15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тренинг
С.Датұлы атындағы жалпы орта
мектептің педагог психологы Чуренова Молдир
Сауытбаевна
Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!
-
0
Ісім
оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл -
Фараби
Мақсаты: Мамандық таңдауда
жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының
табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу
шеберлігін шыңдау.
Күтілетін
нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау
кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық
таңдап, сол мамандықтың қыр - сырын ұғынуы, ең бастысы
қателеспеудің жолын таңдау керек.
Көрнекілігі: инербелсенді
тақта, батман, маркер, жекелеген карточкалар.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз
2.Мамандықты тап ойыны
3. «Ең жақсы ойыны»
4. Мамандықтар ойыны
5. Әдістеме «Қол- мидың жалғасы»
6.Қорытынды
1. Кіріспе сөз:
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі
мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да
маңызды жұмыстарының бірі болып отыр.
Бала
үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен
бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес,
біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата - анасының ықпалымен «қай
жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын
байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін - өзі танудың әліппесі де,
оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін
жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні
жасөспірімдердің өзін - өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс
бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық
таңдауда оқушыға өз ақыл - ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін
психолог маманның да көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандық
таңдауда қателесуге бола ма?» атты тақырыпта тренинг - сабағын
ұйымдастырып отырмын.
2
«Мамандықты тап»
ойыны.
Тренингке қатысушыларға
карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол
мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек.
Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик
3. «Ең
жақсы ойыны».
Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері,
экономист).
Ең жасыл
............................(эколог, географ, бақташы, гүл
өсіруші).
Ең тәтті
...............................(аспаз,
кондитер).
Ең күлкілі
...........................(клоун,
карикатурашы).
Ең жауапты
........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты
.......................(мұғалім, заңгер).
Ең
қарым-қатынасы күшті
...............(биснесмен).
4. Сіздердің қолдарыңызға: 1-Журналистер, 2-Актерлер, 3-Суретшілер
4-Дизайнерлер,5. Ақындар- деп жазылған қима қағаздар берілген болатын. Осы суреттер бойынша ортаға шығып топтасады.Тапсырмалары беріледі.
(әр топ мамандықтарына сай топтасып, орындықтарға жайғасады)
Естеріңізге салатын жайт:
Тапсырма уақыты шектеулі. Ұжымдасып ойлануға 5 минут, орындауға 3минут
1. Дизайнерлер тобы Киім пішу дизайнер мамандығына тапсырма. Қазіргі заманға сай «Жаңа форматтағы мұғалім киімі» үлгісін ұсыну. Керекті құралдар: плакат, қайшы,түрлі- түсті қағаздар,маталар, лента,скоч, клей, , маркер т.б ұсынғалы отырған үлгіге ат қояды, қорғайды.
Жүргізуші: Рахмет. Он саусағынан өнер тамған, шеберлерге қошемет!
2.«Актер шеберлігі» мамандығына тапсырма.
Сіздерге мамандықтар берілген,сол мамандық бойынша сабақ беретін өздеріңіздің сүйікті мұғалімдеріңіздің жақсы көретін қылықтарын мимкамен көрсету.Ал қалған топтар сол мұғалімді табу керек.
3. «Суретшілер» тобына тапсырма. Шарты:Екі көрші болып, сұқ саусақтарыңызбен қарындашты қыстырып ұстап, осы шақтағы көңіл күйіңізді – табиғатпен бейнелеу.
4. Журналисттер тобына
«Жахандық бинго» ойыны. Журналистер залдағы көрермендерден сұхбат алу керек. Осы парақшаның бірнешесін алып, сұхбат алып толтырады. Бір сұхбат алған адамнан екінші адам алмауы керек. Мысалы: Жайдары.Қай журналист көп сұхбат алады, жеңімпаз.
5.Ақындар тобына. Мұғалімге арнап өлең шығару немесе тақпақтар оқу.
5 Әдістеме «Қол- мидың жалғасы»
Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар.
Қорытынды.
-
Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысы.
-
О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
-
Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз
-
Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
-
Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз- мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
6.Қорытынды
-
Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.
-
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Advertise

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген