Тренин балалармен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренин балалармен

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: Ғажайып түс көбелектері

Тренинг әдіс- тәсілі: ертегі терапия, витраж терапия.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуметін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру.Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыта түсу. Достыққа тәрбиелеу. Қиялын дамыту.

Керекті құралдар:Шыны, графа проектор, бояулар, көбелектер, қорап, қонжық.

Тренинг барысы

Сәлеметсіңдерме балалар!Менің есімім Жанна.Мен сендерге «Жанерке» балабақшасынан қонаққа келдім.Менің балабақшамда да өздеріңдей сүйкімді ұлдар мен қыздар бар, олар сендерге сәлем жолдады.

(Графа проектодан балалардың сәлемін көрсету)

Сендермен кездесуді асыға күттім .Себебі мен кеше бір түс көрдім.Түсімде бір әдемі көбелек келіп «Балдырған» балабақшасында керемет балалар бар, солармен дос бол, Олар өте ақылды.»деп сыбырлап кетті.Расында солай шығар деп сендермен достасуға келдім. Сендер қаррсы емессіңдер ме? Олай болса танысайық. Мен өздеріндей сүйкімді балалар мен танысқаныма қатты қуанып тұрмын. Балалар, бүгінгі тренингке жақсы қатысқан балалар көбелек алады. Тренинг соныңда кім көп көбелек жинағаның санаймыз. Сол бала бұл топтын ең ке ремет зерек баласы болып есептеледі. Олай болса бастайық. Балалар оң қолдарымен жүректерінді ұстандаршы.Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- біріміздің қолымыдан ұстап таратайық.Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің қорықпайтын күшті де епті батыл балалар екендеріңе сенемін.

1.Ойын: Жаңбыр(Графа проектормен)

Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын бойларың өсіп, ақылдарың да көбейеді. Күштерің молайып, кез келген қиындықты жеңе алатын боласыңдар .Сол себепті бүгінгі тренингке саяхатымызға шығар алдында мен сендерді шынығып алуға шақырамын.

1.Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек- кезек алдыға созу).

2.Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).

3.Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады.

(Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).

4.Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр.(Қолды қанатша қағып,отырып- тұру).

5.Жан- жануарлар да ояна бастады.(Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).

6.Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр.(Лотос қимылы)

Жақсы қатысқан балаларға көбелектерін беру

2.Жұмбақ жаңылтпаштар

Сендерге жұмбақ жасырсам таба аласыңдарма?

Өзі нәзік гүлге құмар

Қанаттарын кеңге жаяр

Түрлі түсті әдемі

Бақтарда оны көремін


Жерде жүріп өседі

Ұшып жүріп жетеді

Жаңылтпаш айтып көрейікші

Көк көбелек көп көбелек,

Қонады екен гүлдерге кеп

Көбелегім көбелек

Ұша бердің ебелеп

Көбелегім көлбеңдеп

Суйеді екен гүлді көп.

Жақсы қатысқан балаларға көбелектерін беру.

3. Ертегі тыңдау.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады. Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында керемет көбелектер өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады. Ал түн болғанда оянып жан-жанқта ұшады. Барлық көбелектердің өз міңдеті бар. Бір топ көбелектер жеміс ағаштарына, басқа топ гүлдерге, тағы бір топ саңырауқұлақтарға қамқор болады екен. Оларды шыбын шіркейдер қорғап, әдемі болып өсуін қадағалайды екен. Міне осы көбелектер ішінде түстер кө белектері де бар екен. Әр көбелек өз адамына үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатына гүлдің жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелектер арасында қара көбелектер де өмір сүреді екен. Олар қамқорлық, мейірімділік дегенді жасауды ұнатпаған.

Күндіз көп жақсылық жасап, тәртіпті болған адамдарға түрлі түсті көбелек келіп қанатымен қағып, сол адамға сол адамға жақсы түс сыйласа, ал қара көбелек күндіз жаман қылық жасаған адам дарға барып қанатымен қағып, қорқынышты түстер көрсетеіді.Кейде осы қара көбелек тәртіпті бұзып, барлық адамдарға қорқынышты түс көрсеткісі келеді. Бірақ түрлі түсті көбелектер оған жол бермеуге тырысып, кедергі жасап отырады.Себебі олар жамандық жасап, қорқыныш болдырмау керек екендігін жақсы білетін болған екен. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?Кім неден қорқады?

Балалар сол қорқыныштан арылту үшін біз сендермен қазір сурет саламыз .

Келісесіңдерме?

Олай болса орындарымызға жайғасып отырайық

Балалар витраж әдісі бойынша щыныға сурет салып, суреті жайлы айтып бередіКейін сол суретті сулы шүберекпен сүртіп тастайды.

Жақсы қатысқан балаларға көбелектерін беру

Психолог:Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады.

Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Біз қорқынышымызды жойдық.

Саусақтарымыз шаршаған болар.Оларды шынықтырып алайық. Саусақ жаттығуы

«Өрмекші»

Балалар мен қазір болатын және болмайтын жағдайларды айтамын.Болатын жағдайды айтқанда қол шапалақтаймыз, болмайтын жағдайды айтқанда аяқ топылдатамыз Көбелек гүлге қонады. Көбелек бұлтта өмір сүреді. Көбелек әдемі болады. Көбелек етпен тамақтанады. Түрлі түсті көбелек мейрімді . Көбелек сурет салады. Көбелек терезеге қонады.Көбелек көшеде қыдырып жүр

Жақсы қатысқан балаларға көбелектерін беру

5. Релаксация

Ғажайып сәт(Көбебелектер келіп балалардың қолдарын қолдан жасалған көбелектер жапсырады. Көбелек биін көрсетеді)

Көздерімізді жұмып, музыканы тыңдайық .Көз алдарыңа елестетіп көріңдерші сендер ғажайып бақта жүрміз .Ол жақта керемет гүлдер, ағаштар бар . Иісі керемет, иіскеп көрейікші. Бақта осы гүлдерді мекендейтін керемет көбелектер де бар, олар біздің қолымызға қонып жатыр. Сендерге қуаныш, жақсы түстер сыйлауда. Енді жәймен көзімізді ашып оянайық, Расында ғажайып көбелектер келіп қалған екен. Олар сендерге қандай әдемі көбелек сыйлаған, көрдіңдерме?Ғажайып көбелектер бізге әдемі биін көрсетсін, келіңдер тамашалайық.

Жақсы қатысқан балаларға көбелектерін беру.

6.Қортынды

Психолог: Тренинг басында уәделескендей жинаған көбелектеріңді санап көрейік.Балалар, бүгігі кездесуіміз сендерге ұнадыма? Көбелектер, қорқыныш жайлы не білдік?

Қоштасу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі