жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тренерлік сабақ жоспары Диалогтік оқытудың мәні.
Түркістан
облысы Жетісай
ауданы
Абай
ауыл әкімшілігі №53
Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мектеп
тренері Жасузакова Зейнеб Мусабековна
10 күн :Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар:әңгімелесу және диалогтік оқыту
1 - сабақ
Тақырыбы: Диалогтік оқытудың мәні.
Мақсаты: Мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдеріне талдау жасайды. Мысалы, жауапалу және топпен жұмыс істеу арқылы.
Оқунәтижесі: Мұғалімдержауапалу мен шағынтоптардағыжұмыстықосаалғанда,әңгіменіжекеоқуғаықпалететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдайды.
Түйіндіидеялар:Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі.
Сабақ барысы:
Іс -әрекет |
Тренердің әрекеті |
Тыңдаушының әрекеті |
Бағалау |
Кіріспе кезеңі:
«Үлкен шеңбер мен кіші шеңбер» 15 минут
Топқа бөлу 5мин
|
1.Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. «Үлкен және кіші шеңбер» жаттығуы. Үлкен және кіші шеңбер әдісімен шеңберге тұрып Кіші шеңбер үлкен шеңберге тілектер айтады, үлкен шеңбер кіші шеңберден бүгінгі көңіл- күйін айтады. 2.Тыңдаушыларды 2 топқа санату арқылы бөлуді ұйымдастыру. |
1.Тыңдаушылар жаттығу жасайды. Үлкен және кіші шеңбер әдісімен шеңберге тұрып Кіші шеңбер үлкен шеңберге тілектер айтып, үлкен шеңбер кіші шеңберден бүгінгі көңіл- күйін білдіреді. 2. 2-топқа бөлінеді. . |
Тыңдаушылар бір- біріне қолдау көрсетеді. |
Миға шабуыл 10- мин |
«Миға шабуыл» стратегиясы. «Диалог» деген сөздің синонимін табу сөзжұмбағын шешуді тапсырады. -Диалог ұғымын қалай түсінесіздер? -Көз алдарыңызға диалогтық өмірді елестетіп көрдіңіздер ме? -Диалогтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған? |
Сөзжұмбақты шешіп, сурақтарға жауап береді, топпен талқылайды. |
Топ ішінде өзара бағалау жасалады. |
БПрезентация 15- минут
«Бірге ойлаймыз, сөйлесеміз» кестесі 15-мин
Сергіту сәті: «Сатамын, сатып аламын» жаттығуы 5-мин
«Еркін әңгіме» әдісі
15-мин
Қорытынды: 5-мин «Зигзаг» әдісі
Кері байланыс. «Мен жасаған жақсы іс" 5-мин
|
«Сыныптағы диалогтың маңызы» туралы презентацияны көрсету, презентациядағы түйінді идеяларды түсіндіру зерделеу және ол туралы ойларын айту. Бірлескен жұмысқа тапсырма: 1.Зерттеу материалдарын түсіндіру үшін Нейль Мерсердің кіріспе таныстырылымын пайдалану.
2.Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта әңгімелесуді пайдаланған кезде пайда болатын кедергілерді қарастыруға арналған зерттеушілік сипаттағы жәнесұрақ қою түрлеріне постер жасауды ұсыну.
Ресурстар: Диалогті пайдалану таныстырылымы(Мұғалімге арналған нұсқаулық,38-39-бет).
«Сатамын, сатып аламын» жаттығуы. Қатысушылар келесі әріптесінің 1 жаксы қасиетін алып, өзінің жаман 1 қасиетін сатады. Жаттығуды орындатады.
«Еркін әңгіме » әдісімен топтарға тапсырма беріледі.
-Тыңдаушыларды диалог тәсіліне қатысу дәрежесін анықтау. Ресурстар: Сыныптағы диалогтік тәсіл мен ағымдағы тәжірибеге көзқарас (Ашық сұрақтар). Белсенді __________және белсенді емес сабақ (Жоғары деңгейлі сұрақтар,Мұғалімге арнал,40-41-бет). • Сұхбатты жоспарлау: сыныптағы интербелсенді оқыту және сұрақтар Қою түрлері бойынша мұғалімге арналған нұсқаулықпен жұмыс жүргізіледі. «Зигзаг» әдісімен өтілген тақырып бойынша қорытынды жасайды. Тренингке қатысушылар белгіленген кеңістікте бір-біріне қарама-қарсы бір қатарға тұрады. Содан кейін қатардың басындағы 1-қатысушы қарама-қарсы тұрған 2-қатысушыға (жіп орамының бір ұшын өзіне ұстап қалып) жіп орамын ұсына отырып коучингтен алған әсерлері мен сезімдерімен бөліседі. Ол келесі қатысушыға береді, солай зигзаг жасалғанша жалғаса береді.
-Сіз
үшін сабақтың құнды жайттары қандай
болды? «Мен жасаған жақсы іс»әдісі. |
Тыңдаушылар презентацияда көрсетілген іс әрекет туралы баяндайды , талдайды дәлелдейді
1.«Біргеойлаймыз, сөйлесеміз» кестесімен жұмыс жасайды. (Үлестірмелі материал,147- бет)
2.Өз ойларын А4 парағына түсіреді,пікірлеседі, өз ойларын қорытындылайды. 1-топ.Диалог түрлеріне 2-топ. Сұрақ түрлеріне Әріптестер ойлары бөлісіп,пікірлесі пбір тоқтамға келеді. Өз ойларын постерге түсіреді.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Тыңдаушылар «Еркін әнгіме» әдісімен тыңдаушылар берілген сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады, пікірлерін айтады.
Сауалнама толтырады, стикерге сабақтан алған әсерлері мен өз көңіл күйлерін жазады
Бүгінгі жақсы ісі туралы айтады. |
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
Тыңдаушылар бір-біріне қошемет көрсетеді.
Топ- топты бағалайды.
|
1 - сабақ
Тақырыбы: Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
Мақсаты: Мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдеріне талдау жасайды. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс істеу арқылы.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда, әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдайды.
Түйінді идеялар: Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі.
Сабақ барысы:
Іс -әрекет |
Тренердің әрекеті |
Тыңдаушының әрекеті |
Кіріспе кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы 15 мин
Топқа бөлу 5-мин
|
1.Күн... сəулесін төгеді (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма) Оқушылар шеңбер болып отырады, бір адам ортада орындықсыз тұрады да «Күн ... сəулесін төгеді» дейді, бұл орайда көп нүктенің орнына «көзілдірігі бар» немесе «компьютер ойындарын жақсы көретін» деген сияқтыға келтіріп өз тарапынан бірдеңе қосады. Осы сипаттамаға сəйкес келетіндер осы кезде орындарын ауыстырады, ал ортада тұрған адам олардың орнына отырып үлгеруі керек, сөйтіп ауысып отырады. 2.Топқа бөлу. Темір жол вокзалынан «Қызылорда- Астана» бағытында жолаушылар пойызының аттанатыны және жолаушыларды вагондарға отырғызу басталғандығын хабарлайды. |
Жаттығу арқылы әріптестермен эмоциялық ахуал орнату.
2. Тренинг «Темір жол вокзалы» Билеттер нөмірі бойынша топқа бөліну |
Миға шабуыл «Интервью» әдісі 10- мин
|
«Интервью» әдісі Тілші (коуч) тәлім алушыларға сұрақтар қояды. Тыңдаушыларға сұрақ түрлеріне мағлұматтар беріп өту. Тілші: 1.Сіз күнделікті сабағыңызда қандай әдістер қолданып жүрсіз? 2.Сіздің сабағыңызда жаңа әдістерді қолдану қаншалықты маңызды деп ойлайсыз ? 3.Тәлімгеріңізден сізге қаншалықты көмек керек? 4.Тәлімгеріңіз талап еткен жұмысты қалай орындап жүрсіз? «Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі» презентациясын тренер топтарға көрсетеді.Тыңдаушылардан сабақта қолдану туралы,жағымды оқу ортасын құру жолдары туралы ой – пікірлерін сұрайды.
|
Тыңдаушылар сұрақтарға жауап береді, өзіндік ой- пікірлерін айтады, пікір алмасады.
|
Мағынаны тану 15-мин Видеоролик
15-мин
«Айналмалы бекеттер» әдісі. 20-мин
Қорытынды: «Бағалау ағашы» арқылы өзін-өзі бағалау 5-мин
Кері байланыс: «Ашық микрафон» әдісі 5-мин |
(«Диалогты пайдалану таныстырылымы» презентациясы.)
Видео көрсету. «Қошқар мен Теке» мультфилмі -Бейнежазбадан не ой түйдіңіздер? -Не туралы деп ойлайсыздар? -Кейіпкерлер туралы ойыңыз, не айтар едіңіздер? -Не түрткі болды? -Мақсаты қандай? -Мысал келтіре аласыз ба?
«Айналмалы бекеттер» әдісі бойынша тапсырма.Белсенді және белсенді емес сынып.(Үлестірмелі материал,145-146-бет). Топтық жұмыстағы рөлдерді бақылау (Үлестірмелі материал).
«Бағалау ағашы» арқылы өздерінің бағдарлама материалдары жөнінде білім деңгейлерін анықтайды.
Топ мүшелеріне рефлексия жасау үшін«ашық микрафон» әдісі арқылы коучинг- сессиядан алған әсерлерін, ұсыныс- пікірлерін айтуды ұсынамын. Парақшаларды толтыру арқылы әріптестерден кері байланыс алу.
|
Тыңдаушылар презентацияны көреді және онымен жұмыс істеу арқылы сыныпта білім беруді , жағымды оқу ортасын құру жолдары туралы ойларын айтады
Бейнефильмді тамашалайды. Мүғалімдер сұраққа жауап береді.
Тыңдаушылар тапсырма бойынша іс- әрекет туралы талдайды, дәлелдейді, пікір алмасады.
Қатысушылар «Бағалау ағашындағы» өз орнын белгілейді (өзін-өзі бағалау)
Топ мүшелері рефлексия жазады.
|
Тренер : Жасузакова З.М

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген