Материалдар / Тренинг -сабақ "100% жауапкершілік. Бақыт мекені"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг -сабақ "100% жауапкершілік. Бақыт мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Отбасы - бақыт мекені. Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. 2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: 1. Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек. 2. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек. 3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек. Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап . Көрнекі құралдар: отбасы туралы, нақыл сөздер, слайд. І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңбері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2019
960
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Отбасы - бақыт мекені.
Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

    2. Оқушылардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
1
. Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
2. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы, нақыл сөздер, слайд.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері

 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?

   Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

ІІ. Мұғалім сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Ендеше бүгінгі тренинг сабағымызды ”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздермен ашсақ.

Байлаулы бала жаттығуы

Егер үйде құмыраны абайсызда әкесі сындырып алса, онда үйге «бақыт» келді дейді, ал баласы сындырып алса, «олақсың» деп жазғырады (баланың қолын байлау)

Баласы киноға барамын, достарыммен қыдырамын десе, «бармайсың» деп тыйым салады (аяғын байлау)

Теледидар көргім келеді, компьютерде ойнағым келеді десе, «балаларға көруге болмайды» деп шектеу қоямыз (көзін байлау)

Мені мектепке шақырып жатыр, сізге де келсін деген десе, «аузыңды жап» деп сөйлетпейміз (аузын байлау)

Қалай ойлайсыздар, бұл бала өзін қалай сезініп отыр?

Осы көріністі қорытындылайық, біз балаға осылай қол-аяғын байлап жатқан жоқпыз ба?

Бала бар жылулық пен бақытты отбасынан алады десек, сол бала түйсігіндегі отбасы сөзінің анықтамасы қандай екен балалардан сұрайық.

Отбасы –(бақыт мекені), ата –ана, бала т.с.с жауаптар тыңдалады.

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

Балаларға сұрақтар:

  1. Ата-анаңыз мектепте қалай оқыған? /жақсы, өте жақсы, орташа/

  2. Ата-анаңыз қандай мамандық иесі болуды армандады?

  3. Ата-анаңыздың толық жасы нешеде?

  4. Анаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  5. Ата-анаңыз қандай телехабарларды көргенді жақсы көреді?

  6. Ата анаңыз некелескенде неше жаста еді?

  7. Менің әкемнің әйелінің әкесі маған -?

  8. Анаңның сүйіп көретін сериалы?

  9. Әкеңіздің жақсы көретін түсі?

  10. Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

Өмірде үш нәрсе………….. тақырыбында кластер жасау.
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік

(Үйдің іргетасын жапсыру)

Бейджик номери бойынша жұптасу.

Бірлік жаттығуы

  1. Сурет салу.

  2. (Қандай қиындықтар кездесті немесе керісінше)

  3. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында бала әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі» Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

  4. Тапсырма сіздердің отбасында әке мен баланың байланысы, әке туралы мақал-мәтел. 30 секунд

(үйдің қабырғасы қаланады.)

ІІІ. Топтық жұмыс.

Бейджик номери бойынша топтасу.

 Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.  Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер.  Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесіз бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да.

Сұрақ: Ата - Ана өз тарапынан кеткен қателіктерге не себепті тоқталды деп ойлайсыздар?

Отбасындағы татулық пен бірліктің сақталуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Постер қорғау.

Қорытынды: Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

«Тілек шамы» жаттығуы.

Біз бүгін сіздермен отбасындағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы зор екенін білеміз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Әке – білек, саусағы – балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары,

Ана - тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады, - дей келе Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.







.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!