Тренинг 9-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тренинг 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамадық таңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып
Ата - аналар, оқушылар және мұғалімдер арасында мамандыққа бағыт - бағдар беру кеңес беру.
Тренинг тақырыбы: «Алдымда мың сан таңдау, мың сан тарау»
Мақсаты: Мамандықтар жөнінде мәлімет беру, қажетті мамандықтармен таныса отырып жаңа кәсіп көздерін ашу жолдарын қалай ұйымдастыру керектігін ата - аналармен бірге қарастыру

Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: сұрақ - жауап, жағдаяттық сұрақтар, жоғары деңгейлі сұрақтар, ой қозғау, ойлау арқылы ойлану әдістері
Көрнекі - құралдар: мамандықтар жөнінде қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, бейне роліктер, үлестірмелі бетшелер, ата - аналарға арналған психологиялық тренинг сұрақтары.
Қатысушылар: оқушылар, ата - аналар, мамандар, мектеп - мұғалімдері .
Семинардың жүру барысы
І. Кіріспе
ІІ. «Мен қызығамын»
ІІІ. «Бізден сұрақ, сізден жауап».
ІV. «Жағдаяттық сұрақтар».
V. «Ой түю»
V І. «Еңбекпен тапқан тиін»
VІІ. «Ойлау арқылы ойлану»
VIІІ. Мамандардың кеңесі
IX. Қорытынды
І. Кіріспе
«Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» демекші мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұнын кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.
ІІ. «Мен қызығамын» Әр оқушы,ата-ана өзінің қызығатын және қызықпайтын мамандықтардың атын атайды.
ІІІ. «Бізден сұрақ, сізден жауап».
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
ІV. «Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
V. «Ой түю» Ой салу әдісі бойынша оқушылардың шығармашылығын шыңдау. Оқушылар топқа бөлінеді, әр топқа бір тақырыптан беріледі. Тақырыптар топ арасында талқыланып, мәтіннің моральдік пайымын табады.
1. І топ. «Еңбекпен тапқан тиін»
Ертеде шал мен кемпірдің жалғыз ұлы болыпты. Шал бір күні кемпіріне ойнап жүрген баласын көрсетіп: Кемпірім - ау, біздің баланың түрі, сиқы мынау, мен мұрамды кімге қалдырамын? – деп уайымдайды.
Кемпір мұны естіп алып, баласына әкеңе барып мына тиінді апарып бер, өзім еңбекпен таптым де, - дейді.
Баласы: - Ата, мен мына тиынды еңбекпен таптым – дейді.
Атасы: - Бұл сенің еңбекпен тапқан тиының емес, - деп тиынды отқа лақтырып жібереді. Бала бұған қөңіл бөлмей, ләңгісін ойнауға кетеді.
Жоғары деңгейлі сұрақтар:
1. Атасы неліктен тиынды отқа лақтырып жіберді?
2. Неліктен атасы бұл еңбекпен тапқан тиын емес деп айтты?
3. Ләңгі ойнау еңбекке жатпай ма?
4. Анасы баласына тиын беріп дұрыс жасады ма?
5. Өтіріктің құйрығы бір тұтам дегенге қалай түсінесіз?
2. ІІ топ. «Еңбекпен тапқан тиін»
Анасы ұлына: - Ұлым, сенің кешегі тиының еңбексіз ақша екенін шал біліп қойды. Енді саған мұрасын қалдыруды уайымдап отыр, сен одан да барып жұмыс істеп, ақша тап, - дейді.
Бала кетпен шауып, құдық қазып, ақша табады да әкесіне келіп:
- Әке мен мына тиынды еңбекпен таптым деп әкесіне береді. Әкесі тиынды және де отқа лақтырып жібереді. Оны көрген бала от ішінен тиынын алып:
- Әке, бұл менің еңбекпен тапқан табысым еді, не қылғаныңыз? – дейді.
Сонда әкесі:
- Сендім балам, еңбекпен тапқан екенсің, - деп баласының маңдайынан сүйді.
Жоғары деңгейлі сұрақтар:
1. Неліктен атасы мұрасын баласына қалдыруды уайымдап отыр?
2. Анасы дұрыс бағыт берді ме?
3. Неліктен бала кетпен шауып, құдық қазды? Басқа қандай жұмыстарды атқаруға болатын еді?
4. Бірінші рет лақтырғанда бала неліктен үндемей кете берді, ал екінші рет тиынды отқа лақтырғанда отқа қарай тұра ұмтылды?
5. Әкенің мұрасы балаға азық бола ала ма?
VI. «Ойлау арқылы ойлану» Топтарға суреттер беріледі. Суреттер бойынша өз ойларын айта отырып, жаңа кәсіп көздерін ашу үшін алғашқы қадамдарды жасау және тәуекелге бел буу арқылы қиындықтарды жеңіп шығу жолдарын қарастырады.
Психологиялық кеңестер ұсынамын «Мамандыққа бастар 7 қадам»
1. Қателікке бой алдырмау
Көптеген жағдайда жастар қателесіп, қиялға ерік береді. Біреуді мамандықтың романтикасы тартады, оның үстіне болашақ мамандықпен нақты таныспай, оның кинолық нұсқасына бас ұрып жатады. Кейбіреуі пешенеге жазылған деген сеніммен ата - ана жолын бұлжытпай қуады. Ал келесі біреу жоғарғы оқу орнына мүлде басқа себептермен, мәселен жақсы досынан ажырамас үшін түседі. Тағы бірі алысқа баруға қиынсынып үйіне жақын орналасқан оқу орнына құжаттарын тапсыра салады. Мұның барлығы жөнсіз. Мамандықты таңдау – бұл жеңіл - желпі қарауға болмайтын дүние. Болашағыңыз осымен тікелей байланысты. Керісінше, бұл мәселені шамаңыз келгенше неғұрлым байсалдылықпен шешуге тырысыңыз.
2. Дұрыс көзқарас
Ең алдымен істі терең ойлап, бұл таңдауды өз еркіңізбен жасауыңыз керек. Ата - ана мен достарыңыздың үгітіне бағынбаңыз, бұл олардың емес, сіздің өміріңіз екенін естен шығармағаныңыз абзал.
3. Икемділікті анықтау
Біріншіден, өз қызығушылықтарыңызды бағалап алыңыз. Қандай іспен айналысқыңыз келеді? Сізге мектеп бағдарламасындағы қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен шұғылданғанды ұнатасыз? Адамдармен әсіресе, таныс емес адамдармен байланыс орнату сіз үшін оңай ма? Белгілі қызмет түрін орындай алау икемділігінің өзіндік маңызы зор.
4. Зерделеу
Бастысы өзіңізді тиісінше бағалауыңыз қажет, өзімнен және өз жұмысымнан нені қалаймын, бес жылдан кейін қандай боламын. Барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалана отырып, өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы көп білуге тырысыңыз. Сол немесе басқа мамандық өкілдері айналысатын кәсіпорындар қызметін өз көзіңізбен көріп танысу үшін саяхатқа барыңыз. Теңізші болғыңыз келеді ме? Кемедегі күндермен жақын танысу үшін ата - анаңызды кемемен саяхат жасауға көндіріңіз. Бағдарламашы болғыңыз келеді ме? Онда тек компьютерлік ойындарды қызықтап қана қоймай, қарапайым бағдарламаларды жазуға үйреніңіз. Мысалы: журналист мансабы туралы армандай отырып, газетке атшабар болса да, жұмысқа орналасқан жөн болады. Осылайша сіз журналист кәсібімен іштей танысу мүмкіндігіне ие боласыз. Сол немесе өз мамандықтарды сәйкестігін анықтау кезінде тізбе пайдаланылады.
5. Еңбек нарығындағы жағдайды бағалаңыз.
Ең оңай жол: бос орындар туралы хабарландырулары бар бірнеше басылымдар алыңыз. Интернет желісіндегі жұмысқа орналасуға арналған сайттардан қандай мамандар қажеттігін қараңыз. Осы деректерді салыстыра отырып, қандай жоғары оқу орнына немесе қандай факультетте оқу болашақта пайдалы екендігін анықтауыңызға болады. Алайда нарық сұранысының ауысып отыратындығын естен шығармаған жөн.
6. Мамандардың көмегіне жүгініңіз
Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, немесе психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.
7. Соңғы таңдау
Ақпаратты жинағаннан кейін 5 - 10 ұстанымнан негізгілердің тізімін қараңыз. Содан соң сынақтан өткізілген тәсілді қолданыңыз: бір парақ қағазды алып екі бағанына бөліңіз. Бір - бірден алып тастау әдісін қолданыңыз. Тізімде үш тармақ қалған сәтте қосымша неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп, соңғы шешім шығарыңыз.
Ешқашан өз бағыңызды бөгде жағдайлармен анықтауға мүмкіндік бермеңіз. Бір орында отырып қалмаңыз! Таңдауыңыз табысты болсын. өміріңіздің үштен бір бөлігін сіз үшін тартымсыз жұмыста азаппен өткізу, жұмысқа мүлдем ынтасыз бару, тиісті уақытты жиіркенішпен өткізу – мұндай болашақ сізді қанағаттандырады ма?
Қорытынды кезең
- Мамандық таңдауда қандай факторлардың әсер ететінін байқадық. Сонымен қатар, бүгінгі сабағымызда мамандық таңдау жолының бір адамдарда оңайлықпен өтетінін, екінші адамдарда оның қиын, тіпті бірнеше сатылардан тұратынын, біреулердің өмірден орын таба алмай күйзелген жағдайларын да білдік. Мамандық таңдау жасындағы жастарға көптеген жалған пікірлер әсер етеді. Ол пікірлер жастарды мамандық таңдауда сәтсіздіктерге әкеледі. Сондықтан да: Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, кәсібіңе сай болу!- демекпін,
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.
Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз



Хаттама

Тақырыбы: ««Алдымда мың сан таңдау, мың сан тарау»»


Мақсаты: Мамандықтар жөнінде мәлімет беру, қажетті мамандықтармен таныса отырып жаңа кәсіп көздерін ашу жолдарын қалай ұйымдастыру керектігін ата - аналармен бірге қарастыру

Жұмыс түрі: Кеңес беру

Қатысқаны: 9 –сынып ата-аналары,мұғалімдер.

Өткізілген мерзімі: 16.04.2021ж

Жүргізілуі: Ата-аналарға тапсырмалар мен жаттығулар берілді және рет-ретімен орындалды.

І. Кіріспе
«Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» демекші мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі.

ІІ. «Мен қызығамын» Әр оқушы,ата-ана өзінің қызығатын және қызықпайтын мамандықтардың атын атайды.


ІІІ. «Бізден сұрақ, сізден жауап».
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
ІV. «Жағдаяттық сұрақтар».


1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол

V. «Ой түю» Ой салу әдісі бойынша оқушылардың шығармашылығын шыңдау. Оқушылар топқа бөлінеді, әр топқа бір тақырыптан беріледі. Тақырыптар топ арасында талқыланып, мәтіннің моральдік пайымын табады.


1. І топ. «Еңбекпен тапқан тиін»
Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру.

VI. «Ойлау арқылы ойлану» Топтарға суреттер беріледі. Суреттер бойынша өз ойларын айта отырып, жаңа кәсіп көздерін ашу үшін алғашқы қадамдарды жасау және тәуекелге бел буу арқылы қиындықтарды жеңіп шығу жолдарын қарастырады.
Психологиялық кеңестер ұсынамын «Мамандыққа бастар 7 қадам»
1. Қателікке бой алдырмау

Нәтижесі: ата-аналардың көңіл-күйлері көтеріліп , топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.

Қорытынды кезең
- Мамандық таңдауда қандай факторлардың әсер ететінін байқадық. Сонымен қатар, бүгінгі сабағымызда мамандық таңдау жолының бір адамдарда оңайлықпен өтетінін, екінші адамдарда оның қиын, тіпті бірнеше сатылардан тұратынын, біреулердің өмірден орын таба алмай күйзелген жағдайларын да білдік

Педагог-психолог : Шаймарданова Г.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2025
50
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі