400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Тренинг " Сенімділік күш береді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірге сенімді қадам басу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі









Сенімділік күш береді

(11 сынып тренинг)



Орындаған: Есім А.Қ.


































Арқалық қаласы.

Тақырыбы: Сенімділік күш береді.

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ ға дайындық кезіндегі сенімділігін мінез - құлық эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.

 Ұйымдастыру кезеңі

1. Тренингтің тақырыбы мен  ережелерімен таныстыру.

Оқушылар бүгін бізде «Сенімділік күш береді» атты тренинг сабақ өтеді. Тренингімізді бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен танысып алайық.


Ереже:

  • Белсенді қатысу;

  • Тыныштық сақтау;

  • Бірін-бірі тыңдау,

  • Ойын ашық айту;


Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады. Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз.

Әдіс тәсілдері: сұрақ –жауап,топпен жұмыс,ойын, 

Құрметті оқушылар, бүгін сіздердің көңіл- күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір –бірімізбен сыйластық қарым –қатынаста болуға ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Пікірлесейік

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесіздер?

  • Өзіңізге сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма?


Топпен жұмыс. Жаттығу «Сенімді – сенімсіз»

Мақсаты: Оқушылардың «сенімділік» сөзіне терең үңіліп, ой жүгіртулеріне ықпал жасау

Нұсқау: 1топ – сенімді адамның портреті (мінез-құлқы)

2топ – сенімсіз адамның портреті (мінез-құлқы)

3топ – адам өзіне сенімділігін арттыру үшін қандай әрекеттер жасауы керек?

(Әр топ өз ойларын постерлерге жазып, топпен қорғау)


Жаттығу «Мен саған сенімдімін»

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.

Ойыншылар жұп болып біріігіп, бір-біріне қарам-қарсы қарап, үнсіз уақыттан кейін кезекпен мынадай сөздерді аяқтау.

  • «Мен саған сенімдімін, сен.....»

Талдау: сөйлемді аяқтау оңай болды ма, әлде қиын болды ма? Сыныптастарыңа сенім арта алдың ба?

Сілкіп таста жаттығуы.

Мақсаты: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін.Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегінізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер.Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: Мен ақылдымын. Менің жаным тыныш. Мен қиындықтан қорықпаймын. Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді. Маған сенімділік күш береді. Мен дайынмын.

Сезініңіздер , сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін.


«Мен саған сенімдімін» жаттығуы.

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту, оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін білдіру арқылы сенімділіктерін арттыру.

Нұсқау оқушыларға парақ таратылады. Параққа үнсіз уақыттан кейін кезекпен мынадай фразалы сөзді аяқтау. «Мен саған сенімдімін, сен....» жазу тапсырылады, парақ екінші адамның арқасына түйреліп, досы оның бойындағы жақсы сенімділігін арттыратындай қасиеттерін жазып шығады.

Қорытынды: Өзіңіз жайлы жақсы сөздерді оқығанда қандай сезімде болдыңыз? Сізге тапсырманы орындауда қиынтық тудыма?

Талдау: Әр қайсысына жеке жеке қандай жақсы қасиеттерін достары жазғанын оқытып талдау. Сөйлемді аяқтау қиын болдыма? Сенімді сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіңдіңіз?


Біздің сүйікті де қымбатты оқушымыз!

Біз саған хат жазып отырмыз. Сен Ұлттық Бірыңғай тестін өте жақсы тапсыруды армандайтын Қазақстанның беделді жоғары оқу орнында оқуды қалайтын мектеп бітірушісісің.

Қазір сенде қорқыныш бар. Ол –”Мен ҰБТ тапсыра алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмаймын ба деген қорқыныш”

Біз үшін “Қорқатын еш нәрсе жоқ . Сен мықтысың ,білімдісің. Сондықтан ҰБТ-ны жақсы тапсырасың! Ал егер тапсыра алмай қалсаң, біз сені жақсы көретін, саған көмектесетін, сені түсінетін адамың екенімізді ұмытпа! Алайда, сен міндетті түрде тапсырасың!” Осы сөздерді есте сақтап, жүрегіңде қалдыр. Өз күшіңді сезінудің өзі күш беретінін, ұмытпа. Сендерге қолдау көрсетіп, сенетін,сыйлайтын, жақсы көретін ұстаздарың және ата аналарың.Сенің қолыннан бәрі де келеді.


«Майшам» жаттығуы
Оқушылар дөңгелене отырып, қолдарындағы майшамды көршілеріне беру арқылы,бір-біріне алдағы ҰБТ жақсы тапсырып, аңсаған армандарына жету үшін әр уақытта өмір жолдарының ашық,жарқын болуларына сәттіліктерін тіледі.
Тренинг соңында барлық оқушылар «ҰБТ-да жетістікке жетейік!»



Рефлекция кері байланыс:

Бүгін мен ________білдім.

Маған ______қызықты болды.

Мен бүгінгі сабақтан не алдым, не білдім.


Сұрақ жауап Кейде жасағым келіп, бірақ батылым бармай жатқан кездер көп болып жатады. Өзгелер ол жайлы не ойлайды екен деп, біреудің ойын маңызды санап, нақты шешім қабылдау қиынға соғады. Өзіме деген сенімділікті қалай арттыруға болады. Ондай жағдайда не істегенім дұрыс?

Адамдардың не дегені маңызды емес, өзіңе сенімділікті арттыруға біреуідің жазбасы да көмектеспейді егер өзіңде ұмтылыс пен өз – өзіңе сенімділік болмаса сол себепті бірінші орынға біреуді емес өзіңді қоя біл сонда бәрі сен қалағандай болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі