Материалдар / тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг: «Жақсы мамандық сенің болашағың»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
169
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Тренинг тақырыбы: «Жақсы мамандық сенің болашағың»





























Психологиялық тренинг: «Жақсы мамандық сенің болашағың»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру.

Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иес інің қоғамға кері әсерін тигізеді.

Жұмыс түрі: Топтық

Көрнекілігі: Карточка, A3, маркер, қарындаш, жіп.

I.Кіріспе:

Сәлеметсіздер ме оқушылар, бүгінгі тренингке қош келдіңіздер!Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Ат ық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ

  1. Танысу «Мен және менің таңдауым» жаттығуы

  2. «Мамандықтар тізбегі» жаттығуы

  3. «Атом,молекула» жаттығуы.

  4. «Микс» жаттығуы.

  5. «Ең жақсы» жаттығуы

  6. «Өрмекші торы» әдісі

  7. «Мамандық қасиеттері» жаттығу.

  8. Кестемен жұмыс.

Танысу

  1. «Мен және менің таңдауым» жаттығуы

Мақсаты: Тренингтік есім таңдау және болашақ таңдаған мамандығын айту.

  1. «Мамандықтар тізбегі» жаттығуы

Мақсаты: Кез-келген оқушыға бір мамандықты атап, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.

Мысалы: Мұғалім-механик-кондитер т.б

  1. «Атом және молекула»

Ойыны бойынша оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар сынып ішінде атомдар мен молекулалар сияқты еркін қозғалыста болады. Мұғалімнің басқаруымен әртүрлі сандар айтылады. Сол санға сәйкес әр ойыншы бір-біріне жұп таба білу қажет. Мысалы: 3 деген сан айтылғанда 3 ойыншыдан жиналып тұрып қалу қажет.



  1. «МИКС» жаттығуы

Мақсаты: Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау. Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас білдіреді. Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.

(Мен, мамандық, болашақ, отбасы, мектеп, мақсат, арман, ерік-жігер, алға ұмтылу, таңдау.)

  1. «Ең жақсы» жаттығуы

Мақсаты: Қазір сендерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сендер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін жазуларың және атуларың керек.

Мысалы: жануарлармен көп жұмыс істейтін мамандықтар (зоотехник, ветеринар дәрігері, мал өсіруші т.б) Осы тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.

1: ең тәтті мамандықтар

2: ең жауапты мамандықтар

3: ең сабырлы мамандықтар

4: ең спортты мамандықтар

5: ең күлкілі мамандықтар

6: ең ақшалы мамандықтар

  1. «Өрмекші торы» әдісі

Мақсаты: оқушылармен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында жүргізіледі.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бір - біріне әр кім 1 - ші өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының, адам бойына керек емес қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жиып шығады.

  1. «Мамандық қасиеттері» жаттығу.

Психолог нұсқауы: Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиетерді атап беруі қажет. Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол , т.с.с. Сонымен «зергер», «мүсінші» «тергеуші» т.б.

  1. Кестемен жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауда бойындағы қасиеттері арқылы болашақта кім болғысы келетінін анықтау.

Маған ұнайтын мамандықтар


Сол мамандыққа тән менің бойымдағы қасиеттер

Мен болашақта кім болғым келеді?























Кері байланыс: Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі. Тренинг сендерге тиімді болды ма?Қандай мамандық туралы білдің? Өзіңе керекті жаңа ақпарат ала алдың ба?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!