400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренин гАлақай, мен 5 - сыныпта оқимын!

Материал туралы қысқаша түсінік
5 - сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Бекенова Жанар Жомартовна


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Феодров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп психологы


Өткізілген күні: 4.11.21.

Сабақтың тақырыбы: Алақай, мен 5 - сыныпта оқимын!

5 - сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ.

.

Сабақтың мақсаты:

5 - сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету.


Сабақтың міндеті:

5 - сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;

Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;

Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;

Қажетті құралдар: дәптер, қалам, карандаш, жұмсақ ойыншық немесе доп.


Жұмыс жоспары:

1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.

2. Топтық ереже қабылдау.

3. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

4. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.

5. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».

6. Қорытындылау.


1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.

Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата - аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.


2. Топтық ереже қабылдау.

Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.

Ашық әңгімелесу

Белсенді болу және әзілдесе білу

бағаламау

сөзді бөлмеу

көп қатынасу


3. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.

«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны...»

«5 - сыныпта мен (менің).... келеді».

Оқушыларға 5 - сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.

5 - сыныпта қандай қиындықтар болды?

Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?

Қандай қызықты оқиғалар болды?


4. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.

Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.

«Менің ойымша, мен...».

«Басқалар мені... ойлайды».

«Мен... болғым келеді».

Әрбір сөйлемге 5 - 6 сөзден жазуға болады.

Сөздер тізімі:

Ұқыпты, белсенді, қонақжай, тәртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, таза, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, мейірімді, сабырлы, жылы жүзді, адал, сыпайы, білімге құштар, кеңпейіл,... т. б.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады.


5. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?»

Балалар ата - аналарымен бірге демалысты елсіз аралда өткізуге көп уақытқа кетіп бара жатырмыз деп ойлауы керек. Ата - аналары балаларына өздерімен бірге чемодан және онда салатын өздеріне ең маңызды деген тек үш нәрсені ғана алуға рұқсат береді. Сіз не алып кетер едіңіз? Сол нәрселерді қағазға жазыңыздар. Әрі қарай балалар тізімді оқып және осы үш нәрсені не үшін таңдап алғандықтарын әңгімелеп беруі керек.


.

6. Қорытынды: Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады, қызығушылығын оятуды және өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мақсатында жүргізілді. Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтті, нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқады. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.12.2021
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі