар жасалған мұнара үлгілерін өзара бағалайды. Бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастырады.

Мақсаты: тыңдаушыларға үлкен жетістіктерге жетуде көмек көрсету үшін және оқыту мақсаттарының құндылықтарын, оқытудың нәтижелерін, деңгейлік баспалдақтарын түсінуге қол жеткізу мақсатында ұжыммен оқу жаттығуларын өткізу.



Мектеп тренері əр топта бар ақпаратты ұжыммен бөлісу үшін слайдтарды пайдалана отырып, кері байланыс орнатады.

Тапсырма: Берілген нақты тапсырмаға дескриптор құрастыру.

Қалыптастырушы бағалау бойынша семинар жоспарын жасау.

1-топ - қалыптастырушы бағалау

2- топ – критериалды бағалау

3-топ – жиынтық бағалау

Тренердің кері байланысы.

Ресурстар:

Бағалаудағы мұғалімнің рөлі (Білім беру платформасынан қараңыз 249 бет).

Қорытындылар парағы (Білім беру платформасынан қараңыз).

Критерийалды талқылау (Білім беру платформасынан қараңыз).

Оқушылармен сабақ мақсаттарын талқылау (Білім беру платформасын қараңыз).

Жазбаның мақсаты (Білім беру платформасын қараңыз).



«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі. Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемодан тұсына жазса , ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыш тұсына жаза алады. Сонымен қатар бүгінгі сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазуына болады. Осылайша, қатысушы мұғалімдер тақырыптан немесе жаттығудан не алғандарын көрсетеді .





ҮЗІЛІС (15 мин)





Зейінді, жылдамдықты шоғырландыруға арналған жаттығу.

Ералаш «Опять двойка» қысқаметражды фильм.

Топпен жұмыс

1.Ералаштың негізгі идеясы неде деп ойлайсыздар?

2.Оқу үшін бағалаудың маңызы неде ?

Тыңдаушылар берілген сұрақтарға 1-2 ауыз сөзбен жылдам жауап береді. Ең үздік жауапты таңдау, жұлдызша беру.




«Кинометафора» әдісі.



1. Бағалау бойынша мұғалімдердің не білетіндігін, не білмейтіндігін зерделеу.

2. Бейнекөрініс "Бағалау"

3.Топта талдау.



Өзін- өзі және өзара бағалау бойынша семинар. Мұғалімдер оқушыларды қалыптастырушы бағалау үшін топтарда тапсырма дайындайды.



Бағалау әдістер саны-топтағы мұғалімдер санына сәйкес.

Әдістер таныстырылымы. Ең үздік әдістерге дауыс беру. Тренер әрбір мұғалімге бағдаршам түстерін береді. Олардың көмегімен мұғалімдер дауыс береді.



Слайд.



Ресурстар

Таныстырылым. Өзін-өзі және өзара бағалау( Білім беру платформасын қараңыз ) «Тұжырымдамалық карта» дайындау.

Өзін-өзі және өзара бағалау бойынша оқу практикумы (Білім беру платформасын қараңыз 263-264 бет) Ең маңызды істерге назар аударып, пайда əкелмейтін елеусіз міндеттерді елемеуге мүмкіндік беретін Эйзенхауэр матрицасы тәсілімен кесте шаршысын құрады. А шаршысы: маңызды жəне шұғылы , В шаршысы: маңызды, бірақ шұғыл емесі, С шаршысы: маңызды емес, бірақ шұғыл, D шаршысы:маңызды емес жəне шұғыл емес.

Кері байланыс және қойылған бағалар бойынша түсініктеме беру. Кері байланыс және бағалаудың арасындағы айырмашылық. «Венн диаграммасы».

Ресурстар

Таныстырылым. Қойылған бағалар бойынша кері байланыс. (Білім беру платформасын қараңыз.)

Бағаларға табысты түрде түсініктеме беру үшін орындалатын қадамдар. (Білім беру платформасына қараңыз.)

Әдістер таныстырылымы. Ең үздік әдістерге дауыс беру. Тренер әрбір мұғалімге стикер береді. Олардың көмегімен мұғалімдер дауыс береді. «Мен бұл әдісті сатып аламын, себебі....»

Қатысушылардың рефлексиясы. « Бүгін мен өзіммен.....алып кетемін,себебі.....»



«Бес саусақ» тәсілі.

Тыңдаушылар параққа алақандарын қойып, салады. Салынған саусақтарына сұрақтарға жауап жазады.

Бас бармақ – Басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – Бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек –шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


10 минут







Зейінді шоғырландыру.

20 мин






Ақпарат

(15мин)

























Кері байланыс.
















Тәжірибе

25минут











Керібайланыс.

5 мин















2-сабақ

Зейінді шоғырландыру

25 мин
















Тәжірибе

25 мин




Ақпарат

25 мин








































Кері байланыс 10мин



























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі