400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысында ұйымдастырылатын тренингтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен тренинг

 «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»

Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек, кішкене қызыл жүрекшелер, бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Барысы:

  1. Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша, құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз, балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.

Бүгінгі жиналысының тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» 

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.

Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

  1. І жаттығу: «Біздің топтың жүрегі».

Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.

  1. «Ата-аналар қандай болуы керек?» сұрағына жауап беру

1 Қамқоршы ата - ана .Баласының дене және эмоционалды қажеттіліктерін қанағаттандырып, бала күтімімен айналысады.
2 Беделді ата - ана . Өзіндік беделін сақтай отырып, соның негізінде балаға мәдени құндылықтарды меңгертуге тырысады.
3 Тәрбиеші ата - ана . Отбасында белгілі білім - іскерліктерді меңгерте отырып, баланы оқыту мәселелерімен айналысады.
4 Серіктес ата – ана. Отбасында баламен тең құқықтар негізінде ортақ әрекеттерді орындайды.

  1. Шығармашылық жұмыс

Тәжірибе: Ата-аналарға бұршақ, құмтастар, құм және су беріледі.

Тапсырма: осы аталған заттармен банканың ішін толтыру. Алдымен ата-аналар тәжірибені өз топтарында орындап көреді.  Содан кейін ғана ата-аналардан тәжірибенің мағынасын, нәтижесін сұрау.

Банканың ішін алдымен тастармен толтыру. Одан кейін ас бұршағын салып араластыру, бұршақтар тас арасындағы бос жерлерге орналасады.Оның үстіне құмды, одан кейін суды құю. Су банкадағы құмды ерітіп жібереді.


Мағынасын түсіндіру: «Біздің өміріміз мына банка секілді. Тастар өміріміздегі ең маңызды нәрселер. Жанұямыз, балаларымыз, денсаулығымыз, яғни бізді бақытты ететін нәрселер. Ас бұршақтары жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет, мансап, көлік т.б. Ал құм қалған ұсақ түйектер. Егер банкаға алдымен құмды толтырсақ, онда тасқа да, ас бұршаққа да орын болмас еді. Өмір де дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш жігеріңізді ұсақ түйекке кетірсеңіз, маңызды нәрселер үшін орын қалмайды. Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз. Ең басты сізге не қажет, соған уақыт бөліп, сол мақсат-мүддеңізді орындауға асығыңыз. Ал қалғандары жәй құм ғана. Өмірімізді құм секілді ұсақ-түйекке кетіріп алмай, ең маңызды нәрселердің бірі- бала тәрбиесіне маңызды көңіл бөлейік.»





  1. Рефлексия

«Бақыт» салатының рецептісі

Құрамы: Махаббат (мүмкіндігінше көбірек)

Тосын сый (тек жақсылары мен жаңалары)

Күлкі (тек жолдастық, достық түрі ғана)

Бақыт (шексіз)

Мейірімділік (тіршіліктің барлығына)

Жауапкершілік (әр іске жеткілікті мөлшерде)

Күтім (шексіз)

Дайындалу әдісі: Бар тіршілікке жетерлік мейірімділікке бір уыс махаббат қосыңыз. Осы екі қоспаны мұқият араластырып, бір қасық күлкі, екі қасық күтім мен жауапкершілік салыңыз. Салаттың бетін әдемі тосын сыймен безендіріңіз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі