"Тренинг"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тренинг"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныпжетекшілерге тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ









Шағын сабақ тақырыбы:

«Жүрек жылуы»

коррекциялық ойын-сабақ







Дайындаған: Г.У. Сапарова





















Тақырыбы: «Жүрек жылуы»

Сабақ түрі: Коррекциялық ойын-сабақ

Қатысушылар: 1 – 4 сынып оқушылары

Мақсаты: Мектеп білім алушыларының ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық ерекшеліктерді дамыту, топтағы өзара эмоциялық күйді диагностикалау ерекшелігі және жағымды күйді қалыптастыру, бір-бірлеріне деген, оның ішінде ерекше анаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.

Тренинг барысы

Психологиялық дайындық

- Құрметті, білім алушылар ортаға шеңбер бойымен тұрайық. Қараңыздаршы, біздің шаттық шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар (слайд бойынша дайындалған суреттер көрсетіледі). Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе қолымызды қысып, амандасамыз, қоңырау бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе – құшақтасайық.

Психолог: Білім алушылар, ойын-сабағымызды бастамас бұрын, маған жаңа алыс жақтан бір хат келді. Қане, сол хатта не жазылғанын, соны бәріміз оқып көрейікші. Білім алушылар хатты оқиды: «Сіздердің, ұстаздарыңызды қатыгез сиқыршы сиқырлапты. Ұстаздарға көмектесу үшін менің тапсырмаларымды орындауларыңыз қажет. Егер сіздер барлық тапсырмаларды жақсы орындай алсаңыздар, онда ұстаздарыңыз орталарыңызға, яғни үйге қайтып келеді». Иә, ол сендердің аналарың. Оны қатыгез сиқыршы сиқырлапты. Балалар сендер қатыгез сиқыршының қалай сиқырлайтынын білесіңдер ме? (білім алушылардың жауабы тыңдалады)

Психолог: Ал, енді қараңыздаршы, ұстаздарыңның жүрегі мұз тәрізді қатып қалыпты. Қалай ойлайсыңдар, жүректің мұздай болғаны дұрыс па? Сендер жүрегі мұз болған адамның жүрегін көрсетіңдерші. Ал, енді ұстаздарыңды құтқару үшін мына тапсырмаларды орындауларыңыз қажет.

1 – тапсырма «Жылы жүрек»

Білім алушылар, әрбір адам мейірімді де, инабатты болуы керек. Олай болса, бір-бірімізге жылы жүрек сыйлайық. Мысалы, жұмсақ ойыншықты беру арқылы қасындағы оқушыға жылы бір сөз айтып беру. (Мысалы,Азамат сен – ақылдысың, Айым сен әдемісің). Тамаша, аналарыңның жүрегіне не болғанын қараңдаршы? (Осы жерде жүректің бір бөлігі іленеді) бұл тапсырманы орындаңыздар, енді келесі тапсырмаға көшейік.

2 – тапсырма «Мені түсін» деп аталады

Білім алушылар, мен қазір әрқайсыңызға бір-бірден белгілі бір сөз жазылған қағаздан беремін. Сол қағазда жазылған сөзді сөйлемей, іс-қимылмен көрсетіп бересіздер. Мысалы, «ренжіп тұрған адам», «қуанып тұрған адам», «қарны ашып тұрған адамның» т.б осы тапсырманы орындағаннан кейін, тағы да жүректің бір бөлігі ілінеді. Осыдан кейін бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасаймыз.

«Шатаспа» ойыны

Білім алушылар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенге қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.

3 – тапсырма «Өзіме тілек» жаттығуы

Қатысушылар, сіздер өздеріңізге тілек ойлап табуларыңыз қажет. Осы тренингтен кейін өздеріңізге не тілегілеріңіз келеді? Жарты шеңбердің басында яғни менің оң жағымда тұрған қатысушы өзінің оң жағында тұрған адамға өзіңе ойластырған тілегін дауыстап айтады. Тілекті қабылдаған адам әрі қарай айтып беріп жарты шеңбердің басына тұруы тиіс. Әр адамға өзінің тілегі айналып келген соң жаттығу аяқталады.

4 – тапсырма «Сиқырлы сөздер»

Енді ең соңғы тапсырма қалды, соны орындауларыңыз қажет. Білім алушыларға қағазға өлең шумағы жазылған сөздер қиылған түрде беріледі. Сол сөздерді құрастырса, сиқырдың күшін жоятын өлең шумағы шығады. Әр сөздің арты нөмірленген, сол бойынша сөздерді құрастыруларыңыз керек.

Бүгін біз көп еңбектендік Қиындықты достықпен жеңдік Бірге күресу күш екен Керемет деген осы екен Енді жүректің ең соңғы бөлігі ілінеді. Осы кезде ананың жүрегі жылып, оқушыларға өздерінің жақсы көретіндіктерін видео арқылы көрсетіп, жақсы тілектерін айтады.



Жүректен жүрекке.

Балалар, шеңбер бойына жиналып, төмендегі өлең жолдарын бәріміз қосылып айтып, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлап, амандық тілеп қоштасайық.

Ендеше, менен кейін мына сөздерді қайталаңыздар.

Кел балалар, күлейік! Күлкімен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік.

Қорытындылау.

Құрметті, ойын сабағына қатысушылар, сіздер бүгін үлкен белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осында айтылған әрбір тілек орындалады деп ойлаймын, өмірде тек жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен жүрулеріңізге тілектеспін.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
631
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі