жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тренинг -жаттығу
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.”
Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.
Жиналыстың
барысы:
І бөлім:
Құрметті ата-аналар,
қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі жалпы
ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі
жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне
жанашыр адамдар келді деп ойлаймын.
Өйткені бүгінгі семинарымызда бала
тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі
талқыланатын болады .
Жалпы тәрбие қалай қалыптасады ? қандай факторлар әсер етеді?
Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысының тақырыбын тектен-тек «“Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.” Тақырыбында өткізгелі тұрған жоқпыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек
Құқықтық тәрбие дегеніміз не?
Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл
Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады
Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйреТуге болады
А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады..
Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?
– Әрине бұл Заңдарды білу
Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері білгіленген заңдар – бұл
Бала құқығының Декларациясы
ҚР бала құқықтарытуралы Заңы
ҚР Конституциясы
Білім туралы Заң
Неке жәнеотбасы туралы Заң
Балалар құқығының Конвенциясы
Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс
Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі.Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек» атап көрсетті.
Балаларымыздың бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы мен мектеп серіктестігі қажет.
ІІ бөлім:
Кезекті тренингке берейік.
«Ыстық алақан»
Нұсқау: Біреуіміз ана немесе әке екіншіміз бала боламыз.Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз.Нені сезінетінімізді,еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
– иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
– жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?
– егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз
– егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
– егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
– егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.
) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?
– егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз
– егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
– егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
– егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.
– егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз.
ІІІ бөлім:
Топтарға бөлу (ата-аналар мақал-мәтелдер таңдап алып, тақырыптары бойынша топтарға бөлінеді (Отан, отбасы-тәрбие, еңбек, оқу-білім)
ІV бөлім
Жағдаяттарды талқылау
Жағдаят №1
Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.
Сұрақтары:
Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?
Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
Жағдаят №2
Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.
Сұрақтары:
Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?
Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?
V бөлім.
Полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспекторге сөз беру.
Бибигүл Жумабаевна, осы берілген жағдаяттар бойынша айтатыныңыз бар ма? Тағы да сұрақтарыңыз болса, қоюға болады?
VІ бөлім.
Сергіту жаттығуы.(бейнеролик)
VІІ бөлім.
Жаттығулар бөлімі.
Елбасымыз: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады» дегендей бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – ол отбасы.
Рефлексия “Соңғы сөзді мен айтайын…” (жиналыс басында таңдаған мақал-мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, шағын әңгіме немесе суреттер арқылы)
VІІІ бөлім. Қорытынды.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты. Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
«М.Маметова атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
«Нашақорлық, ішімдік, шылым шегу»
(Тренинг)
Мектеп психологі:Касенова И.А
Ащыбұлақ ауылы 2018-2019 оқу жылы
Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі
Тақырыбы:
"Отбасындағы қолайсыздық - құқық
бұзушылықтың негізгі себебі"
Мақсаты:
Жасөспірімдердің девианттық мінез -
құлық көрсетуіне әкеліп соғатын отбасылық
қолайсыздығының әлеуметтік - психологиялық
ерекшеліктерін анықтау, алдын
алу.
Міндеттері:
1. Жалпы отбасындағы
қолайсыздық түрлерін анықтай отырып,
теориялық мағлұмат беру. 2. Отбасындағы
балалармен дөрекі қарым - қатынас
түрлерін анықтау.
3. Девиантты мінез
- құлық пен отбасы қолайсыздығы мәселелерін
шешудің кейбір жолдарын ұсыну.
І
кезең теориялық кезең.
1. «Қанекей
танысамыз, амандасамыз, жақсы көңіл -
күй сыйлаймыз!»
Шарты: Амандасамыз,
өзімізді таныстырамыз, және көпшілікке
жақсы тілек немесе жақсы сәлем
жолдаймыз!
2. Релаксация.
3. «Тәрбие
- баламен сөйлесумен, оған ақыл - кеңес
берумен ғана шектелмейді. Тәрбие -
тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,
балаға әркімнің өз жеке басы арқылы
үлгі - өнеге көрсетуінде» (А. С.
Макаренко)
“Отбасы – шағын бір
мемлекет. “Cен – премьер, мен –
президентпін” (Қасым Аманжолов)
Шынында
да, отбасы бір шағын мемлекет болса,
онда өмір сүруші халық - балаларымыз.
Сол балаларыңыздың өміріне үңіліп
көрдіңіздер ме...
Өкінішке орай,
кейінгі уақытта ата - аналар қауымының
өз балаларын тәрбиелеуде жасөспірімдердің
арасындағы адамгершілік, ізгілік,
мейірім, намыс секілді құндылықтардың
бағаланбауына жол беріп отыр. Оның
есесіне дөрекілік, жауапкершілікті
сезінбеушілік, қатыгездік, екі жүзділік
тәрізді іс - әрекеттер көрініс табуда.
Бұның зардабын қазіргі таңда кейбір
ата - аналардың өзі тартып отырғаны да
ащы шындық. Кейбір ата - аналар өз
балаларының тәрбиесін уысынан шығарып
алып, көмекке кімге жүгінерін де білмейді,
ал мектеппен байланыс жасауға уақыты
болмайды. Содан кейін ата - ана өз
міндеттерін орындау барысында жіберілген
кемшілігін қоғамға және білім беру
мекемелеріне арта салады. Ал бірақ,
негізі психологиялық ахуал отбасына
байланысты екенін ата - аналар түсіне
білсе, “әттеген - ай” деген жағдайлар
аз болар ма еді?!
1
- бөлім: «Сіз қандай ата - анасыз?»
1.
Бала тәрбиесінде отбасының ықпалы зор
ма, әлде мектептің ықпалы зор ма?
2.
Отбасында қандай тәрбие стилін
қолданасыз?
3. Сіздің ойыңызша бойыңызда
қандай жақсы қасиеттер бар?
Тəрбие
стиліне орай отбасы:
1. Əкімшілдік
(авторитарлық) қатынас түрі (балада
қорқыныш пен қорғансыздық сезімі)
2.
Адамгершілікті (демократтық) қатынас
түрі (балада шығармашыл ынтасының дамуы,
өз қадір мәртебесін сезінуі)
3.
Либералды қатынас түрі (балада
жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне
бастау) 4. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай
түсінесіз?
5. «Балаларды теріс
әрекеттері үшін жазалаудың керегі бар
ма?»
Девиантты мінез - құлықтың
көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету,
алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез - құлық,
суицид т. б. жатады
6. Отбасындағы
қандай келеңсіздіктер балаларды құқық
бұзушылыққа итермелейді?
2
- бөлім: Ситуациялық сұрақтар
1.«Балаңыз
16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі
кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз
оған ұялы телефон сатып алып бердіңіз.
Енді ол оны айналшақтап, қолынан
тастамайды. Тамақтанса да, теледидар
алдында да, тіпті сабаққа дайындалып
отырған кезде де үнемі алаңдап отырады.
Сіздің әрекетіңіз қандай болар
еді?»
2.“Үйге қонақ келейін деп сіз
дайындық үстіндесіз. Балаңыз ата - аналар
жиналысына міндетті түрде баруыңыз
керек екенін айтты. Не істейсіз?”
3.
“Сіздің сыныбыңызда толық емес отбасының
баласы оқиды, оқушының киім киісі жұпыны,
өзіне сенімсіз, тұйық. Сынып жетекші
ретінде сіздің әрекетіңіз...”
3
бөлім. «Отбасылық оқиға»
Мысалы,
анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз
үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып
қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді.
Отбасы не істейтінін шешуі қажет.
Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы
мүшесінің қалауын анықтап алуға болады.
Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді,
әкесі мұны қаламайды, өйткені оның
қалада жақсы жұмысы бар. Үлкен ұлының
да барғысы келмейді, өйткені оқуға
түспек ойы бар, кіші ұлы барғысы келеді,
себебі жазда шомылуға болады, қыста
шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім
қабылдауға көп ықпал еткен кім болды,
“отбасы” ортақ пікірге келе алды ма?.
Рефлекция.
Тақырыбы:
«Өз құқығыңды білесің бе?»
Сабақтың
мақсаты: - Адам құқықтарын сақтау, өз
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға
дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
-
Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға,
өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және
проблемалық сұрақтар арқылы олардың
ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін
арттыру.
-Заңды сыйлайтын тұлғаны
қалыптастыру. Өз болашағына жауапкершілікпен
қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:
ойын, тренинг – сабағы.
1. «Қызықты
сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап
береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен
келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б)
Білім туралы мақал айт.
в) 1-
қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г)
Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
2.
«Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған
сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап
береді)
а) Біздің мемлекет –
ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ
тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз
– әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда –
Астана.
г) ҚР кім басқарады? –
Президент.
Мұғалім: –
Әлемде
1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу
кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық
тұжырымдама» дайындау жөнінде топ
құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында
Тұжырымдама әлем балаларының құқығын
қорғау туралы және оларға тәрбие беру
жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды
құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір
баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті
тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және
оның құқығын мойындайды
Тұжырымдама
деген не?»
Тұжырымдама дегеніміз
– келісім, шарт.
Халықаралық
келісімдердің кең тараған түрі.
18
жасқа толмаған әрбір адам бала болып
есептеледі. Тұжырымдамадада балалар
жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге
алынады, осы сәттен бастап өзіне есім
және азаматтық алуға құқылы деп көрсетеді.
Тұжырымдамада бірде – бір баланың жеке
отбасылық өмірі мен тұрғын үй меншігіне,
хат хабар құпиясына басқа біреулер өз
бетінше және заңсыз қол сұға алмайды
дей келе, бірде – бір баланың ар –
намысын аяққа таптайтын айуандық
қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты
жаза түрлеріне жол берілмейді –
делінген.Тұжырымдама Адам құқығын
құрметтеуге, баланы ата – анасына,
олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын
елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға,
табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу
- жөнінде айтылған.
Сонымен біздің
қандай құқығымыз бар екен?
- Баланың
аман – сау өсіп, жетілуін қамтамасыз
етілуі.
- Баланың жеке отбасылық
өміріне қол сұғылмайды.
-Бала
дүниеге келе салысымен өзіне есім
алады.
-Баланың өз пікірін еркін
білдіруге қақысы бар екенін.
-Егер
бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау
түрлеріне жол берілмейді.
Мұғалім:Сендер
сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы
адамдардың барлығы бір заңға бағынады.
Ол – конституция деп аталады. Әр елдің,
мемлекеттің өз азаматтарына арналған
Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда
біздің құқықтарымыз ғана емес,
міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның
дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың,
сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім
алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің
де міндетің де бар. Ол – сен орта білім
алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп,
жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім
алып, тәртіпті, саналы азамат болып,
өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін
жасалған.
Қазақстан Республикасының
азаматтарының міндеттері:
1.
Заңдарға бағыну.
2. Басқа азаматтардың
құқықтарын, бас бостандықтарын, арын
құрметтеу.
3. Мемлекеттік рәміздерін
құрметтеу.
4. Қаржы, салықтарды
төлеу.
5. Тарихи және мәдени
байлықтарды сақтау.6. Табиғатты және
табиғи байлықтарды сақтау.7. Ата –
аналардың балаларына қамқорлық етуі,
балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін
орындау.
8. Орта мектеп білімін
алу.
9. Қазақстан Республикасын
қорғау.
Міне, Құрметті оқушылар!
Тұжырымдама сендердің жан – жақты
қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат
тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы
– олардың жеке басының дамуы, ақыл –
ойы, таланты өсуі қажет деп
көрсетеді. tarbie.at.ua сайтынан
Сен өз құқығыңды білесің бе? Құқықтан
ашық сабақтар материалды тегін жүктеп
сабақ барысында қолдануға рұқсат
етіледі. Жарияланған материалға
tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты
емес
Авторы: Озықанова Әсем Озықанқызы
ТАҚЫРЫБЫ «НАШАКОРЛЫҚ, ІШІМДІК, ШЫЛЫМ ШЕГУ.
Мақсаты: Жасөспірімге нашақорлық;, ішімдік, темекі шегу проблемаларын сезінуне көмектесу және қорғаныс дағдысын өндіру.
8,9,10,11 сынып оқұшыларын «Жеміс арқылы»төрт топқа бөлу (4-5 адамнан)
Жаттығу : «Балалық шағымда»
Мақсаты: Топ арасында сенімдік қатынасты қалыптастыру, мамандық таңдауға қызығушылық ояту.
Әр бала 3 минут ішінде берілген карточкаларға балалық шағында кім болғысы келген себептерін жазу керек .Жүргізуші карточкаларды араластырып, балаларға таратып береді.Әр бала қолына түскен белгісіз автордың бейнесіне кіріп карточкадағы жазуды толықтыру қажет.
Жаттығу : «Социометрия»
Мақсаты: Балаларға бір-бірімен жақынырақ танысып сенімділік атмосферасын орнату.
Қатысушылар бөлме ішінде еркін жүріді.Жүргізуші тапсырма береді.Бір көшеде туратындар бір-бірін табуы қажет, бір жыл мезгілінде туылғандар бір-бірін табуы қажет кімнің есімі бес әріптен тұрады бір –бірін табу қажет.
«Миға шабылу.»
9 сынып «Нашақорлық»
10 сынып «Ішімдік»
11 сынып «Темекі шегу»
Балалар өз тақырыбына қатысты жауап береді.
Сұрақтар.
Бірінші топқа
1.Нашақорлықтың себептері.
2.Нашақорлықтын салдары (неге алып келеді
3.Нашақорлықтан қорғану жолдары
4.Нашақорлықтан емделу .
Екінші топқа
1.Ішімдіктің себептері.
2.Ішімдіктің салдары.
3.Ішімдіктен қорғану жолдары.
4.Ішімдіктен емделу .
Үшінші топқа
1.Темекі шегудің себептері.
2.Темекі шегудің салдары.
3.Темекі шегуден қорғану.
4.Темекі шегуден құтылу.
Жаттығу: « Тостар»
Мақсаты: Ойын түрінде еліктеу жағдаятын зерттеу .Жасөспіріммен талдау арқылы бас тартуға үйтету.
Балаларға нашақорлыққа , темекі шегуге, ішімдікке 5, сылтау табу керек .сол 5 сылтауға 5 бастарту сылтауын табу керек.
Жалпы талдауда балаларға қойылатын сұрақтар:
Қандай бастартулар сіздерге сенерлік, көңілге қонарлық болды?
Бастартуға ішіңізден не көмектесті?
Жаттығу: «Нашақор адамның, ішкіш адамның, темекі шегетін адамның сүретті»
Мақсаты: Балалардың тәуелділік жағдайын теренірек сезінуі.
Қатысушыларға ақ парақпен карандаш таратып беру қажет.Жүргізуші
-Нашақор адамның, ішкіш адамның, темекі шегетін адамның суреттін салыңыздар.Бул тек адам бейнесі болуы міндетті емес,тек қана суретте көз алдыңызға елестеген сезімді суреттеңіз.Жұмысты аяқтағаннан соң балалар алған әсерлерімен бөліседі.
Талдау аяқталғаннан соң қонкурс өткізіледі.Бөлменің ортасына сауытты қойып, тең
қашықтан суретті ұйпалақтап сауытқа туралап лақтыру керек.
Жаттығу «Шеңбер сыртында»
Мақсатты: Терең дискриминацияның терең себептерін ұғыну.
Бөлмеде еркін жіріп, жүргізушінің сұранысы бойынша әр адам өзіне сыңар тауып үлкен шеңбер құру керек,қалып қалған адам шеңберге ұмтылуы қажет, ал шеңберді құрған адамдар оны шеңберге кіргізбеуге тырысу керек.
Ойынның соңында қаттысушылар сезімдерімен бөліседі
1.Нашақорлықтың себептері.
2.Нашақорлықтын салдары /неге алып келеді/
3.Нашақорлықтан қорғану жолдары
4.Нашақорлықтан емделу
1.Ішімдіктің себептері.
2.Ішімдіктін салдары.
3.Ішімдіктен қорғану жолдары.
4.Ішімдіктен
1.Темекі шегудің себептері.
2.Темекі шегудің салдары.
3.Темекі шегуден қорғану.
4.Темекі шегуден құтылу.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген