Материалдар / тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған тренинг Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту. " Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді " педагогтарға арналған тренинг Мақсаты: Адамдардың бір - бірімен қатынасын оңтайландыру, өзара іс - әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың пікірі, көзқарасымен санаса білу, жеке басты демалдыру арқылы өзіндік талдау жасауын қалыптастыру. Көрнекілігі: Түрлі - түсті қағаздар, бояулар, ақ қағаз, жайлы әуен, гүл, пейзаж. Түрі: Тренинг Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Құрметті әріптестер, қонақтар! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Барлығыңызға сергек көңіл - күй тілеймін. Адамның жан дүниесі – алты құлпының астындағы қазына сарайы тәрізді. Ол мұнда өзінің рухани байлығын сақтайды. Ақылды адамның таза да пәк байлығы күн санап артып, өзінің де, өзгенің де жан дүниесін байытары сөзсіз. Бүгінгі біздің тренингіміз «Сен өзгерсең, сенің әлемің де
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2023
350
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

35 жалпы орта білім беретін мектебі

















« Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді»

Тренинг





Психолог: Абдраимова Г









2022-2023 оқу жылы

Мұғалімдерге арналған тренинг

Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

" Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді " педагогтарға арналған тренинг
Мақсаты: Адамдардың бір - бірімен қатынасын оңтайландыру, өзара іс - әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың пікірі, көзқарасымен санаса білу, жеке басты демалдыру арқылы өзіндік талдау жасауын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті қағаздар, бояулар, ақ қағаз, жайлы әуен, гүл, пейзаж.
Түрі: Тренинг
Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Құрметті әріптестер, қонақтар! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Барлығыңызға сергек көңіл - күй тілеймін.
Адамның жан дүниесі – алты құлпының астындағы қазына сарайы тәрізді. Ол мұнда өзінің рухани байлығын сақтайды.
Ақылды адамның таза да пәк байлығы күн санап артып, өзінің де, өзгенің де жан дүниесін байытары сөзсіз.
Бүгінгі біздің тренингіміз «
Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» деп аталады.

Барысы

1 Сәлемдесу
2. «Мен-үйде» және «Мен-жұмыста» жаттығуы
3. Релаксациялық жаттығу «Әуенді терапия»
4. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы

1 жаттығу. .  І. Сәлемдесу:  «Көрші»-1 минут
Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.
Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз   
Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз
Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде
Бастықты көргенде.

2 жаттығу «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?



3 - жаттығу «Әуенді терапия»
Мақсаты: жаттығуға қатынасушылардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл күйін көтеру.
Көрнекілігі: музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат көріністері бейнеленген сурет.
Уақыты 5 - 7 минут.
Ұйымдастыру кезеңі
А) Қатынасушыларды жайлы орындыққа отырғызып, еркін, ыңғайлы сезінуін қадағалау
Ә) Суретке қарап зер салып, мұқият қарауын өтіну
Б) Әуенді қосар алдында көздерін жұмуы тиіс.
Кіріспе
Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
— Ал, бастаймыз. Музыка қосылады.
— Соқпақ жолмен жүріп келесіз…
— Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз…
— Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді…
— Алма бағы…
Қып - қызыл алмалар қол созым жерде..
Сіз үзіп алып жей бастадыңыз…
Дәмі керемет…

Жеген сайын жегіңіз келеді…
Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз…
Күн кешкірді… Қайту керек… Бақтан шығып жолға түстіңіз… Иығыңызда дорба…
Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. Тастап кетсем бе екен? Деген ой келді…
Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз…
Міне, қалашыққа да жеттіңіз… Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты…
Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз…
Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата - аналары да дән риза…
Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!
Музыка тоқталып, ұстаздар көзін ашады. Өз әсерлерімен бөліседі.

Ескерту: 1) Әрбір сөйлемнен соң міндетті түрде үзіліс жасалынуы тиіс.
2) Психологтың дауыс ырғағы мәнерлі, жағымды шығуы керек.


4.«Күн шуағы» жаттығуы
Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің бейнесі дайындалған. Күннің ішіне және сәулесіне қатысушылар бір біріне өз тілектерін жазады.
Қорытынды: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар
!






































  1. Жаттығудың атауы: «Біздің сурет»

Мақсаты: топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімін, ауызбіршілік, достық сезімдерін арттыру.

Барысы: тренингке қаысушылар екі немесе одан да көп топқа бөлінеді. ( санына байланысты) Әрбір топқа ватман қағаз таратылады.

Жүргізуші: Бүгін біз сіздермен қағаз бетінде саяхатқа шығамыз.Сіздердің әрқайсыларыңыз бұл үшін өз үлестеріңізді қоса аласыздар. Ол үшін әр топтың мүшелері бірінен кейін бірі шығып өз қағазының бетіне сурет салады. Бірақ, мына ережеге бағыну керек: қарындашты (қылқаламды, маркерді т.с.с) қағаздан алуға болмайды. Егер қарындашты қағаздан алса, онда сурет салуын тоқтатты деген сөз. Сонымен қатар, әр топ мүшесіне 10 сек уақыт беріледі. Бұдан артық уақыт сурет сала алмайды. Егер одан қысқа уақытта салып болса, ол жақсы. Мүмкіндігінше шапшаң, жұмыстың соңғы нәтижесін бағаламай-ақ әрекет жасағанымыз абзал. Сіздердің линияларыңыз бір-бірімен ұштасып кетулері мүмкін,ешқандай шек қойылмайды, қарындаштың түстерін ауыстырып тұру өз еріктеріңіз. Ең соңында жұмыс нәтижелеріңізді талдап, қорытындысын шығаруға болады. (Қай топ қалай жұмыс жасады, қандай қиындықтарға тап болды, бұндай жағдайларда не істеуге болады деген сияқты сұрақтарды талдап,қорытынды шығарылады.)




  1. Жаттығу: «Аура»

Мақсаты: Бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, бір-бірін сезіне білуге баулу.

Барысы: Қатысушылар жұп - жұпқа бөлінеді де, қолдарын бір-біріне соза алатындай жағдайда біріне-бірі қарама-қарсы тұрады. Содан соң, көздерін жұмып, оң қолдарын алдына созып, бір-бірінің алақанына алақанын тигізеді. Қолдарын төмен түсіріп,үш рет айналады. Көздерін ашпай қайтадан алақандарын біріне бірін тигізуге тырысады. Кімнің алақаны дәр тиді солар жеңіске жетеді.

Жаттығудың соңынан талдау жұмысы жүргізіледі. (қалай сезінді,қандай қиындықтар кездесті, неліктен алақандары сәйкеспей қалды т.с.с.)

35 жоббм Психологиялық тренинг тақырыбы:

«Мұғалім бейнесі»

Қатысушылар: мектеп педагогтары (жас мамандар)
Мақсаты:  Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру ,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Жұмыс түрі:  топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар:  интерактивті тақта, доп, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынана келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.


Тренинг ережесімен таныстыру.
 1.Өз ойын ашық айту.
 2. Өзгенің пікірін құрметтеу.
 3. Шынайылық.
 4. Белсенді әрекет ету.
 5. Өз сезімін басқара білу.
 6. Уақытпен санасу.



7 жаттығу. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөздер.
Қатысушылар шеңберге тұрып, нұсқаулықты тыңдайды: «Бір-екі  айдың  ішінде егер де Сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл шарды алып «Жұмыста  соңғы  кезде мені  қуантқан...» деген  сөйлемді  аяқтау  керек, ал  егерде  ренжіген  сәттеріңіз  басым  болса, «Жұмыста  соңғы  кезде  мені  ренжіткен...»  қызыл  шарды   алып  осы  сөйлемді  аяқтау  керек.


Рефлексия:
Не ұнады? Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін  3 сөзбен ғана  білдіреді, тілектерін айтады.



Жаттығудың атауы: «Шеңбер бойынша қошеметтеу.»

Мақсаты: топтың эмоционалдық жай-күйін жақсарту, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыру.

Барысы: Жүргізушінің сөзі: Әрқайсыларыңыз өздеріңізді концерт соңындағы сахнада тұрған әртіс ретінде елестетіп, сезініп көріңіздерші. Қалай сезіндіңіздер? Мүмкін ол көрермендердің қошеметтерін құлақтарымен ғана естіп қоймай, бүкіл денесімен,ішкі жан дүниесімен сезінетін шығар. Әрине бұл естен кетпейтін өте жағымды сезім. Біздің тобымыз да өте жақсы, ондағы топ мүшелері, яғни сіздердің әрқайсыларыңыз мақтауға тұрарлық, қошеметке лайықтысыздар. Осы себепті мен сіздерге келесі ойынды ұсынамын: барлығымыз шеңберге тұрайық, бір бастаушы өзі қалаған адамының алдына барып,оған қошемет көрсетеді (қол шапалақтайды). Ал келесі адам онымен еріп,шеңбер бойымен жүріп отырып, өзі қалаған келесі адамға қошемет көрсетеді. Енді осы үшеуі әрі қарай жүріп, келесі адамға қошемет көрсетеді. Осылайша қошемет көрсету жалғаса береді. Қол шапалақ бірте-бірте үдей түседі.


«Сіз қандай адамсыз» тест
Түстерді таңдау арқылы адамға сипаттама беріледі.
Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін анықтау.
Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс - әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез - құлқы батыл мықты адам.
Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз шешімдеріне мықты адамдар.
Сары түс – ақыл - ой, логикалық және аналитикалық түс, көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез - құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын адамдар.
Жасыл түс – адамның өз - өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Таңдап алған адамдар - мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.
Көк түс – байсалдылықтың, қанағатшылдықтың белгісі, жолдастыққа берік. Философияға, психологияға, гуманитарлық пәндерге дарынды.
Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімдік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – өз - өзіне сенімді, рухани байлығы мол адамдар.
Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келетін адамдар.
Қара түс – ақ көңіл, шыншыл адамдар.
Ақ түс – өз мақсатына жетеді, дарынды, әрі мәдениет саласында өнерлі адамдар.

1 - жаттығу «Таныстыру»
Мақсаты: Жаттығуға қатынасушылар өздерінің есімін және өмірлік ұстанымын айтып таныстырады.
Талқылау: Кімнің таныстыруы әсерлі болды? Қай адамның таныстыруынан кейін сол адамның сізге ұқсастығын, жақындығын сездіңіз бе?

2 - жаттығу «Кездесу»
Ішкі және сыртқы шеңбер жасап тұрған мұғалімдер бір - біріне қарап жұптасып тұрады. Жүргізушінің белгісімен қозғала бастайды (сыртқы шеңбер оңға, ішкі шеңбер солға жайлы әуенмен айналады. Әуен тоқтаған кезде олар да тоқтайды.)
Әр жұпқа тапсырма беріледі.
А) Сіздер ұзақ уақыттан соң кездестіңіздер, бұрын өте жақын болмағанмен, жақсы қарым - қатынаста болдыңыздар. Өз сезіміңізді көрсетіңіз…
Ә) Бала кезде жақын дос болдыңыздар. Біреуіңіз басқа қалаға кеткен едіңіз, бір жылдан соң кездестіңдер…
Б) Сіздің алдыңызда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп түр. Көңілін орнықтырыңыз.
В) Мына адам сен үшін өте жағымды іс істеді. Сен оны біліп тұрсың…
Г) Мына адамның керемет ерлігі туралы (рекорд жасады, өлімнен құтқарды) жақында ғана білдің. Міне, енді кездестіңдер.
Д) Мына адамның жолы болмады, бұл – әділетсіздік. Сыр бермей - ақ тұр, ал сен оның ең жақын досысың, оның қандай күйде екенің түсінесің…

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, интерактивті әдіс.
Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.

Тренинг сағаттың барысы:
1. «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғ,ыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

2. «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
(Мұғалімдер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

3. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлық»
Мақсаты: сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу.
Жүру барысы: топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі керек.
Тапсырма: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.
Агрессиялық әрекет:
Сенімсіз әрекет:
Сенімді әрекет:
(Мұғалімдер сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінеде ойнап береді)

4. «Психогеометриялық фигура»
Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».
Талдау:
1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?
2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
3. Қандай әсерлер болды?

6. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық: «Сіздердің алдыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Талдау:
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

7. «Әнді жалғастыр!»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».
1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)
2. «Анашым» (4 жол)
3. «День рождения» (4 жол)
4. «Школный вальс» (4 жол)
5. «Жан досым» (4 жол)

8. «Сен білесің бе?»
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
Сиқырлы қоржындағы, сиқырлы жануарлар мен құстар, жәндіктер.
(Аю, балапан, қоян, жылқы, мысық, ит, қасқыр, түлкі, бүркіт, арыстан, құмырсқа, маймыл, қой, кенгуру, көгершін, балық, тасбақа).
(Әрбір мұғалім өзінің көршісінде сол жануарға тән қасиет бар болса айтады, егер ондай қасиет жоқ болса, келесі көршісіне жалғастырады).
9. Қорытынды. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әнін айту.

Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг

4. «Тиімді қарым-қатынас орнату» жаттығуы.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндалып» жатқанын шешулері керек.

5. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?

6. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

7.«Күн шуағы» жаттығуы 450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!