Материалдар / Тренинг
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг ұстаздармен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2023
179
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жолдыбаева А. С

119 мектеп – лицейінің

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

87783424986

asel0129@mail.ru




Тренинг

Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй жан азығы»

Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Барысы:

1.Сәлемдесу.

2.Анаграммаларды шешу.

3.«Өз жұбынды тап»

4.Оның есесіне мен.....»жаттығуы.

5.«Мюнстерберг» әдістемесі.

6.«Мен -ғажаппын!»

7.«Мен қандай адаммын?»тест

8.Қорытындылау.

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

1.Сәлемдесу.Жаттығу «Мен сізді жақсы көремін,себебі....»

2.Анаграммаларды шешу.(Ойлау қабілетін дамыту.)

Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

МТЕКІЕТҮНСІ (22 слайд) Жауабы: түсініктеме

НАҚТАҒА (23 слайд) Жауабы: қанағат

КЕЛУРИСАПБ (24 слайд) Жауабы: республика

ІРКЕКӨК (25 слайд) Жауабы: көкірек

АҰТЖМЫМАРДЫ (26 слайд) Жауабы: тұжырымдама

ЛҰЫҚСЫР (27 слайд) Жауабы: құрылыс

Өгеркшін (28 слайд) көгершін

Қарғайлаба ( 29 слайд) балқарағай

Дылатқроғна (30 слайд) талдықорған

3.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).

Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.

Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.

Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.

4.«Оның есесіне мен…» жаттығуы

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне … .

— Мен шаршадым, оның есесіне … .

— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне … .

— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне … .

— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне … .

— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .

— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .

— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне … .

— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне … .

— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне … .

— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне … .

— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне … .

— Мен тым толықпын, оның есесіне … .

— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .

— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .

— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне … .

5. «Мюнстерберг» әдістемесі.

Мақсаты: зейін қаблетін дамыту

Уақыты: 5 мин.

Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез

оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.

Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыг

ксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақин

акпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдә

птершлпевоалд................ Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол

ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк

міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасш

6.«Мен –ғажаппын!»

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

Мысалы:

-Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

-Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

-Мен ғажаппын, мен кереметпін.

-Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

-Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

-Мен тамаша жанмын.

-Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

-Мен сабырлымын, салмақтымын.

-Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

-Мен әділетті, адал жанмын.

-Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

-Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

-Менің қолымнан бәрі келеді.

-Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

-Мен үшін өмірдің қызығы мол.

-Мен бәріне ризамын.

-Мен бақытты адаммын.

7.Қорытынды

Сізге бүгінгі тренинг ұнады ма?

Қандай әсер алдыңыз?

Назарларыңызға рахмет!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!