400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг ата-аналармен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүрек жылуы

(педагогикалық тренинг)

Мақсаты: Бала жанұясы мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Қатысқандар: Ата- аналар

Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа технология, презинтациялар.

Кіріспе сөз: Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.

І.Танысу. Амандасу

Психологиялық жаттығу : «Мені білесіздер, білмейсіздер»

Өтілу барысы: Ата-аналармен жақынырақ танысып, өздері туралы қызықты мәліметпен бөлісу.

Педагог: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық

ІІ. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»

Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.

Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.

ІІІ. Ойын « Ата- ана мейірімі».

Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.

ІҮ. Тренинг «Қайшысыз қиған адам бейнесі»

Мақсаты: Тәрбиеші тәрбиеленушілерге білімді барлығына бірдей береді, бірақ бала әр түрлі қабылдайды.

Өтілу барысы: Ата-аналарға ақ парақ таратылады. Сол парақтан адам бейсін шығару керек.

Ү. «Тілек шамы». (Қорытындылау)

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.11.2025
49
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12